ar
Feedback
Данияр Жігітбек

Данияр Жігітбек

الذهاب إلى القناة على Telegram

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

إظهار المزيد
2025 عام في الأرقامsnowflakes fon
card fon
16 598
المشتركون
+124 ساعات
-47 أيام
-25030 أيام
أرشيف المشاركات
Repost from Narikbi LIVE
Photo unavailableShow in Telegram
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130 🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар дәрігерді толық алмастыра ала ма? • Неліктен қытай халқы ұзақ өмір сүреді? • және де адам денсаулығы мен саналы өмірге қатысты басқа да өзекті тақырыптар қозғалды. https://youtu.be/beW4NFN4O9c
إظهار الكل...
🔥 27👍 7
ШҰҒЫЛ🟡 Мен Teach for Kazakhstan амбассадоры екенімді біреу білсе, біреу білмес. Мұғалім болуды армандайтын, бірақ басқа саланы оқып, жұмыс істеп жүрген жандарға керемет мүмкіндік, болашаққа жаңа есік ашылды. Жақында жобаға өтінім беру аяқталады екен. Үлгеріп қалыңыздар: Өтінім сілтемесі: https://teachforqazaqstan.org/user/register?utm_source=mrk&utm_campaign=daniyarzhig&utm_term=25_1
إظهار الكل...
🔥 31👍 2
Сұрақтарды оқып отырып, өзімнің кезіндегі уайым, ізденістерім еске түсті. Қазір, әрине, көбін жеңіл қабылдаймын. Бір ғалым айтпақшы "бәлкім сен бұл сұрақты 1000-рет естіп тұрған шығарсың. Бірақ ол кісі сол сұрақты бірінші рет қойып тұрған шығар".
إظهار الكل...
🔥 132👍 44
Сізді не алаңдатып жүр? Қандай сұрағыңыз бар? t.me/anonaskbot?start=jXKSjDNhT9m61qI
إظهار الكل...
👍 29
Repost from TgId: 2412579563
🎯 Топ-10 книг по фреймам, влиянию и переговорам Если вы хотите научиться отказывать без чувства вины, грамотно продавать, уверенно вести диалог и вообще, выходить победителем из переговоров — это список must read. 1. «Сначала скажите “Нет”» — Джим Кэмп Учебник по силе отказа. Настоящее боевое искусство переговоров. Подойдет тем, кто не умеет быть отстаивать личные границы. 2. «Психология влияния» — Роберт Чалдини Классика. На ней выросло не одно поколение маркетологов, продавцов и манипуляторов. Это набор ключевых принципов, которые работают всегда. 3. «Искусство сделки» — Дональд Трамп Первая книга Трампа. Про бизнес и про то, как он принимает решения. Очень много инвайтов можно на себя забрать. 4. «Люди, которые играют в игры» — Эрик Берн Если вы не знаете, в какую психологическую игру вас втянули — значит, вы уже проигрываете. Книга, которую нужно прочесть каждому. 5. «Как говорить с кем угодно, где угодно и о чём угодно» — Ларри Кинг Маэстро живого общения. Простыми словами о главном: как не бояться разговаривать с новыми людьми 6. «Как завоёвывать друзей и оказывать влияние на людей» — Дейл Карнеги Древний как мир, но всё ещё работающий бестселлер. Это книга про «мягкую силу», написанная до того, как термин стал модным. 7. «Психология убеждения» — Роберт Чалдини Да-да, это вторая его книга. Более прикладная. Если первая — про принципы (теорию), то эта — про детали: заголовки, акции, выбор слов (практика). 8. «Никогда не ешьте в одиночку» — Кейт Феррацци Про нетворкинг, который не вызывает отвращения. Как строить связи, не пресмыкаясь и не навязываясь. 9. «Переговоры без поражения» — Роджер Фишера, Уильям Юри, Брюс Паттон Гарвардский метод переговоров: ты не сдаёшься, не гнёшься — но и конфликта не допускаешь. Уровень дзен. 10. «Никогда не работайте с мудаками» — Роберт Саттон Про общение с токсичными людьми. Таких вокруг полно, так что мотайте на ус. Заходи в "Белую Комнату"
إظهار الكل...
🔥 36👍 16
08.11.2025 Сенбі Сағат 09:00-10:30 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #38-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Жоқ" деу өнері" Қатысу тегін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
إظهار الكل...
👍 54🔥 21
Кезінде Ерсін Әміре ұстаз, қателеспесем, 5-6 жыл көлемінде Шымкент, Алматы қалаларында әл-Ғазалидің "Ихия ъулумиддин" ("Дін ғылымдарын тірілту") кітабы бойынша дәрістер өткізген еді. Негізгі тақырып: нәпсіні тәрбиелеу, жүректі тазарту, мінезді көркемдеу. Алматыдағы дәрістердің біразына қатысу бақыты нәсіп болды. Сол дәрістердің аудио жазбаларын мүмкіндігімше сақтап жүрдім. Бәрі мына каналда тұр: https://t.me/+QcstBTK5M2MIhd3D
إظهار الكل...
👍 110🔥 60
Өзім үшін өте қызық тақырып боп тұр. Сіздердің атсалысу, ой қосуларыңызбен өміріме өзгеріс енгізетін сияқты боп тұрмын.
إظهار الكل...
🔥 76👍 5
