Данияр Жігітбек
Open in Telegram
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
Show more2025 year in numbers

16 591
Subscribers
-724 hours
-77 days
-24030 days
Posts Archive
Өзіміз отырып шәй ішейік 2025
Достар, "Өзіміз отырып шәй ішейік 2025" аудио каналыма шақырамын.
Ол жерде ой, білім, инсайттарымды аудио форматта бөлісіп отырамын. Подкаст қой, былайша айтқанда.
2025 бір жыл бойы жүргіземін. Кемінде 50 шағын аудио подкаст жазуды ниет етіп отырмын.
Курс емес, марафон емес, үй тапсырмасы жоқ.
Жай тыңдап, ой қозғап отырсаңыз, болды.
Сіздің алатын ең үлкен пайдаңыз:
менің түрлі тақырыптағы қысқа аудиоларымды тыңдап отырсаңыз, ойлау жүйеңіз өзгереді, тиімдірек бола түсесіз.
Ойлау жүйесі өзгерді деген сөз, өмір салтыңыз, әдеттер, шешімдер, әрекеттеріңіз өзгереді дей беріңіз.
Менің ниетім: аудио контент арқылы тыңдарманның ойлау жүйесінің тиімділігін арттырып, өмірін жеңілдету.
Бұл жолы бір-ақ рет төлем жасайсыз, болды, каналға мәңгі доступ аласыз.
Құны: 5000 тг
Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.
Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01
🔥 86
Кіріс-шығыс есебін Coinkeeper-де 2019-дың тамызынан бері үзбей (бір күн қалдырмай!) жүргізіп келе жатырмын.
Кіріс-шығыс есебін қаржылық жағдайыңды бақылауда ұстап отыру үшін жүргізу керек. Есебі жоқ нәрсені басқара алмайсың. Есеп! Есеп! Есеп!
Сондай-ақ кіріс-шығыс есебін негізге алып [қана] қаржылық мақсат, жоспар құра аласың. Мысалы, "тәк, сырттан тамақтануға өткен айда 150.000 тг жұмсаппын, келесі айға 120.000 тг деген лимит қоюым керек" деп.
Мен биыл шығын категорияларыма өзгеріс енгіздім. "Шығын категориялары" деген ақша жұмсайтын бағыттарымыз ғой: "Сырттан тамақтану", "Жол", "Ойын-сауық", "Білім алу", т.б.
"Кітаптар" деген жаңа категория аштым Coinkeeper-де. Бұрын "Білім алу"-дың ішіне кіріп кететін. Бұлай істеуімнің себебі: кітапқа бір жылда нақты қанша жарататынымды білу.
Оның айлық лимитін 50.000 тг деп қойдым. Яғни, ай сайын өзіме 50.000 тг-ге дейінгі бюджет көлемінде кітап сатып алуға рұқсат беремін.
Сонда бір жылда кітап сатып алуға максимум 600.000 тг бөлемін.
Иә, бәлкім оның бәрін биыл оқып бітірмейтін шығармын. Бірақ қазір сатып алып қоймасам, кейін кейбір, әсіресе бағалы кітаптарды таба алмай қалуым әбден мүмкін. Ондай жағдайлар болды да.
🔥 329
Қазір күнде 100 бет кітап оқу әдетін қалыптастырып жүрмін.
12 апталық мақсаттарымның бірі де сол. Иә, әдет қалыптастыруды да мақсат етіп алса болады.
3 жылдық видениемде (vision) "Интеллектуал, энциклопедиялық білім иесі, эрудит мұсылманмын" деген образ бар.
Кейде кітап оқығым келмей немесе не үшін оқып жүргенімнің мәнін жоғалтып алғанда, осы бір образ, видениені еске алам да, құлшынысым қайта артып кетеді.
Елестетші, сен кез келген тақырыпта терең, мағыналы, жоғары мәдениетті әңгіме өрбіте аласың. Тыңдаушыны (ол дамыған елден келген профессор болуы да мүмкін) бірден баурап аласың. Сосын оның сенің ұлтың, дініңе деген құрметі артады.
Күнде 100 бет кітап оқитын адам кемінде айына 10, жылына 120 кітап оқып бітіреді екен.
Осы тұста әдеттің сандық сипатынан бөлек сапалық сипатына да мән беру керек деп баса атап өткім келеді.
Күнде 100 бет кітап оқу — сандық сипат. Оқысаң, жарайсың! Бірақ манга оқисың ба, әлде экономика негіздері жайлы оқисың ба, сапалық сипаты екі түрлі. Әрине, сапалысын таңдау сені тез өсіреді.
Дәл сол сияқты таңғы серуенге шығып, 10000 қадам жасау — сандық сипат. Жүрсең, жарайсың! Бірақ ауасы таза Тұңғыш Президент саябағындағы таңғы серуен қаланың төмен жағындағы қуыс көшелердегі таңғы серуеннен әлдеқайда сапалы. Әдеттің сапасына мән бер. Сені өсіретін сол.
🔥 335
Бүгін күнделік жүргізудің тиімдірек жолы жайлы білдім.
