fa
Feedback
Dauletten

Dauletten

کانال بسته

Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық. Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

نمایش بیشتر
2025 سال در اعدادsnowflakes fon
card fon
378 306
مشترکین
-19224 ساعت
-1 9757 روز
-5 45730 روز
آرشیو پست ها
🏠3 қарашадан бастап «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады 🗓Өтінім беру мерзімі: 3 қараша – 1 желтоқсан 2025 жыл 👥 Қатыса алады: – Отбасы банкінің салымшылары; – Шотында кемінде 2 млн ₸ жинағы бар азаматтар; – Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үй тіркелмегендер. 📲Өтінім беру тәсілі: Барлығы онлайн түрде Baspana Market порталы арқылы жүргізіледі. 💰Несиелеу шарттары:Бастапқы жарна: • 10% — таза әрленген жаңа үйге; • 20% — әрленбеген немесе екінші нарықтағы үйге; • Сыйақы мөлшерлемесі: • 7% — әлеуметтік осал топтарға; • 9% — басқа қатысушыларға; • Несие сомасы: • 30 млн ₸ — өңірлер үшін • 36 млн ₸ — Астана мен Алматы үшін • Мерзімі: 19 жылға дейін 🏙Тұрғын үй түрлері: – Қала орталықтарындағы жаңа үйлер; – Моноқалалар мен ауылдарда — жаңа және екінші нарықтағы үйлер. Пәтерді Baspana Market порталынан таңдап, жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алу мүмкіндігі бар. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👍 129 125👏 9👀 9🙏 8😍 6🔥 4
🏠Елімізде кей банктер қайтадан ипотека бере бастады Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін көптеген қаржы ұйымдары уақытша ипотекалық өнімдерін тоқтатқан еді. Алайда қазіргі таңда бірқатар банктер нарыққа жаңа шарттармен оралды. «Крыша» порталының мәліметінше, классикалық төмен пайызды бағдарламалар жойылып, олардың орнын құрылыс компанияларымен серіктестік және кепілмен қамтамасыз етілген жаңа форматтағы ипотекалар алмастырған. 🏦Қай банктер ипотека береді: 🔹Halyk Bank — бастапқы нарықтағы серіктестік бағдарламалар мен екінші нарықтағы пәтерлерге 20–25% мөлшерлемемен ипотека ұсынады; 🔹Банк ЦентрКредит — өткен аптадан бастап ипотека беруді қайта бастады, мөлшерлеме 20–25%; 🔹Freedom Bank — техникалық баптау кезеңінде, жақында жаңа мөлшерлемелер жарияланады. Қазірше “7-20-25” және серіктестік бағдарламалар қолжетімді; 🔹Altyn Bank — тек бастапқы нарықтағы серіктестік ипотекамен шектеліп отыр. Қорыта айтқанда, ипотека нарығы толық тоқтамағанымен, оның шарттары айтарлықтай қатаңдады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
99👀 12🤯 10🔥 9
📊Дербес кредиттік рейтинг: не үшін маңызды және қалай жақсартуға болады Дербес кредиттік рейтинг – бұл сіздің кредиттік тарихыңыз бен қаржылық тәртібіңіз негізінде есептелетін балл. Оны кредиттік бюролар автоматты түрде жасайды. Рейтинг жоғары болса – банктер мен МҚҰ сізге көбірек сенім артады, яғни кредит алу мүмкіндігі артады. 📊Рейтингке не әсер етеді • төлемдердің кешіктірілуі; • қолданыстағы кредиттердің саны; • коллекторларға берілген қарыздар; • сот істері мен борыш жүктемесі. Рейтинг тек ақпараттық сипатта, бірақ ол кредит мақұлдануына үлкен ықпал етеді. 🏦Неліктен банк бас тартуы мүмкін Егер рейтинг төмен болса, қаржы ұйымдары кредит беруден толық құқылы түрде бас тарта алады. Банк тәуекел жоғары деп санаса, тіпті кешіктірмеген жағдайда да кредит бермеуі мүмкін. 