Данияр Жігітбек
前往频道在 Telegram
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
显示更多2025 年数字统计

16 576
订阅者
-924 小时
-77 天
-23130 天
帖子存档
Тағы предзаказға үлгергісі келетіндер бар ма?
Жоғарыдағы форманы толтырып қойыңыз. Соған қарай кітап санын жоспарлаймыз.
👆🏽👆🏽👆🏽
"Қаржы қағидалары" кітабына ПРЕДЗАКАЗ жасаңыз!
Достар, жақсы жаңалығым бар. Құдай қаласа, 29.05.2023 "Қаржы қағидалары" кітабым жарық көреді.
Бағасы: 5000 тг.
Бет саны: 216.
Мазмұнын, мұқаба суретін төменнен👇🏼көре аласыз.
Былтыр шыққан электронды нұсқасынан еш айырмашылығы жоқ.
Предзаказ жасаған достарыма "Автордан" деп, қолтаңба қойып беремін.
Сондай-ақ предзаказ жасағандардың арасынан рандом арқылы 3 жеңімпазды анықтап, оларға бір айлық қаржылық менторствомды сыйлаймын:
бір сағаттан 4 рет онлайн/оффлайн кездесіп, сіздің қаржылық мәселеңізді реттейміз. Сұрақтарыңызды жеке қоя аласыз.
Рандом жеңімпаздарды 06.06.2023 күні сағат 21:00-де менің инстаграм парақшамда (@dzhigitbek) тікелей эфирде анықтаймыз.
Предзаказға үлгеру үшін төмендегі форманы толтырып қойыңыз. Менеджер сізге өзі хабарласады.
https://forms.gle/F4nJU4Cgv4q2Wpkg6
👆🏾 Креатив ойлануға шақыратын Youtube жобамыз ғой.
Сіз де видеоны көріп, өз нұсқаңызды жазып қалдырсаңыз болады.
Бәлкім келесі шығарылымдардың қатысушысы боп қаларсыз?)
Араларыңызда көркем әдебиет жазатын болашақ жазушылар бар деп ойлаймын.
Мынадай оффлайн курс жасағалы жатыр әріптесем – Жібек ханым. 10-ақ адам аламыз.
Толық ақпарат👇🏻
https://www.instagram.com/p/CsIyofztPdD/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Руслан досым Аргентина 🇦🇷 сапарымыз жайлы влогын шығарыпты. Көріңіздер. Ішінде мен де бармын😄✊🏾
🔥 100
https://youtu.be/kGzWMU1sT6c
"НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?" креативті сұрақ-жауап ойыны.
Бөлісіп жіберіңіздер. Алғашқы шығарылымның сәтті болуы бұл жобаның болашағына әсер етеді.
Айт құтты болсын, ағайын!
Рамазанда 30 күн ас-ауқаттан тыйылдық. Бүгін бейне бір еркіндікке жеткендей қуанып, арқаны кеңге жайып отырмыз. Айт күнгі қуаныштың дәмін тек 30 күн ораза ұстағандар жақсы сезінсе керек.
"Бұл өмір кәпір үшін — жәннат, мұсылман үшін — зындан" дегенді естіп едім. Бұл өмірде мұсылман болсаң, қалағаныңды істей бере алмайсың. Белгілі бір тыйымдар бар.
Тамақтың адалын таңдап жейсің. Киімнің ұяттысын таңдап киесің. Сөздің түзуін таңдап айтасың. Себебі сен — Алланың таңдап алған құлысың!
30 күн ораза сияқты тыйымдарға толы бұл өмір де өте шығар. Содан кейін сені еркіндік күні — Жұмаққа кіретін күнің күтіп тұр. Сол күнгі қуаныштың қандай болатынын білмеймін. Бірақ бүгінгі айт күнгі сезімдер сол күні кешетін күйімізден хабар беріп тұрғандай.
Біз Рамазандағы тыйымдардан азап шегіп, қазір енді содан құтылғанымызға қуанып тұрған жоқпыз. Жоқ! Әсте олай емес. Керісінше ол бізге ләззат сыйлайтын тыйымдар еді. Әйтпесе, қасиетті аймен қимай қоштаспас едік.
Дәл сол сияқты мұсылман адам үшін бұл өмірдегі тыйымдар — азап шектіретін емес, ләззат сыйлайтын тыйымдар. Олай болса, өмір бойы тыйылып, содан ләззат алып, одан кейін сол тыйымдардан құтылып, Жәннатқа кіріп, содан да ләззат алатын мұсылманның күйі қандай ғажап!
@dzhigitbek
🔥 454
Өзгенің ісін жеңілдету
"Өзгеге көмектесу" емес, "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөзді қолданғым кеп тұр. Екі сөздің энергиясы екі түрлі. Мені "өзгенің ісін жеңілдету" деген сөз көбірек шабыттандырады.
Жан-жағыма қарап, "кімнің ісін жеңілдете алам?" деп ойлана бастадым. Бір танысым кітабын сата алмай, жарнамасын қалай жасарын білмей басы қатып отыр. Бір әжей банкоматтың тілін түсінбей, қиналып тұр.
Олардың ісін жеңілдетуге шамам мен білімім жетіп тұр ғой. Танысыма хабарласып, 1-2 копирайтинг тәсілді көрсетіп, саудасын көтере аламын. Әжейдің ақшасын шығарып бере аламын.
Мен оларды елемей, өз жөніммен кете берсем де болар еді. Бірақ олай істесем, әлемде кемінде 2 адам қиналып тұрар еді.
Біз өзгенің ісін жеңілдетуді емес, қиындатуды көбірек ойлайтын сияқтымыз. Біреуге жол бермей, біреуді күттіріп, біреуге қағаз толтыртып, біреуге артық іс істетіп, біреуге қырсығып уақытында жауап бермей жатырмыз. Егер жалпы ел болып өзгенің ісін жеңілдетуді ұстаным етіп алсақ, жемқорлықты да жеңер едік-ау осы.
Біреудің көмек сұрағанын күтпей, өзің бірінші барып, ісін жеңілдетсең, кайф! Фишка сұратпай көмектесуде. Жан-жағыңа қарашы. Қиналып, басы қатып жүрген, мейлі ол кішкентай іс болсын, жандарды іздеші. Тез табасың. Сен үшін оп-оңай, бірақ ол үшін қиын істің күрмеуін шешіп бер. Сөйтіп әлемдегі қиналып жатқан адамдардың санын аз-аздан үздіксіз азайта берейікші.
@dzhigitbek
