Qazaqstan.tv
前往频道在 Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
显示更多2025 年数字统计

50 991
订阅者
-1524 小时
-3287 天
-1 60330 天
帖子存档
01:10
视频不可用在 Telegram 中显示
🧨Пиротехникалық заттарды заңсыз сатқандар қандай жауапкершілікке тартылады?
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 84 факті анықталды. Олардан 700-ден астам сертификатталмаған өнім тәркіленген.
💬Астана қаласы ПД Байқоңыр аудандық Полиция басқармасы бөлімшесінің аға инспекторы Нұржан Орыншайықовтың айтуынша, отшашу құралдарын рұқсатсыз сатқандарға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
❓Оларға тағы қандай жауапкершілік қарастырылған? Мұндай бұйымдарды сатуға рұқсат алу үшін қойылатын талаптар қандай?
🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
1224 (3)(2).mp480.69 MB
👍 4❤ 1
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
@qazaqstantv
02:08
视频不可用在 Telegram 中显示
🇺🇸АҚШ-та кәсіп ашқан қазақстандықтар көбейді
АҚШ-та кәсіп ашып, табысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың қатары артып келеді. Кей азаматтар Қазақстанда бастаған бизнесін Америкада жалғастырып, дамытып жүр.
Мұнда «Happy Sake» атауымен қазақстандық франшиза жұмыс істейді.
Кондитерлік дүкендер желісінің иесі Асхат Сұлтановтың Қазақстанда 200-ден аса дүкені бар, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстанда да сауда нүктелері ашылған. Енді кәсіпкер АҚШ-та да өз ісін бастап отыр.
САРЫЫЫ НЕ УДАЛ(1).mp4150.17 MB
👍 13❤ 5
00:14
视频不可用在 Telegram 中显示
🟢ШҚО-да полицейлер жаралы аққуды құтқарды
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында полиция қызметкерлері жаралы аққуды құтқарды. Айыртау ауылының тұрғыны Сартымбет учаскесінің маңынан жарақат алған аққуды байқап, учаскелік инспекторға хабарлаған.
Хабарлама негізінде полицейлер оқиға орнына барып, құсты ветеринариялық клиникаға жеткізген. Мамандар аққуға қажетті көмек көрсетті.
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко21.mp46.00 MB
❤ 5👍 4❤🔥 2
🔹1.8 млрд теңге: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мүлкін жымқырған күдікті қамауға алынды
Сергей Ким 31 мың тонна өнімді заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
❗️Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттілік берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды.
🏠Таразда 2,5 мыңға жуық тұрғын баспаналы болды
Шаһардың шығысындағы «Шапағат» шағын ауданында 12, ал «Балауса» ауданында көпқабатты 22 баспана бой көтерді
🌎АҚШ-та кәсіп ашқан қазақстандықтар көбейді
Кей азаматтар Қазақстанда бастаған бизнесін Америкада жалғап, дамытып келеді.
💵Жапонияда 2026 жылға рекордтық көлемде бюджет бекітілді
Оның 57 млрд доллардан астамы қорғанысқа бағытталмақ.
❤ 7
00:41
视频不可用在 Telegram 中显示
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттілік берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде мемлекеттік бақылау жүргізу функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Сонымен қатар ҰҚК осы бағыттағы министрліктің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып белгіленді.
новости-копия-копия-копия(1).mp446.40 MB
🔥 5❤ 2
照片不可用在 Telegram 中显示
✈️ Lufthansa ұшағы Алматыға шұғыл қонды: Рейсте жолаушы көз жұмды
Lufthansa әуе компаниясының Мюнхен – Бейжің бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағы Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауы себеп болған.
Ұшу кезінде ер адам есінен танып қалған. Қону сәтінде әуежай дәрігерлері мен жедел жәрдем бригадасы ұшаққа бірден жеткенімен, дәрігерлер жолаушының ұшақ қонғанға дейін көз жұмғанын анықтады.
Қажетті рәсімдер мен жанармай құйылғаннан кейін ұшақ 07:56-да Бейжіңге қарай қайта ұшты. Әуежайдағы желілік полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік азаматтың өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.
😢 8❤ 3
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды.
Олжас Бектенов:
➤ еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді.
🟦Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.
🟦2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған.
🟦Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
➤ макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында айтты.
🟦Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.
➤ желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын жеткізді.
🟦Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды.
🟦Шағын бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
➤ жылыту маусымы жайында есеп берді.
🟦Сондай-ақ 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына тоқталды. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.
Президент:
📌Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
❤ 5👍 1
⚖️«АрселорМиттал Теміртау» ісі бойынша күдікті қамауға алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру ісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізілуде.
2015 жылы тараптар арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда күдікті зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды заңсыз жымқыру схемасын ұйымдастырған.
С.Н.Ким ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында «Күзет» ЖШС күзет ұйымымен бірлесіп, өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған.
