es
Feedback
Dauletten

Dauletten

Canal cerrado

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

Mostrar más
2025 año en númerossnowflakes fon
card fon
378 221
Suscriptores
-25924 horas
-1 9307 días
-5 35830 días
Archivo de publicaciones
💸Архив саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі Келесі жылдан бастап аудандық және ауылдық деңгейдегі архив қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға көбейеді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, саладағы ең төменгі жалақы мөлшері шамамен 300 мың теңге болады. Сонымен қатар, Алматы мен Астанадағы мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебе берілмек. Бұл өзгеріс ол жердегі қызметкерлердің айлығына оң әсер етіп, 1,75 коэффициентпен жоғары жалақы алуға жол ашады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
👍 122 48🔥 9👏 5😎 3🕊 2👀 2
💰Кредитке батқан халыққа кім көмектеседі? Қайда барып, кімге хабарласу керек? Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев егжей-тегжейлі түсіндірген👇 https://www.youtube.com/watch?v=GzhqR93ipxI ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
👏 45 40👍 28🔥 6🙏 2😍 2👀 2🫡 1
💡Үйде отырып бастайтын бизнес іздеп жүрсеңіз, ертеңгі сабақтан құр қалмаңыз. Күніне кемінде 20-30 000 тг табыс тапқыңыз келсе, ертең эксперт Жангелді Бағдаттың кешкі 21:00-де болатын трейдингтен тегін сабағына қатысыңыз. Сабаққа қатысу үшін сілтемеге өтіңіз👇 https://chat.whatsapp.com/DEkZHuh5j4CICC5QVSGws3?mode=ems_copy_t *серіктестік материал
Mostrar todo...
18😁 16😢 4🔥 2
Банктен 6 ай демалыс алуға болады – кредиттік каникул жайлы білесіз бе? Қиын жағдайға тап болған азаматтарға банк уақытша несие төлемін шегеруге мүмкіндік береді. Бұл жеңілдік "кредиттік каникул" деп аталады және көбіне 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мұндай мүмкіндік қаржылық қысымды азайтып, азаматтарға уақытша демалыс сыйлайды. 🔹Ең маңызды шарттар Каникулды рәсімдемес бұрын бірнеше жайтқа назар аудару қажет. Ең алдымен пайыздық төлемдердің тоқтай ма, әлде жалғаса бере ме екенін нақтылап алу керек. Кейбір банктер тек негізгі қарызды шегереді, ал пайыздар сол күйінде төлене береді. Бұл қарыз көлемін арттырмау үшін маңызды мәселе. Сондай-ақ кейінге қалдырылған төлемдер қалай есептелетінін алдын ала сұраған дұрыс, себебі ол қарыз мерзімін ұзартуы немесе ай сайынғы төлемді көбейтуі мүмкін. 🔹Несие тарихына әсері Кредиттік каникул несие тарихына теріс әсер етпейді, бірақ бұл тек банкпен ресми келісім жасалған жағдайда ғана. Сондықтан өтінішті міндетті түрде жазбаша немесе онлайн жүйе арқылы рәсімдеп, барлық құжатты заңды түрде бекіту қажет. Әдетте банк төлем қабілетінің төмендегенін растайтын құжаттарды сұрайды. Бұл – табыстың азайғаны туралы анықтама, жұмыссыз қалғаныңызды көрсететін құжат немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болуы мүмкін. 🔹Бұл қарызды кешіру емес Ең бастысы, кредиттік каникул – қарызды кешіру емес, тек уақытша демалыс екенін есте ұстаған жөн. Бұл мерзімде қаржыны дұрыс жоспарлап, келесі төлемдерге дайындалу қажет. Яғни каникулды пайдалана отырып, табыс көзін арттыруға немесе шығынды азайтуға бағытталған нақты қадамдар жасау керек. 🔹Әр банк шарттары әртүрлі Сонымен қатар әр банк бұл қызметті өз ережелері бойынша ұсынады. Сондықтан мұндай мәселе туындаған жағдайда, ең алдымен, өз банкіңізге тікелей хабарласып, нақты шарттарды анықтап алған жөн. Әр қаржы ұйымында жеңілдік мерзімі, төлем тәртібі мен құжат талаптары әртүрлі болуы мүмкін. 🔹Қорытынды Кредиттік каникул – борышкерлер үшін үлкен қолдау, бірақ оны тиімді пайдалану әркімнің өзіне байланысты. Шарттарды мұқият оқып, кейінгі салдарын есепке алған адам үшін бұл мүмкіндік қаржылық жағдайды тұрақтандыруға жақсы құрал бола алады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
201👏 53🤝 19👀 9🔥 8
00:58
Video unavailable
