ar
Feedback
Dauletten

Dauletten

قناة بسيطة

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

إظهار المزيد
2025 عام في الأرقامsnowflakes fon
card fon
378 145
المشتركون
-25924 ساعات
-1 9307 أيام
-5 35830 أيام
أرشيف المشاركات
Photo unavailable
😍Керемет мүмкіндік! Фридомға Шәміл арқылы тіркеліп, «Акционер бол» live сабағына ТЕГІН қатысыңыз! Ол үшін тез арада ватсапқа өтіп, тіркелу нұсқаулығын алыңыз👇 Wa.me/77755047390
إظهار الكل...
44👎 15
💳Жаңа ереже: картаны тек иесі ғана қолдана алады Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова банктік карталарға қатысты жаңа талаптарды түсіндірді. 🔐Соңғы жылдары бір адамның атына жүздеген карта рәсімделіп, оларды алаяқтар мен дропперлер пайдаланған. Соның алдын алу үшін: • енді бір адамға бір банкте 10 картадан артық берілмейді; • картаны тек өзінің иесі ғана қолдана алады. 👩‍👩‍👦Тіпті ерлі-зайыптылар да бір-бірінің картасынан ақша ала алмайды. Бұл верификацияны күшейту үшін жасалған қадам. «Карта кімнің атына рәсімделсе, сол адам ғана пайдалануы тиіс» – дейді Әбілқасымова. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
87👍 81👎 16🤬 6👀 3🤗 2🤝 1
Photo unavailable
Америкалық BlackRock Freedom Holding Corp. компаниясының екінші ірі акционері атанды Әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі BlackRock FRHC акциясына 89 млн АҚШ долларын салып, иелік үлесін 0,84%-ға дейін арттырды. Осылайша, BlackRock компанияның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директор Тимур Турловтан кейінгі екінші ірі акционер болды. Bloomberg деректеріне сәйкес, соңғы есепті кезеңде BlackRock қосымша 443 965 акция сатып алып, жалпы портфелін 520 565 акцияға жеткізді. BlackRock-пен қатар Freedom Holding Corp.-тың халықаралық институционалдық инвесторлары арасында State Street Corp., Geode Capital Management, Millennium Management, Morgan Stanley, Tudor Investment Corp., Vanguard және басқа да ұйымдар бар. «Біз жаһандық институционалдық инвесторлардың тарапынан сұраныстың артып жатқанына қуаныштымыз. BlackRock сияқты серіктестің қатысуы біздің бизнесіміздің тұрақтылығын және Freedom Holding компаниясының халықаралық нарықтардағы стратегиялық әлеуетін дәлелдейді», — деді Тимур Турлов. BlackRock, Inc. 1988 жылы Нью-Йоркте құрылған. 2025 жылғы жағдай бойынша компания 12,5 трлн АҚШ долларынан асатын активтерді басқарады. Ол әсіресе ETF iShares қоры және Aladdin технологиялық платформасымен танымал. *серіктестік материал ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
56👀 15🔥 5😎 3
Photo unavailable
👨‍👩‍👧‍👦Жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік көмек тоқтатылуы мүмкін Еңбек министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, егер отбасының жан басына шаққандағы табысы шамамен 200 мың теңгеден асса, бірнеше пәтері мен көлігі болса – мұндай отбасылар әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілген саналып, мемлекеттен қосымша қолдау алмайды. ❌Яғни, мектеп формасы, сөмке, кеңсе тауарлары сияқты көмек түрлері берілмейді. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
👎 208👍 145😁 62 54🤬 42🤔 20👀 14👏 4
Photo unavailable