Ұрланған 31 мың тоннадан астам өнімнің шығыны 1,8 млрд теңгеден асып, күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
@qazaqstantv
❤ 6👍 3
00:42
视频不可用在 Telegram 中显示
👮♂️ Ұлттық ұлан бөлімі биыл 61 қылмыстың бетін ашқан
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі жыл басынан бері 61 қылмыстың бетін ашқан. Сонымен қатар әскери қызметкерлер 200-ден астам адамға көмек көрсетіп, 7 адамды өрттен аман алып қалған.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі – олардың басты міндеті. Осы мақсатта Ұлттық ұлан күн сайын патрульдік бақылауға шығып, қала тыныштығын күзетеді.
новости-копия-копия-копия.mp449.32 MB
❤ 5👍 1
📷Ұлттық музейде Мұстафа Шоқай мен жарының түпнұсқа фотосуреттері қойылды
Астанадағы Ұлттық музейде Мұстафа Шоқай мен жары Мария Шоқайдың түпнұсқадағы фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды. Экспозиция арқылы көрнекті қоғам қайраткерінің саяси қызметімен қатар, жарына деген асқақ махаббаты мен айнымас адалдығын да көруге болады.
Көрмеде ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңді, эмиграциядағы өмірді және бір-біріне сүйеу болған қос жанның тағдырын баяндайтын 50-ден аса құнды жәдігер қойылған. Барлық материалды Мария Шоқай ондаған жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген.
Көрме Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай ашылды.
👍 7❤ 1
00:36
视频不可用在 Telegram 中显示
Прокурор Оңтүстік Кореяның экс-президентін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры экс-президент Юн Сок Ёльді 10 жылға соттауды талап етті. Ол саяси науқанды қаржыландыру туралы заңды бұзды деп айыпталып отыр.
Тергеу дерегінше, 2021–2022 жылдары жүргізілген әлеуметтік сауалнамаларға 185 630 доллар жұмсалған. Бұдан бөлек, экс-президент өзін қамауға алуға қарсылық танытқаны үшін де жауапқа тартылып отыр.
новости-копия.mp441.09 MB
🤯 5😱 2
04:48
视频不可用在 Telegram 中显示
💸Экономика жаңалықтары
💰Шахмурат Мүтәліп Қазақстандағы ірі тау-кен металлургия холдингі ERG акцияларын сатып алуды қарастырып отыр.
📈Банктер жыл сайын шамамен 400 млрд теңгені шағын бизнесті несиелеуге бағыттайды.
💸Қазақстанда 1 млн-нан астам адам ең төменгі күнкөріс минимумынан аз табыспен күн көріп отыр. Бұл жалпы халықтың 5,3%-ын құрайды.
🚘 Jaguar бензинмен жүретін соңғы моделін шығарды - F-Pace SVR кроссовері.
4141414-1.m4v27.97 MB
❤ 5
照片不可用在 Telegram 中显示
🔹«Сақ стиліндегі» 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.
✏️Ұлттық банктің мәліметінше, бұл «Сақ стилі» сериясымен шығарылған бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бастау алатын, бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын айқындайтын «Сақ стилі» элементтері мен дәстүрлі қазақы ою-өрнекке негізделген.
Жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап жаппай қолданысқа енгізіледі. Бұған ел өңірлеріне жеткізу және банкоматтар, терминалдар мен кассалық жабдықтарды бейімдеу қажеттілігі себеп болған.
❤ 10👍 2
00:30
视频不可用在 Telegram 中显示
📍Азия дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды
Үстірт қыратында Азия дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды. Ол сыртқы келбеті ірі үй мысығына ұқсас болғанымен, дене бітімі мығым, жүні қалың әрі жолақты түсті болып келетін орташа көлемді жабайы жыртқыш.
Қазақстан аумағында дала мысығы мемлекет қорғауына алынған.
@qazaqstantv
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко19.mp45.92 MB
❤ 6👍 2😍 2
01:05
视频不可用在 Telegram 中显示
⚡️Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады
«1001 түн» бағдарламасында дзюдошы Әбиба Әбужақынова тікелей байланысқа шығып, қуанышын жеткізді.
«Жоғары ұпай жинап, рейтингте көш бастадым. Рейтинг соңғы қатысқан жарыстардың нәтижелері бойынша есептеледі. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Келер жылға үміт көп. Азия ойындарында алтын алғым келеді», - деді ол.📌Айта кетейік, дзюдошының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр.
әбиба нарезка.mp476.76 MB
👏 12
02:14
视频不可用在 Telegram 中显示
🥩«Ет экспортына тыйым салынған жоқ, квота негізінде белгіленген шектеу қойылды»
«Ашық алаң» бағдарламасында ҚР АШМ Мал шарушылығы департаментінің директоры Бағлан Аймұрзаев ет экспортына қойылған шектеу жайында айтты.
«Етті экспорттауға тыйым салынған жоқ. Жыл соңына дейін квота негізінде белгіленген шектеу қойылды. Ет өнімдерінің қымбаттауына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Ішкі фактор: өнімнің өзіндік құны өсті. Сыртқы фактор: Қазақстан етіне көрші елдерден сұраныс артты. Бұл - ішкі баланс пен бағаны тұрақтандыру үшін жасалып жатқан шара. Квота 5 мың бастық бордақылау алаңы және ет сою комбинаты бар, әлемдік стандарттарға сәйкес өндірістік циклмен жұмыс жасайтын мекемелерге беріледі», - дейді сарапшы.Бағдарламаның толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
Ет экспорты .mp4112.84 MB
❤ 6