01.11.2025 Сенбі Сағат 09:00-10:30 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #37-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Жасырын жүріп немесе көрсетіп іс тындыру. Қай жол дұрысырақ?" Қатысу тегін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
إظهار الكل...
👍 78🔥 28
Біраз адам келді кездесуге. Бәрекелді. Қалай болды әсеріңіз?
إظهار الكل...
🔥 58👍 14
01.11.2025 Сенбі Сағат 09:00-10:30 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #37-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Жасырын жүріп немесе көрсетіп іс тындыру. Қай жол дұрысырақ?" Қатысу тегін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
إظهار الكل...
👍 78🔥 16
Есептеп, өлшей алмайтын нәрсеңді басқара алмайсың. Басқара алмайтын нәрсеңді өзгерте алмайсың. ©️Данияр Жігітбек
إظهار الكل...
👍 189🔥 69
Жігітті тартымды ететін – әрекеті!
إظهار الكل...
👍 241🔥 117
Балам ауырып, жұқпалы аурулар ауруханасына әкелдім. 24/7 жұмыс істейді. Тегін. Баламды мейірімді дәрігер қарап, ем-домын жазып берді. Қаупімізді сейілтті. Сапалы қызмет алғаныма қуандым. Баламды көтеріп келе жатып айттым "балам, біздің еліміз көрдің бе қандай дамыған. Түн ортасы болғанына қарамастан, ауырсаң, саған көмектесетін аурухана, дәрігерлер бар. Әне, қарашы, сен сияқты ауырып жатқан балаларды жедел жәрдем әкеп жатыр" деп. Іштей еліміз дамуы үшін, бұл елде барлық балаға, адамға өмір сүру комфорт болуы үшін мен де үлес қоса берем деп бекіндім.
إظهار الكل...
👍 404🔥 154
11.10.2025 Сенбі Алматы қаласы Сағат 09:00-11:00 арасы "Бекет ата" кітапханасында кезекті #34-оқырман кездесуі өтеді. Талқылайтын тақырып: "Отбасым – байлығым" Қатысу тегін. Осы жолы өзім жүргіземін. Кім келуге ниетті 👍 қойсын. Адрес: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000793547/76.860750,43.298287
إظهار الكل...
👍 64
Қайырлы кеш! Auylga kitapal жобамыздың видеосы ютуб каналымызға шықты. Бізді қолдап, ауыл жастарына кітап жетуіне себепкер болыңыздар☺️✊🏻 https://youtu.be/QuzYttcXsbs
إظهار الكل...
🔥 49
Джошуа Беккердің "Меньше, значит больше" кітабын оқып отырып, минимализм ұғымын жаңа қырынан тани бастадым. Минимализм – сенің еркіндігіңді шектейтін нәрселерден арылу. Еркіндігіңді шектемесе, ол заттан арылудың қажеті жоқ. Кілт сөз: еркіндік. Қанша затқа иелік етсең, сонша зат саған иелік етеді. Ауыр, ә? Кейде "мына затымды тастайын ба, тұра берсе, қайтеді?" деп қиналуың мүмкін. Бұл – қалыпты нәрсе. Кітаптан тапқан жауабым: кішкентай, анық керек емес деген заттардан арыла бастау керек. Сосын үлкен заттарға жеткенде өзің-ақ не істеу керектігін түсінесің. Арылғанда да инвестор сияқты арылу дұрыс деп ойлаймын. Яғни, сол заттан арылу арқылы не ақша (сатып), не сауап (сыйлап) алуың керек. Мәшінемде тәспі жатқан. Сапалы. Бірақ мен үшін ол артық көрінді. Себебі оны қолданбаймын. Тастары ерекше еді: саусақтарың демалып қалады. Содан "бұны кімге сыйласам болады?" деп ойлана бастадым. Әрине, кез келген адамға сыйлай салу оңай. Бұған аса ақыл мен ізденудің қажеті жоқ. Бірақ мен инвестормын ғой. Сөйтіп балама массаж жасап жүрген жігіт есіме түсті. Сөздерінен намазхан екенін байқап қалғам. Яғни, оған тәспі беруім орынды болмақ. Массажды да жақсы жасайды. Оған сыйлық жасау арқылы еңбегіне алғыс айтқым келді. Әрі сапалы маманмен қарым-қатынасты жақсартсам, керемет емес пе? Содан "жұмыс арасында саусақтарыңыз бен жүрегіңіз демалып тұрсын" деп тәспімді сыйладым. Қуанып кетті. Не сыйлағаның емес, қалай сыйлағаның маңызды деген осы. Минимализм – күш!
إظهار الكل...
🔥 351👍 11
Адамның шынайы немесе шынайы емес екенін қалай білеміз? Ол неғұрлым әлсіздіктерін жасырса, соғұрлым шынайы емес. Және керісінше ол неғұрлым әлсіздіктерін жасырмаса, соғұрлым шынайы.
إظهار الكل...
🔥 246👍 3
Көп адам "қалай істеймін?" деген сұраққа бас қатырып жүр. Содан мәселесі көбеймесе, азаймай тұр. Мен "не үшін істеймін?" деген сұраққа жауап іздеуге шақырамын. Сол кезде біраз мәселең өзінен-өзі-ақ шешілер еді. "Не үшін?"-ге жауап таппай, "қалай?"-ға жауап іздеу – бос әурешілік, күшіңді бекер сарқу, далбақтау. Қазір трендте жүрген AI (жасанды интеллект) – "қалай?" деген сұрақтың жауабы ғана. "Не үшін?"-ге жауап таппаған адам, компания, мемлекет, адамзат оның пайдасын көру тұрмақ, зиянын шегуі мүмкін. Трендтен қалмауды емес, "не үшін?"-ге жауап табуды көбірек ойла. Сол маңызды.
إظهار الكل...
🔥 180