Психологиялық тест: МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫҢЫЗ ҚАНДАЙ? Психологиялық тест өзіңізді жақсырақ түсінуге, ерекшелігіңізді табуға, мінезіңіздің қандай екенін анықтауға көмектеседі. Алдымен суретке мұқият қараңыз! Көп ойланбастан, бірден көзіңізге түскен жануарды анықтаңыз. Жауабын көру үшін үстін басыңыз👇 🦅ҚҰС Егер сіз бірден құсты көрсеңіз, онда өмірге жеңіл қарайтын, еркін адамсыз. Ойлау қабілетіңіз ерекше. Өмірде кездесетін түрлі өзгерістерденқорықпайсыз. Өзіңізді дамыту үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүресіз. Сіздің энергияңыз өзіңізге ғана емес, басқаларға да жетеді. Айналаңызға көтеріңкі көңіл-күй мен күш-қуат сыйлаудың шеберісіз.   БҰҒЫ Егер сіз ең бірінші бұғыны көрсеңіз, өте сезімтал жансыз. Бейтаныс жандармен оңай танысасыз, тез тіл табысасыз. Қамқорсыз, мейірімдісіз. Адамдардың жандүниесін, жан жарасын тез түсініп қоясыз. Интуицияңыз мықты дамыған. Сондықтан кез келген қиындықтан қорықпайсыз, ішкі түйсігіңізге сенесіз. 🦒КЕРІК (ЖИРАФ) Егер сіз керікті көрсеңіз, табанды әрі тапқыр адамсыз. Кел келген жағдайды ақылмен шеше аласыз. Өзіңізге деген сенімділік пен мақсатшыл мінезіңіздің арқасында көптеген проблеманы дер кезінде шешесіз. Қызықты, жан-жақты, білімқұмар адамдармен дос болған ұнайды. 🦏МҮЙІЗТҰМСЫҚ (НОСОРОГ) Мүйізтұмсықты көрген адамдар – мықты, қайсар жандар. Қиындықтан қорықпайды, өзіне сенімді, сөзіне де, ісіне де жауапты. Кез келген шаруаны өз уақытында тындырып тастағанды жақсы көреді. Өмірде өзіне не керегін жақсы біледі. 🦊ТҮЛКІ Егер сіз ең бірінші түлкіні көрсеңіз, әрбір қадамын ақылмен басатын, керек жерінде қулықты да іске қосатын епті адамсыз. Түрлі жағдайдан түлкі сияқты бұлғаң етіп тез шығып кете аласыз. Қайғырып, мұңайып отыру сізге жат нәрсе. Тек қана шешім іздейсіз. Қиындықтардан қиналмай, қиындатпай жылдам шығасыз. 🐘ПІЛ Сіз байсалды әрі ақылды мінезіңізбен ерекшесіз. Қиын жағдайдың өзінде сабыр сақтай аласыз. Үнемі даму жолындасыз. Шыдамдылық, басқаларға деген түсіністік – сіздің басты артықшылығыңыз. Ұжымда да жұмылған жұдырықтай еңбек етесіз. 🐺ҚАСҚЫР Cіз өте белсенді, іскер адамсыз. Мақсатшыл, тәуекелшіл, қиындықтан қорықпайтын батылсыз. Тартымдылығыңыздың арқасында топ жарып жүресіз. Тіпті мықты тұлғалардың өзі сіздің соңыңыздан еруі мүмкін. 🐆ҚАБЫЛАН (ЛЕОПАРД) Егер назарыңызды қабылан аударса, онда сіз жүректі, жігерлі және тәуекелі мол адамсыз. Ештеңеден қорықпайсыз. Өзіңізді қайрап, алдыңызға қиын мақсаттар қоясыз. Және соған жетесіз де. Жылдам ойланып, жылдам әрекет жасайсыз. 🐐ТАУТЕКЕ Таутеке бірінші көзіңізге түссе, айтқанынан қайтпайтын қайсар, табанды, бірбеткей адамсыз. Шулы ортадан гөрі, оқшау жүргенді жақсы көресіз. Жалғыз жүргенде жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз туралы ойланасыз. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізді әділетті мінезіңіз бен адалдығыңыз үшін бағалайды. Қаншалықты тура келді? Пікірге жаза кетіңіз⬇️ ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
358👍 251🔥 34💯 17👏 9🙏 6👀 6🥰 2😁 1