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев медициналық сақтандыру аясында тіс емханаларында болып жатқан күмәнді әрекеттерге назар аударды. Ол халық өз ақшасын қайда жаратса да, өз еркі деп санайды. Өте дұрыс айтты жалпы👍 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
IMG_6991.MP420.88 MB
👍 927 74🔥 26👏 20🤝 13😁 10👀 7
⚖️Қазақстанда мәжбүрлі некеге қылмыстық жаза енгізілді 16 қыркүйектен бастап елімізде заң күшейді. Енді біреуді некеге зорлап үйлендіру – қылмыс. 🔹 Адам ұрлау: Бұрын жәбірленушіні босатқан адам жазадан құтылуы мүмкін еді. Енді ондай жеңілдік жоқ – жауапкершілік бәрібір қаралады. 🔹 Мәжбүрлі неке: Қылмыстық кодекске арнайы бап қосылды. 📌Жаза түрлері: – 2000 АЕК-ке дейін айыппұл; – түзеу немесе қоғамдық жұмыс; – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру. ❗Егер іс ауыр зардап әкелсе – 5 жылдан 10 жылға дейін, ал зорлықпен, кәмелетке толмағандарға қатысты не қызметтік өкілеттігін пайдалану жағдайында бұдан да қатаң жаза қолданылады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
👍 123 46👏 38👀 5❤‍🔥 3🤝 3🔥 1
🙅‍♂️Қазақстанда төлемді 1 күн кешіктірген қарыз алушыға жаңа несие рәсімдеуге тыйым салынады 📌Енді төлемін кешіктірген азаматтарға жаңа қарыз берілмейді. Яғни: • банктерге қарызын 30 күнге кешіктіргендерге; • микроқаржы ұйымдарына 1 күнге кешіктіргендерге несие рәсімдеуге тыйым салынады. 📌Бұл өзгерістер “Банк туралы” жаңа заң жобасында қарастырылған. Сонымен қатар: • банк қарызы енді мемлекеттің емес, акционердің мойнында болады; • қажет болса мемлекет қаржы құйып, акционер атанады; • цифрлық теңге енгізіліп, төлем құралы ретінде кеңінен қолданылмақ. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, цифрлық теңгеге пайыз жүрмейді, ол депозит емес. Оның басты артықшылығы – төлем қауіпсіздігі мен алаяқтық жағдайында қаражатты толық бұғаттау мүмкіндігі. Сіз қалай ойлайсыз, бұл ережелер халыққа тиімді ме?👇 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
👍 244 102🤬 31👎 17👀 12🔥 10🕊 3❤‍🔥 1👏 1
🥇🇰🇿Қазақ боксының жаңа тарихи жеңісі! World Boxing ұйымы аясында Англияның Ливерпуль қаласында өткен тұңғыш әлем чемпионатында еліміздің Әнұраны 7 рет шырқалып, Көк Туымыз 7 мәрте ең биікте желбіреді!🌍🏆 🇰🇿Қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, командалық есепте 1-орын алды! 🔥 🧔🏻‍♂️Ерлер арасында чемпион атанғандар: 🥇Санжар Тәшкенбай 🥇Махмұд Сабырхан 🥇Төрехан Сабырхан 🥇Айбек Оралбай 👩🏻Қыздарымыздан: 🥇Наталья Богданова 🥇Аида Әбікеева 🥇Алуа Балқыбекова Күміс медаль иегерлері: 🥈Назым Қызайбай Қола жүлде иегерлері: 🥉Елдана Талипова 🥉Виктория Графеева 🇰🇿✨Біздің жігіттер тағы бір жасаған тарихты айтпасақ болмайды. World Boxing аясында өткен чемпионатта тұңғыш рет ағайынды екі адам бір жарыста чемпион атанды. Ол біздің Махмұд пен інісі Төрехан Сабырхандар. Жарайсыңдар, чемпиондар! Жеңісті жолдарың 2028 жылғы Олимпиадада жалғасын тапсын!👏👏👏 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
🔥 742 225👏 194🏆 110👍 63❤‍🔥 18🥰 6🤝 2🙏 1
Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
🥇🇰🇿Қазақ боксының жаңа тарихи жеңісі! World Boxing ұйымы аясында Англияның Ливерпуль қаласында өткен тұңғыш әлем чемпионатында еліміздің Әнұраны 7 рет шырқалып, Көк Туымыз 7 мәрте ең биікте желбіреді!🌍🏆 🇰🇿Қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, командалық есепте 1-орын алды! 🔥 🧔🏻‍♂️Ерлер арасында чемпион атанғандар: 🥇Санжар Тәшкенбай 🥇Махмұд Сабырхан 🥇Төрехан Сабырхан 🥇Айбек Оралбай 👩🏻Қыздарымыздан: 🥇Наталья Богданова 🥇Аида Әбікеева 🥇Алуа Балқыбекова Күміс медаль иегерлері: 🥈Назым Қызайбай Қола жүлде иегерлері: 🥉Елдана Талипова 🥉Виктория Графеева 🇰🇿✨Біздің жігіттер тағы бір жасаған тарихты айтпасақ болмайды. World Boxing аясында өткен чемпионатта тұңғыш рет ағайынды екі адам бір жарыста чемпион атанды. Ол біздің Махмұд пен інісі Төрехан Сабырхандар. Жарайсыңдар, чемпиондар! Жеңісті жолдарың 2028 жылғы Олимпиадада жалғасын тапсын!👏👏👏 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
Photo unavailable
🥇АААААААА!!!! СОҢҒЫ ФИНАЛИСТІМІЗ ДЕ АЛТЫН АЛДЫ АҒАЙЫН! ЖЕТІНШІ АЛТЫН!🔥 Айбек Оралбай – Әлем чемпионы!
