ar
Feedback
Данияр Жігітбек

Данияр Жігітбек

الذهاب إلى القناة على Telegram

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

إظهار المزيد
2025 عام في الأرقامsnowflakes fon
card fon
16 593
المشتركون
+124 ساعات
-47 أيام
-25030 أيام
أرشيف المشاركات
Repost from Narikbi LIVE
Photo unavailableShow in Telegram
Қайрат Құрманбаев: Палестина кімдікі? / Narikbi LIVE #129 Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік: • Құддыс жерінің қасиеті неде? • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады? • Палестина біз үшін неге маңызды? https://youtu.be/d0FgnJyL054?si=DCAPpisfVJstXFb1
إظهار الكل...
🔥 30
Photo unavailableShow in Telegram
Yandex книги (бұрынғы Bookmate) ұнап жатыр. Чеховтің Kitapal Club аясында тобыммен талдайтын әңгімелерін жүктеп алдым. "Палата №6" әңгімесін талдадық✅ (125 бет) Келесі талдайтын шығармамыз: "Человек в футляре" (27-ақ бет Yandex книги-де)
إظهار الكل...
🔥 39
Махаббат азайғанда есептесу көбейеді. ©️Данияр Жігітбек
إظهار الكل...
🔥 274
Бүгін жеңілдіктің соңғы күні екен ғой👆🏽🙃
إظهار الكل...
🔥 33
Сізді алаңдатқан сұрақтарға жауап беріп, өміріңізді жеңілдететін 41 аудио подкастыма мәңгі доступ алыңыз. 01.10.2025 дейін жеңілдікпен 4900 тг-ге алып үлгеріңіз. Бұл — 2024 ж. жазған аудио сабақтарым. "Өзіміз отырып шәй ішейік" жобасының архиві. Файлды ашып, тақырыптар тізімімен таныса аласыз. Мәңгі доступ: бір төлейсіз, болды, 41 аудио подкасттың мәңгі иесі боласыз. Кез келген уақытта сұрақ туса, сәйкес тақырыптағы аудионы тыңдап, жауап таба қоясыз. Өміріңіз жеңілдей түседі. 41 аудионың бәрін тыңдап шыққан адамның ойы сөзсіз өзгереді. Менің ойлау стилімді "жұқтырасыз". Ой өзгерсе, болды, қарым-қатынас, мінез, әдет, қаржы жағдайы — бәрі өзгереді. Өзгерем, өмір сүру өнерін меңгерем деген ниетіңіз болса, подкастарыма мәңгі доступ алыңыз. Реквизиттер: +7 777 583 98 00 Руслан Ж. 4,900 тг жіберіңіз. Чек: @bmq01
إظهار الكل...
Данияр_Жігітбек_2024_ж_аудио_дәрістері.pdf2.08 KB
🔥 40
Антон Чеховтің "Палата №6" әңгімесін оқу үстіндемін. Ертең Kitapal Club аясында өз тобыммен бірге талдаймыз. Қазір біз "Орыс әдебиеті" маусымын өткізіп жатырмыз. Бір авторды таңдап, 3 айда соның шығармаларын оқып, талқы жасаймыз. Кітап оқу – бір деңгей. Соны талдау, талқылау – келесі деңгей. Бүгін мынадай үзінді оқып қалдым.
На этом свете все незначительно и неинтересно, кроме высших духовных проявлений человеческого ума. Ум проводит резкую грань между животными и человеком, намекает на божественность последнего и в некоторой степени даже заменяет ему бессмертие, которого нет. Исходя из этого, ум служит единственно возможным источником наслаждения. Мы же не видим и не слышим около себя ума, — значит, мы лишены наслаждения. Правда, у нас есть книги, но это совсем не то, что живая беседа и общение. Если позволите сделать не совсем удачное сравнение, то книги — это ноты, а беседа — пение.
إظهار الكل...
🔥 72
إظهار الكل...
🔥 26
Photo unavailableShow in Telegram
🔥 26
Youtube: Jetil Podcast Данияр Жігітбек Тіл үйрену жайлы әңгіме өрбіттік.
إظهار الكل...
🔥 35
Қайырлы күн, құрметті телеграм каналымның оқырманы! Осы каналдың талқылау чаты бар екенін білетін бе едіңіз? “Д. Жігітбек хаха чаты” деп аталады. “хаха” аталуының себебі бұл жерде негатив жазылмайды, тек позитив жазылады. Ешкімнің көңіліне тимейтін әзілдер құпталады. Бұл чатта Данияр Жігітбектің өзі де отырады. Сұрақ қою мүмкіндігі бар. Бұл — өзара сыйластық, мейірім, саналылық, ойлылық мекені. Бұл чаттан рухтас достар, дамушы орта табатыныңызға сенеміз. Данияр Жігітбектің “Kitapalclub”, “Ауылға кітап ал” сияқты жобалары осы чаттың қатысушылары арқылы талқыланып, дамып, кең етек жайған. Бұл — елге қызмет еткісі келетін жандар жиналған чат. Чат қатысушылары ақылдасып, бұл чатқа кіру ақылы болсын деп шешті. Әйтпесе, “проходной двор”, қадірсіз жер боп кетеді дейді. Символикалық бағасы 990 тг болсын деп көпшілік дауыс берді. Егер сіз әлі де “Д. Жігітбек хаха чаты”-на қосылғыңыз келсе, Данияр Жігітбектің каспиіне 990 тг аударып, комментіне “кофе” деп жазып жіберіңіз: 87053111136 Данияр Ж Чекті көмекшім Маралға @bmq01 жіберіңіз. Топқа қосады.