🇰🇿1 қыркүйектен бастап Қазақстанда бірқатар өзгерістер күшіне енеді 📌Айыппұлдар → қоғамдық жұмыстар Ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау, мас күйде жүру секілді тәртіп бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына 20–80 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі. 📌Зейнетақы Зейнетке шыққанда төлемдер автоматты түрде тағайындалады. Сонымен қатар: • кейбір табыстардан жарна ұстамайды; • жерлеу төлемі қарастырылған; • шоттағы қалған қаражат отбасыға беріледі. 📌Студенттердің стипендиясы • Бакалавриат – 52 372 тг • Педагогикалық бағыт – 84 000 тг • Магистратура – 117 098 тг • Докторантура – 262 500 тг 📌Колледж 9-сыныптан кейін жұмысшы мамандықтарын тегін оқуға болады. 📌Мектеп – Жеке қауіпсіздік сабақтары қайта енгізіледі; – Оқу бағдарламасына жасанды интеллект қосылады; – Ас мәзірінде қант пен тұз азаяды. 📌Мобильді аударымдар 3 айда әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым түсіп, жалпы сома 1 млн теңгеден асса – кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады. 📌Мемлекеттік қызметкерлер 15 қыркүйекке дейін AITU ұлттық мессенджеріне көшуі тиіс. 📌Тұрғын үй төлемдері «Үйді күтіп-ұстау» жарнасы енді үшке бөлінеді: ағымдағы, жинақтаушы және мақсатты. 📌Жеке кәсіпкерлік 15 қыркүйектен бастап тұрақты жалдамалысы бар немесе табысы 1,4 млн теңгеден асатындар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. 📌Ескі 5000 тг 2011 жылғы 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін жарамды. Кейін банктер мен Қазпоштада 3 жыл, ал Ұлттық банкте мерзімсіз жаңа банкноттарға айырбастауға болады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
169👍 45👀 20🤔 9👎 8🤝 8👌 5🫡 3🔥 2😎 2
🔔Бүгін – Білім күні. Күздің алғашқы күні! 📚Биылғы оқу жылында 341 мың оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. 🎊Жаңа оқу жылы құтты болсын! Барлық ұстаздар мен оқушыларға толағай табыстар мен сәттілік тілейміз! ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
👍 181 86👏 38🔥 4💔 3
Photo unavailable
💸24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы 5000 теңгелік купюралар саудада жүрмейді 24 қыркүйекке дейін ескі және жаңа үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар қатар қолданылады, дүкендер мен қызмет көрсету орындары оларды қабылдауға міндетті. Ал 25 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі купюралар төлемге жарамсыз болады. 📌Бірақ алаңдауға себеп жоқ: • Ескі купюраларды елдегі кез келген банк бөлімшесінде және “Қазпоштада” 3 жыл бойы жаңа банкноттарға айырбастауға болады. • Ұлттық банк филиалдарында айырбастау мерзімі шектелмейді, яғни кез келген уақытта өткізуге мүмкіндік бар. Осылайша, ақшаңыз жоғалмайды, тек қолданыстан біртіндеп шығарылады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
107👍 51👀 17🤝 14👎 10🫡 9🤯 3😢 1
Ал сіздің айлық табысыңыз қанша?👇Anonymous voting
  • 💰50.000 - 70.000 тг арасы
  • 💰70.000 - 100.000 тг арасы
  • 💰100.000 - 150.000 тг арасы
  • 💰150.000 - 200.000 тг арасы
  • 💰200.000 - 300.000 тг арасы
  • 💰300.000 - 500.000 тг арасы
  • 💰500.000 - 700.000 тг арасы
  • 💰700.000 - 1.000.000 тг арасы
  • 💰1.000.000 теңгеден жоғары
0 votes
🤬 120 61👀 48🥰 6❤‍🔥 4🤯 4🤝 1
💰Қаржы министрлігі: ең төменгі жалақы келесі жылы өзгермейді 📆2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі әлеуметтік көрсеткіштер мына деңгейде қалады: 💰Ең төменгі жалақы — 85 000 тг 🧓Базалық зейнетақы — 35 596 тг 👴 Ең төменгі зейнетақы — 69 049 тг 📊АЕК (айлық есептік көрсеткіш) — 4 325 тг 🛒Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 тг Яғни, ең төменгі жалақы мөлшері 2026 жылы да өзгеріссіз қалады.🤷‍♂️ 👀85 мың теңге бүгінгі өмір сүруге жеткілікті ме екен? Сіздің айлық табысыңыз қанша?👇 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