Біз әдетте күнделікке сол күннің хронологиясын жазамыз ғой. Мысалы, "Бүгін мынамен кездестім. Сосын ана жерге барып, ана іспен айналыстым", т.б. деп.
Дұрысы сол күнгі ой, сезімдеріңнің хронологиясын жүргізу екен. Мысалы, "Былай ойладым. Содан кейін осындай ой келді. Бірақ оны құп бермей, мына бағытта тағы ой жүгірттім", т.б. деп.
Бұлайша күнделік жүргізу біздің ойларымызды, миымыздың жұмысын жүйелеп, реттеп тастайды.
Энергиямыздың 80%-ын ой жүйесіздігі жейтінін ескерсек, ойлаңызшы, күнделік жүргізу және оны тиімді жүргізу қаншама энергиямызды сақтап қалайын деп тұр.
🔥 360
Таңғы серуен
Бір істі тұрақты жасауға ниеттенген адам ең бірінші сол істің өзіне ұнайтын тұстарын ақ параққа жазып, көрінетін жерге іліп қоюы керек.
Ара-тұра оқып, жалғастыруға шабыт алып отырады. Әйтпесе, алғашқы жалын сөніп, тұрақсыз боп кетуі әбден мүмкін.
Бұл әдістің көмегі зор. Өзіңізге ұнап тұрған бір істі бастап, кейін тастап кеткеніңізді еске алыңызшы.
Негізгі себептердің бірі: ол істі не үшін жақсы көріп бастағаныңызды ұмытқаныңыз!
Сол үшін осындай бір еске салғыш керек.
Менің өмірімді күрт өзгерткен әдеттердің бірі: таңғы серуен.
Өзім үшін осы жерге таңғы серуенді не үшін жақсы көретінімді жазып қояйын. Оқып, тұрақты болуға шабыт алып отырамын:
1. Ұйқым реттелді. Күнде ерте тұруға ден қойсаң, еріксіз ерте жатасың.
2. Күні бойы энергично жүремін. Тіпті ол энергия кешке дейін жетеді.
3. Энергиям көп болған соң, балалармен алысып-жұлысып ойнап, оларға көңіл бөле аламын.
4. Энергиям көп болған соң, әйеліме жылы сөздер айтып, көңілін аулап, позитив қарым-қатынас құра аламын.
5. Тәттіге деген құмарлық күрт төмендеп кетті. Ұйқың реттелсе, физикалық энергияң жеткілікті болса, тәттіге тартпайды екен.
6. 10000 қадамды тоқтамай жасаған соң, сан, арқа бұлшық еттеріне салмақ түседі. Ал ол өз кезегінде тестостеронның көптеп бөлінуіне себеп болады. Еркектің мысыңның пайда болуы осы тестостероннан.
7. Күнімді жеңімпаз ретінде бастаймын. Таңғы 10000 қадамды жасау жеңімпаз образымды бекітеді. Сол күнгі шешімдердім жеңімпаз образында қабылдаймын, сол күнгі сөздерімді жеңімпаз образында айтамын.
8. Таңғы тыныштық, оның үстіне қозғалыста болу тұнығырақ ойлануға мүмкіндік береді. Тың идеялар туады. Әлі бір де бір таңғы серуеннен мәселеме шешім таппай қайтпадым.
9. Тұңғыш Президент саябағында күнде таңертең 1.5 сағат бойы таудың таза ауасын жұтқанда өкпем мен миым маған шексіз алғысын жаудырады.
10. Кездесу жасап, ақылдасуға таңғы серуен — таптырмас мүмкіндік. Талай адаммен таңғы серуенде кездесіп, талай мәселені шешіп тастадық. Кептеліс жоқ, жұмыс уақыты әлі басталмаған. Келмеуге тек ұйқы ғана сылтау болуы мүмкін, басқа ештеңе емес.
11. Таңғы уақытта береке бар және сол береке "талонын" күні бойы қолданасың.
12. 10000 қадам әдеті физиологиялық жасыңды 10 жылға ұзартады дейді зерттеу нәтижелері.
🔥 482
Repost from TgId: 1268239980
Photo unavailableShow in Telegram
ByDastan: 20 дрон сындыру, бір істе табанды болу, ең әдемі мекен - қазақ жері | Kitapal podcast #37
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов видеограф, дронбегі Дастан Мұхамедрахымов aka ByDastan мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында жетістік жолында табанды болу, баланың тілін табу, бойдағы талантты ақысын беріп қолдану, дронның кесірінен абақтыға түсу, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.
https://youtu.be/gLKg0NUryWM
🔥 77
"Қаржы қағидалары" кітабына тапсырыс беріңіз.
Қолтаңба, тілек жазып беремін.
Бағасы: 5000 тг
8777 583 98 00
Руслан Ж.
Чекті: @assylkhanserik
🔥 31
Бүгін – менің анашымның туған күні.
Мына канал да дәл осы күні 7 жыл бұрын ашылған еді.
Әр ана "балам аяққа тұрып кетсінші, ешкімге қор болмасыншы" деп уайым қылады ғой.