إظهار الكل...
🔥 33
Repost from Narikbi LIVE
Photo unavailableShow in Telegram
Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128 Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы. Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық: • Оқу және жазу мәдениеті; • Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі; • Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері; • Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы. Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік. https://youtu.be/lTQBO0WYRhg?si=_9qFc0fX0oVlHg6J
إظهار الكل...
🔥 50
Джігіттер 3.0 Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету деп білемін. Сол мақсатта ДЖігіттер 3.0 жобасын бастағанымды жариялаймын. Неге "ДЖігіттер"? Данияр Жігітбектің жігіттері, болашақ жобаларымның қаһармандары деген сөз. Неге "3.0"? Бұған дейін бұл жобаның 2 маусымын жасағам. Жемісін көрдім. Командама 30 жігітті іріктеп алдым. ДЖігіттер 3.0 жобасы 7 ай жалғасады: қараша, 2025 - мамыр, 2026. Тегін!
إظهار الكل...
🔥 108
ДЖігіттер 3.0 жобасына іріктеу басталды. Алғашқы тапсырма берілді.
إظهار الكل...
🔥 27
Не үшін үйлену керек? https://youtu.be/duKG5NV5oW4?si=cfqo0MfFz8iCs7LI
إظهار الكل...
🔥 55
Атырау Kitapal дүкенімізге сатушы қыздар іздейміз! Толық ақпарат: @ainukoon
إظهار الكل...
🔥 19
Қайырлы кеш! Қалайсыздар? Бүгін ютуб каналымызға жаңа форматта алғашқы Kitapal Time подкастымыз шықты. Подкастымыздың мақсаты: Тірі авторлармен тірі кітаптарын талқылау. «Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру» деген миссиямыздың аясындағы тағы бір жоба🤩 https://youtu.be/v_qBcuJ7xl0
إظهار الكل...
🔥 76
Мемлекеттің байлығына алданба. Мемлекет бай, бірақ халқы кедей болуы мүмкін. Және керісінше мемлекет кедей, бірақ халқы бай болуы мүмкін. Мемлекеттің байлығына алдану: одан стипендия, субсидия, пенсия, жөргекпұл, жәрдемақы күтіп, жоспар құру, тіршілік жасау. Көршілеріміздің кедей мемлекетінен бұның ешқайсын күтпей, тіршілік жасап жатқанын көріп, түбі халқы бай болатынын болжап тұрмын. Ал біз ше? Халқымыз бай ма? Қазіргі тірлігіне қарап, болашақта бай бола ма, кедей бола ма, болжай аламыз ба?
إظهار الكل...
🔥 255
ДЖігіттер 3.0 жобасына үміткерлер! ДЖігіттер – 2022 жылдан бастап Данияр Жігітбектің болашақ көшбасшыларды дайындайтын әлеуметтік жобасы. Тегін. Қараша, 2025 - мамыр, 2026 арасы Алматы қаласында болатын 2003, 2004, 2005, 2006 ж. туған бойдақ жігіттерді шақырамын. Іріктеу шарттарын кешірек айтамын. Әзірге үміткерлер чатына қосылып қойыңыздар: https://t.me/+OkZsCLH-vtw5YTBi
إظهار الكل...
🔥 56
Photo unavailableShow in Telegram
Құрметті ата-аналар! "Даниярдан келдім" десеңіздер, -10% жеңілдік жасап берем деп жатыр Qalam School мектебі. Менің тұңғышым баратын мектеп.
إظهار الكل...
🔥 57
Ай күнтізбе бойынша үшінші айдың он екісі. Бұл күнді, мына менің ойымша, бүкіл әлем тойлау керек! Бір түрлі сезім билеп, жүрегімде қалды мұң: Мейірімге, махаббатқа жұтап ек. Дүниеге келген еді дәл бүгін Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед! Мәуліт құтты болсын! Пайғамбарымыздың ﷺ құрметіне екі ұлыма "Ахмет" және "Сұлтанмахмұт" деген есім беріп едік. Соның құрметіне бізге ол кісінің шапағаты тисінші. "Ахмет", "Махмұт" – пайғамбарымыздың есімдері.
إظهار الكل...
🔥 296