es
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Ir al canal en Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Mostrar más
2025 año en númerossnowflakes fon
card fon
50 989
Suscriptores
-1524 horas
-3287 días
-1 60330 días
Archivo de publicaciones
Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді 🟦Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты. 🟦Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен. 🟦Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.
Mostrar todo...
👍 3
00:27
Video unavailableShow in Telegram
1.29 MB
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Президент New Generation School Astana ғимаратына барды Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты. 1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.
Mostrar todo...
7
Photo unavailableShow in Telegram
🔹Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады. 750 балаға қызмет көрсететін бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жоба балаларға заманауи білімді, технологияны, мәдениет пен спортты қолжетімді етуге бағытталған. Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді.
Mostrar todo...
4
Photo unavailableShow in Telegram
Президент: Елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елорданы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
«Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайызға жетті. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұр»,-деді Президент.
▪️Биыл елордада 5 миллионға жуық шаршы метр тұрғын үй салынды. ▪️Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2025 жылдың 11 айында 2,8 триллион теңгеге жетіп, 7,2 пайыз өсті. Яғни 6 миллиард доллар шамасында. ▪️Биылғы 11 айда сауда көлемі 10,8 триллион теңгеден асып, 8,4 пайыз өсім көрсеткен. ▪️ Қала бюджетіне 4,3 триллион теңге салық түскен.
«Астананың 2024 жылғы өңірлік жалпы өнім көлемі 15 триллион теңгеден сәл асты. Бұл – 32 миллиард доллар. Биылғы қорытынды бойынша 34, тіпті, 35 миллиард доллар (17 триллион теңге немесе одан да жоғары) болады деп күтілуде. Ал қаладағы халықтың ресми саны 1,6 миллион адамға жеткен»,-дід Мемлекет басшысы.
Mostrar todo...
👎 3 1
📺Қазақстанда теледидар көрермені 21 пайызға артты Бұл туралы Ұлттық медиа қауымдастығының жыл қорытындысына арналған жиынында белгілі болды. 🚗Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі айыпталушысыз өтеді Өйткені оқиға кезінде екі көліктің жүргізушісі де қаза тапқан еді. 🔹Besqaru зауыты жылына 200 бронды техника құрастырады Олардың қатарында суды кешіп өте алатын және бронды машиналар, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар. 🌎Ресейде 5 миллион жұмыс күші жетіспейді Өнеркәсіп, құрылыс, логистика және көлік саласында кадр дефициті артты. ❗️Ақтөбе облысында 29 медициналық нысан іске қосылды «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасады. 🌳«Таза Қазақстан» акциясына 7 млн адам қатысты Оның 800 мыңға жуығы ерікті. 📚Шымкентте 12 жасар бала 7 жылда 650 кітап оқыған Ол бес жасынан бастап кітапқа қызығып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармаларды еркін оқиды.
Mostrar todo...
4👍 2 1
01:01
Video unavailableShow in Telegram
🇷🇺Ресейде 5 миллион жұмыс күші жетіспейді Ресейде өнеркәсіп, құрылыс, логистика және көлік салаларында кадр тапшылығы ушығып тұр. Тек Мәскеудің өзіне 500 мыңға жуық жұмысшы қажет. Мамандар тапшылықтың басты себептері ретінде демографиялық ахуалдың нашарлауын, еңбекке жарамды халықтың азаюын және шетелдік жұмысшылардың елден кетуін атап отыр. Бұған дейін Ресейде жыл сайын 10 млн-ға жуық еңбек мигранты жұмыс істесе, қазір олардың саны екі есе қысқарған. Сарапшылар 2026 жылдан бастап Ресей экономикасына 12 млн жұмысшы қажет болуы мүмкін дейді. Үкімет Үндістаннан 2 млн еңбек мигрантын тартуды жоспарлап отыр.
Mostrar todo...
новости-копия-копия-копия.mp467.92 MB
👍 2🤷‍♂ 1🤣 1
«Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет» Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте айтты.
«Таяуда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті. Тағы бір үйде лифт құлады. Екі жағдай да қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды. Үкімет құрылыстың барлық кезеңін, яғни жобалаудан бастап дайын үйді тапсыруға дейінгі үдерісті толық цифрландыруға тиіс. Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет. Үй салып жатқан компаниялар мен мердігерлер туралы және сараптама нәтижелері жайлы ақпарат ашық әрі қолжетімді болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Mostrar todo...