Mostrar todo...
star reaction 2 521🔥 225👏 161🏆 107❤‍🔥 21🎉 18🥰 9😍 9🙏 7🫡 6🤯 4
🥊Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай шаршы алаңға шықты! Тек ЖЕҢІС, ЖЕҢІС, ЖЕҢІС! Сәттілік серік болсын ал!🤲
Mostrar todo...
🙏 129🔥 95👍 55 35🏆 11🫡 11😍 2
Photo unavailable
🥇ТАҒЫ АЛТЫНҒА ТАПСЫРЫС БЕРДІҢІЗДЕР МЕ? ОЛАЙ БОЛСА «АЛТЫНШЫ» АЛТЫНДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР!)😍 🥇Наталья Богданова - Әлем Чемпионы!
Mostrar todo...
🔥 521 130👏 118👍 60🏆 35❤‍🔥 16🎉 12🤩 8😘 8😍 6🙏 5
Photo unavailable
🔥🥇ӘНЕЕЕ!!! БЕСІНШІ АЛТЫН!😍 Төрехан Сабырхан Әлем чемпионы!
Mostrar todo...
497🔥 274👏 141🏆 60👍 40❤‍🔥 10😍 9🎉 8🤩 6🙏 6
Photo unavailable
ТӨРТІНШІ АЛТЫЫЫЫЫЫН!!!😍😍😍 Аида Абикееваааа!!!
Mostrar todo...
star reaction 1🔥 575👍 194 153🏆 46🎉 23🥰 12🤯 12😘 12🙏 10😍 9🤩 8
Photo unavailable
🥇ҮШІНШІ АЛТЫН АҒАЙЫН!😍 🇰🇿🥇 Алуа Балқыбекова бокстан Әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды 51 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз финалда түркиялық Бусиназ Чакироглуны жеңді. 🇰🇿 Қазақстандық боксшы осылайша екі дүркін Әлем чемпионы атанды. 🥇2025 - (50 кг) Ниш 🇷🇸 🥇2025 - (51кг) Ливерпуль 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Mostrar todo...
475🔥 196👍 132👏 55🏆 42🎉 14😍 13🙏 11❤‍🔥 3
Photo unavailable
Екінші АЛТЫН ағайын!😍🥇 🥇Махмұд Сабырхан бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды!🔥
Mostrar todo...
🔥 644👏 208 156🏆 46👍 45❤‍🔥 28🙏 13🎉 12💯 10🤩 9😍 9
  • Photo unavailable
  • Photo unavailable
🥇Қоржынға алғашқы АЛТЫН!😍 Санжар Тәшкенбай Ливерпуль төрінде моңғол боксшысы Алдархишиг Баттулгуды жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды! 🥇 Ал Назым Қызайбай 48 келі салмақта финалға дейін жетіп, үндістандық Минакшиге жол берді. Дегенмен, ол ел қоржынына күміс медаль сыйлады! 🥈 Қалған 6 финалист спортшыларымызға сәттілік!
Mostrar todo...
🔥 492👏 163 151👍 83🏆 33🙏 10😍 10🎉 9🤝 8
Photo unavailable
👑2026 жылдан бастап Қазақстанда автокөліктерге «әдемі» нөмірді ресми түрде таңдауға мүмкіндік беріледі. Мәжілісте мақұлданған түзетулер қазір Сенаттың қарауында. Заң қабылданса, төмендегі тарифтер енгізіледі: 🔹 101, 191, 202, 717 сияқты стандартты «әдемі» нөмірлер – 15 АЕК; 🔹 Әріптік белгілері толықтай бірдей нөмірлер – 72 АЕК; 🔹 Сандары әдемі, бірақ әріптері әртүрлі комбинациялар (мысалы: 007, 111, 121, 999) – 57 АЕК; 🔹 Өз қалауыңызша таңдалған цифр мен әріп жиынтығы (бірақ ерекше сандар мен бірдей әріптерсіз) – 10 АЕК. ✅Яғни, келесі жылдан бастап әр жүргізуші өз көлігіне талғамына сай нөмірді заңды түрде рәсімдей алады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
👍 229 106👏 28🤔 14🔥 9👀 8😁 7
Photo unavailable
🏠📱Енді пәтерді смартфоннан сатып алуға болады Қазақстанда жаңа «Цифрлық ипотека» жобасы іске қосылады. 🗓22 қыркүйектен бастап пилоттық режимде жұмысын бастайды. Бұл жоба арқылы қазақстандықтар екінші нарықтағы баспананы мобильді қосымша арқылы ресми түрде сатып ала алады. 📌Министрлік арнайы 7 қадамнан тұратын нұсқаулық бекіткен. Сол арқылы азаматтар пәтерді таңдап, құжат рәсімдеуді толық онлайн орындай алады. Қысқасы, бұрын банктер мен құжаттар арасында жүретін шаруа — енді бір ғана телефонда! ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
Mostrar todo...
🔥 117👍 93 70👀 5👏 4😘 1