🤬 256👎 182😢 64 45👀 19🤯 14😁 10🙏 1
🇰🇿Қазақстан Конституциясы күні құтты болсын! Бұл күн – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының негізі саналатын басты құжатқа құрмет күні. Әрбір шаңырақта бейбітшілік, бірлік пен береке орнасын. Халқымыздың ынтымағы артып, еліміз өркендей берсін! ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
👏 136 73👍 19🕊 16😍 5🙏 2👀 1
🤰Жүкті әйелдер мен сәбилерге жаңа көмек 6 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа қызмет енгізіледі – патронажды мейіргерлер жүкті әйелдер мен сәбилерді үйіне барып қарайды. 👩‍⚕️Қызмет тәртібі: • Жүкті әйелдерге – 2 рет үйге барады; • Ерте жастағы балаларға – 10 рет бару жоспарланған. ⚕️Егер ана мен бала денсаулығына немесе дамуына қатысты қауіп анықталса, мейіргер дереу дәрігерге хабарлайды. 📌 Патронажды мейіргердің негізгі міндеттері: • Жүкті әйелдер мен ата-аналарды босануға, бала күтіміне дайындау; • Баланың ерте дамуына жағдай жасау, қауіпсіз орта қалыптастыру; • Тамақтану, күтім, үйдегі қауіпсіздік пен гигиена бойынша кеңес беру; • Тек қана емшек сүтімен тамақтандыруды насихаттау; • Ана мен балаға қауіп төндіретін белгілерді түсіндіріп, алдын алу. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
👍 400 175👏 25👀 17🥰 8🤝 4🫡 4🏆 3
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
🇰🇿🥇Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды! 🥋Софияда (Болгария) өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі дзюдодан әлем чемпионатында Ернұр Батырғали 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол финалға дейін Молдова, Польша, Болгария спортшыларын жеңіп, жартылай финалда өзбекстандық Дильшод Каримовты, ал шешуші белдесуде тәжікстандық Лоик Кудбудиновты айқын басымдықпен ұтты. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір төрт медаль бар: 🥇Ернұр Батырғали (60 кг) 🥈Мұхамедәлі Жылқайдар (66 кг) 🥉Арман Мыса (50 кг) 🥉Ролан Қайырғали (66 кг) Чемпионат 30 тамызға дейін жалғасады. Биылғы додаға 71 елден 551 спортшы қатысуда. Айта кетейік, соңғы үш жыл қатарынан біздің жас дзюдошылар әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып келеді. Бұл — Қазақстан дзюдо федерациясының жүйелі жұмысы мен жаттықтырушылар құрамының кәсіби еңбегінің нәтижесі. Жас чемпиондар еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен танытып, биік жетістіктер дәстүрін лайықты жалғастыруда. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
🔥 135 81👏 70👍 42🫡 4😱 1
Photo unavailable
🇪🇸Әйгілі РЕАЛ МАДРИД Алматыға келеді🔥 🇪🇺«Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы қарсыластары анықталды. Алматы клубы топтық кезеңде мынадай командалармен бақ сынайды: 🏠Үйдегі ойындар: • Реал МадридБрюгге ОлимпиакосПафос ✈️Сырт алаңдағы кездесулер: • ИнтерАрсеналСпортингКопенгаген ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
star reaction 1👍 311 93🔥 70🏆 34😍 23👏 16😱 7👀 4
Photo unavailable
Барлығы пайда тауып жатқан, трендтегі бизнеспен таныс болыңыздар👇 https://youtu.be/CnElLTKem1A?si=XKekkch3v_uEAb55 *серіктестік материал
إظهار الكل...