2 1
Президент: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ «Мектеп тапшылығы - еліміздегі аса өзекті мәселенің бірі. Алдағы үш жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін. Елордада 28 мың оқушыға орын жетіспейді деген болжам бар. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Жыл басынан бері Астанада 5 млн шаршы метр үй салынды Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте тұрғын үйлердің сапалы салынуы қажеттігін атап өтті. Елорданың құрылыс қарқыны бойынша елімізде көш бастап тұрғанын да атап өтті. Сондай-ақ құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту керектігін тапсырды. «Жыл басынан бері қалада 5 млн шаршы метр үй салынған. Бұл – бүкіл елде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің төрттен бірі деген сөз. Әрине, жақсы көрсеткіш. Бірақ санды көбейтеміз деп, сапаны ұмытып кететіндер бар. Мысалы, таяуда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті. Тағы бір үйде лифт құлады. Екі жағдай да қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды. Сапасыз материалдарды пайдалану, құрылысқа қатысты ережелерді және қауіпсіздік талаптарын сақтамау – нағыз қылмыс. Мұны ашық айтуымыз керек», - деді Президент жиында.
Mostrar todo...
5👍 2
🚌Президент: Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды, қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуы тиіс екенін айтты.
«Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек. Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақтылы жүруге тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет», - деді Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.
Mostrar todo...
🔥 1
Мемлекет басшысы: Астананың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет Астананың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет. Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселеге қатысты нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінен.
Mostrar todo...
🔥 1
Ел бойынша қалдықтарды жоюды көздейтін 40-тан астам жоба жоспарланған – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеқалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаларды іске қосу пысықталып жатқанын айтты. Оның аясында тәулігіне мың жарым тоннаға дейін қалдық өңдеу, электр энергиясын өндіру қарастырылған. «Ел бойынша қалдықтарды жоюды көздейтін 40-тан астам жоба жоспарланған. Олардың бәрі белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен қатар қалдықтарды сұрыптау және қоқыс полигондарын дамыту мәселесіне мән беру маңызды»,- деді Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.
Mostrar todo...
👍 4
Президент: Елордада соңғы 5 жылда бір млн-нан астам оқушыға арналған мыңға жуық мектеп пайдалануға берілді Мемлекет басшысы жиында алдағы 3 жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін екенін айтты. Соның ішінде елордада 28 мың оқушыға орын жетіспейді деген болжам бар. Осындай жағдай Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында осындай жағдай қалыптасуы мүмкін екенін атап өтті. «Соңғы 5 жылда бір миллионнан астам оқушыға арналған мыңға жуық мектеп пайдалануға берілді. Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ. Бұл ретте «Келешек мектептерін» ерекше атап өткен жөн. Архитектуралық және техникалық тұрғыдан қарағанда, бұл – заманауи әрі жоғары деңгейде жабдықталған мектептер», - деді Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.
Mostrar todo...
🤝 1
00:42
Video unavailableShow in Telegram
⚡️12 адамның өмірін қиған жол апаты: Сот процесі айыпталушысыз өтеді Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі айыпталушысыз өтеді. Себебі апат кезінде екі көліктің жүргізушісі де қаза тапқан. Еске салайық, қайғылы оқиға қазан айының соңында «Самара–Шымкент» тас жолында болған. DAF жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, шағын жолаушылар автобусына соққан. Нәтижесінде 10 жолаушы мен 2 жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Тағы 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың екеуі бала. Оқиға бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы негізінде іс қозғалған. Алдын ала сот тыңдауы 29 желтоқсанда өтеді.
Mostrar todo...
новости-копия.mp451.89 MB
1
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды
«Бұған дейін менің тапсырмам бойынша Астанада Smart City жобасы қолға алынды. Жақын арада Жедел басқару орталығы іске қосылады. Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер осы орталықтан басқарылады. Бұл жүйе түрлі қауіп-қатерге дер кезінде назар аударуға және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді»,-деді Президент.
Қазір платформаны іске қосу үшін Деректерді талдау орталығы салынып жатыр. Осы цифрлық инфрақұрылымды құқық қорғау органдары да қолдана алады. Сол арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік туады.
Mostrar todo...
💯 1
Президент: Астана қарқынды дамып келеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын айтты. ▪️Биыл Астанада шамамен 5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. ▪️Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетіп, 7,2%-ға өсті. ▪️Сауда көлемі 10,8 трлн теңгеден асып, 8,4% өсім көрсетті. ▪️Қала бюджетіне 4,3 трлн теңге салық түсті.
Mostrar todo...
👍 2