Осы 7 жылда ұлыңыз аяққа тұрып, халықтың баласына айналды, анашым. Ал халықтың баласының жолы әрдайым ашық болады!
Анашымды құттықтап, тілек жазып, тосын сый жасасаңыздар, қуанышты болар едім. Анамның қуанғаны мені де қуантады.
Ол кісі көбінесе каспиде отырады:
8701 649 35 13 Лескул М.
Қазаққа Данияр Жігітбекті сыйлаған анама мың алғыс!
🔥 295
Repost from Narikbi LIVE
Photo unavailableShow in Telegram
Данияр Жігітбек: кедей болсаң, балаңның баюы қиын / Narikbi LIVE #109
Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жылдық қорытынды подкастымызды қабыл алыңыздар. Өткенді саралап, болашаққа жоспар құрып, түйген ойларымыз бен сабақтарымызды ортаға салдық.
Бүгінгі қоғамның жетіспейтін дефициті қандай, ата-ананың жұмысы балаларына қалайша әсер етеді және балаға білім беру кімнің мойнында екенін анықтауға тырыстық.
https://youtu.be/gBRySIQXKAg
🔥 82
"1 жылда – 50 кітап, 2025" жобасына 80-нен аса адам жазылыпты.
Кішігірім комьюнити боп қалыпты.
Алдағы 12 апта негізгі ортам осы кісілер болайын деп тұр.
Маған ақшасын, уақытын құрбан қылған адамдарға мен де барынша көңіл бөлуім керек деген шешімге келдім.
Бүгін 23:59 – тіркелудің соңғы минуты.
🔥 39
Kitapal дүкенінде оффлайн 33 дәріс өткен едім 6.11.2024 – 27.12.2024 арасы.
33 дәріс – 33 түрлі тақырып.
Оффлайнның вайбы бөлек қой, шіркін.
Сол дәрістерді диктафонға жазып алған едік.
Тыңдаймын деушілер болса, міне сілтеме:
https://t.me/kitapal_shyraq
🔥 98
Repost from TgId: 1268239980
00:40
Video unavailableShow in Telegram
АРСЕН ШАДИ: полиглот болудың құпиясы, студент менсінбейтін супер мамандық | Kitapal podcast #36
11:25 Әр полиглоттың артында анасы тұр
22:04 Студентке қандай кеңес бересің?
30:00 Кәсіпсіз қалмайтын мамандық игер
32:30 Біз менсінбейтін мамандық
41:30 Оқимын ба, жұмыс істеймін бе?
1:06:23 Черчильдің оқиғасы
1:08:50 Қазіргі студенттерге қызығам және аяймын
1:18:57 Студент қандай кітап оқуға тиіс?
1:26:38 Мартин Иденнен дұрыс отбасы шықпайды
Арсен Шади @shadi.arsen полиглот, шығыстанушы
Уақыты: 25-желтоқсан, 18:00
Youtube Kitapal podcast
https://youtu.be/gklMANz3gtU
IMG_6382.MP413.02 MB
🔥 53
Photo unavailableShow in Telegram
"1 жылда – 50 кітап, 2025" жобасына тіркелу әлі жалғасып жатыр.
31.12.2024 – соңғы күн.
Менің жылды жоспарлау жүйем де өзгеріп жатыр. Мына кітап негізінде менің бір жылым енді 12 ай емес, 12 апта болады.
Жобаға тіркелген жандарға бонус ретінде сол жүйемді таныстырамын. Жылдарыңыз өте тиімді өтуі үшін қызмет етемін.
Тіркеліңіз: https://t.me/dzhigitbek/1450
🔥 48
Жобаға тіркеліп үлгерген жақсылар!
Бүгін кешке 20:00-де тікелей эфирде кездескенше.
🔥 36
"1 жылда — 50 кітап", 2025 жобасына шақырамын.
Толық ақпарат презентацияда.
22.12.2024 дейін жазылып үлгергендер үшін тікелей эфир жасап, жаңа кітап оқу жүйемді таныстырамын.
Өте икемді, уақытты емес, көңіл-күй, энергияны ескеретін, геймификация элементтері бар жүйе. Ойнап жүріп, күніге 100 бет оқуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
"1 жылда - 50 кітап", 2025.pdf38.04 MB
🔥 320
Photo unavailableShow in Telegram
Раиса Қадыр: түн ортасындағы кітапхана, балалар қарсы болған кітап | Kitapal podcast #35
https://youtu.be/1vbx8XxzM10
Бүгінгі подкастта “STEPPE&WORLD” баспасының негізін қалаушысы, баспагер Раиса Қадыр ханыммен сұхбаттасады. Айтылған тақырыптар:
Балаларға арналған бестселлер кітаптарды басу идеясы
Еуропадағы кітап көрмелері
Балалар кітап оқымайды дейтін ата-ананың өзі оқымайды
Орындықтан құлата жаздаған кітап
Балалар комикс кітап оқыса, өздері комикс сала бастайды
Депрессивті уақытта жылу сыйлайтын кітап шығардық
Хәрри Поттерге көп қарсылық, хейт келді
Кітап оқитын елдер қандай?
🔥 51