🤔 11 6😁 1
💳Алаяқтардан бұғатталған қаражатты қайтару жеңілдетіледі 🏦Ұлттық банк жаңа заңнамалық өзгерістерді жариялады. 📌Негізгі жаңалықтар: ⚖️ Бұғатталған ақшаны қайтару үшін енді міндетті түрде сот шешімі қажет емес — прокурордың санкциясы жеткілікті. 🛡️Арнайы Антифрод-орталық құрылады: күдікті карталар мен электронды әмияндар дерекқоры жасалады. 💰Шот бұғатталса да, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және жалақы секілді әлеуметтік төлемдер қолжетімді болып қала береді. Күдікті операцияларды тексеру мерзімі 3 күннен 5 жұмыс күніне ұзартылды. 🤖Келесі кезеңде жасанды интеллект банктік қосымшалардағы күдікті белсенділікті автоматты түрде анықтайтын болады. Осылайша, қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл күшейтіліп, азаматтардың әлеуметтік төлемдерге қолжетімділігі қорғалады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
star reaction 2 101🔥 17👍 13👀 4❤‍🔥 1
Photo unavailable
🛴Электросамокат қызметі бақылауға алынды ІІМ электрсамокаттарға қатысты қадағалауды күшейтті. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, енді тек жүргізушілер ғана емес, кикшеринг компанияларының басшылары да жауапқа тартылмақ. 🚦 Себебі соңғы уақытта: – жаяу жүргіншілер жолымен жүру; – жылдамдықты асыру; – самокаттарды кез келген жерге тастау сынды заңбұзушылықтар жиілеген. Компаниялар жылдамдықты шектеуге уәде бергенімен, талапты толық орындамаған. Сондықтан құқық қорғау органдары олардың басшыларына қатысты шара қолдануды қолға алды. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
👍 166 51👏 12👀 4🤝 4😭 3😁 2🤯 2
Photo unavailable
📌МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ: 7 жылдық тәжірибесі бар НАСТАВНИК, БИЗНЕС КОУЧ - ШЫРЫН МӘЛІКҚЫЗЫ білімнің зекеті ретінде құны 500 000 тг тұратын білімді сіздерге тегін үйретпек! Төмендегі текстті мұқият оқыңыз👇 ✔️ТАБЫСЫҢЫЗ бір орында тұрып қалды, бірақ Х5ке өсіргіңіз келеді, алайда қалай және неден бастарыңызды білмей жүрсеңіз; ✔️ИНСТАГРАМ, МАРКЕТИНГ, САТУ техникаларын үйренгіңіз келсе; ✔️Жалқаулығыңызды жеңіп, өзіңізді тәртіпке келтіріп, өмірдің заңдылықтарын түсініп, өз миссияңызды тауып, жеке брендіңізді қалыптастырып, мышлениеңізбен жұмыс жасағыңыз келсе; ДЕМЕК ДҰРЫС ШЕШІМ! ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ БИЗНЕСІҢІЗДІ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒАРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ! Ол үшін әрине БІЛІМ КЕРЕК! НИШАСЫ БАР және НИШАСЫ ЖОҚ оқырмандарға арналған “МЕГА МЫШЛЕНИЕ” атты 4 күндік мастер класс - 28 тамыз басталады. МАСТЕР КЛАССҚА ТЕГІН ҚАТЫСУ ҮШІН Төмендегі ватсап чатқа қосылыңыз👇 https://chat.whatsapp.com/DRNg07IdSgxGbnzbLYuYTM?mode=ems_copy_c *серіктестік материал
إظهار الكل...
36😁 10😱 6🤯 5💋 2👀 2
👩🏻‍🏫Мұғалімнің абыройын қорғау күшейтілді Оқу-ағарту министрлігі енді педагогтарды артық жүктемеден және негізсіз қысымнан қорғауды күшейтті. 📌Енді: ➡️мұғалімді кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға; ➡️заңда көрсетілмеген есеп-қисап пен құжат талап етуге; ➡️негізсіз тексеру жүргізуге; ➡️тауар не қызмет сатып алуға мәжбүрлеуге — тыйым салынады. Сонымен қатар, мұғалімге тіл тигізгендерге де жаза қатайды. Әлеуметтік желіде болсын, бетпе-бет болсын, мұғалімді қорлап, әдепсіз әрекет жасағандарға: 💸157 280 теңгеге дейін айыппұл немесе ⏳5 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. Бұл туралы Заң басқармасының директоры Гүлден Ақытаева мәлімдеді. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
star reaction 1👏 373👍 165 104👎 10❤‍🔥 9🙏 8🔥 5🫡 5👀 3🤝 3
Photo unavailable
🔥⚽️ААААААА!!! ТАРИХИ ЖЕҢІС! «Қайрат» футбол клубы бүгін нағыз ерлік жасады! 💛🖤 Қақпашымыз Ануарбеков жанкүйерлердің жүрегін дүр сілкіндіріп, қатарынан үш пенальтиді тоқтатты! 🧤🙌 Алматылықтар сенсация жасады – тартысты пенальти сериясында азулы «Селтикті» (3:2) жеңіп, алғаш рет тарихта УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды! 🏆✨ Бұл тек ойын емес — бұл арманның орындалуы! ✨ ЖАРАЙСЫҢДАР! Біз енді ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАМЫЗ! 🌍🏆 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
إظهار الكل...
star reaction 3 798🔥 501👍 290🏆 203❤‍🔥 30😍 27🙏 19😭 19🤝 18🤯 13🫡 13