📈Рейтингті қалай жақсартуға болады Төлемдерді уақытында жасаңыз – ең дұрысы, 5–7 күн бұрын. • Қарызды мерзімінен бұрын өтесеңіз, банк дұрыс тіркегеніне көз жеткізіп, анықтама алыңыз. • Қиындық болса, кредитордан қашпай, ресми түрде реттеу жолын іздеңіз. 🔍Рейтингті қалай тексеруге болады Жылына 1 рет тегін білуге болады: • eGov.kz арқылы; • 1cb.kz сайтынан немесе қосымшасынан; • ХҚКО немесе Қазпошта бөлімшелерінен. Қолыңызда жеке куәлік болуы керек. 📌Қысқаша айтқанда, жақсы кредиттік рейтинг – қаржылық беделіңіздің айнасы. Уақытылы төлем мен ашық қарым-қатынас сіздің болашақ кредит мүмкіндіктеріңізді арттырады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
105👏 19👍 15🔥 7🤝 6👀 3❤‍🔥 2🤯 2
Photo unavailable
🇰🇿Бүгін 25 қазан — Республика күні! Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын! Еліміз қуатты мемлекет болып, жылдан жылға халықтың әл ауқаты жақсара берсін. Баршаларыңызға дендеріңіздің саулығын, отбасының амандығын, мемлекетіміздің бай-қуатты болуын тілейміз! ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
192👏 45🙏 41👍 20🔥 13🎉 10🫡 8🤗 6👌 4🕊 4
Photo unavailable
💡ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: ҚАУЫРСЫННЫҢ БІРІН ТАҢДАП, ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ СЫР БІЛІҢІЗ🤗 🪶1 қауырсын Сіз — шығармашылық тұлғасыз. Сіз үнемі бәріне үлгеруге және өзгелерден мықты болуға тырысасыз. Перфекционист болғандықтан, сәтсіздік бола қалса қайта аяқтан тұруға шамаңыз келеді. 🪶2 қауырсын Cіз кез келген жағдайға сіңісіп кете алатын адамсыз. Сонымен қатар жаңа нәрсені үйренуге, білуге құмартып тұрасыз. Бірақ бұл қасиетіңіз сізді өзгелерден алшақтатуы да мүмкін. Дегенмен, сіздің жақындарыңыз сізді қолдауға әрдайым дайын. 🪶3 қауырсын Сіз табиғатыңыздан бастық болуға жаралғансыз. Сізге үнемі қозғалыста болған, бір уақытта бірнеше жобалармен айналысқан ұнайды. 🪶4 қауырсын Сіз барлық нәрседе үйлесім болғанын құп көресіз. Үнемі біреуге көмектесуге дайын жүресіз және жаныңызға өзіңізді сүйетіндерді ғана жинайсыз. 🪶5 қауырсын Сіз кретивті ойлайсыз және бойыңызда актерлік қабілет жетерлік. Бірақ сол талантыңызды қорқақтығыңыз тұншықтырып келеді. 💬Сіздің таңдауыңыз қаншалықты сәйкес келді?👇 ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👍 239 147👏 26😍 17🏆 10🤝 9👀 8❤‍🔥 6🔥 6
Repost from N/a
📢Бүгіннен бастап — Республика Күніне арналған үлкен жеңілдіктер! 🇰🇿 🛍️Еліміздің 220-ға жуық дүкенінде барлық тауарларға 70 %-ға дейін жеңілдіктер енгізілді! 📆Мерекелік акция 24–27 қазан аралығында өтеді — мұны Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесе ұйымдастырып отыр. 📍 Қай қалада және қандай сауда орталықтары қатысады? 🌆Астана: MEGA Silk Way, Хан Шатыр, Abu Dhabi Plaza, Сарыарқа, Көктал, TD Сауран, Magnum, Small, Анвар. 🌆Алматы: Forum, Mega Alma-Ata, Mega Park, Mart & Mart Village, Maxima, Aport Mall East, MOSKVA metropolitan, Grand Park, Asia Park, Sputnik. 🌆Шымкент: Mega Planet, Hyper House, Firkan City, Shymkent Plaza, Shymkent City Mall, RAHIMA PLAZA, Dur Plaza, Бекжан, Diamond Plaza, Royal Plaza, Баян Сұлу. 🌆Ақмола облысы: ЦУМ, РИО, Арбат. 🌆Актөбе: Алия, Мир, Keruen City, Aqtobe Mall, City Shopping Centre, Мега Шыгыс, Нурдаулет. 🌆Алматы облысы: Сити Плюс, Магнум, Биг Маркет, Чильсон, Тан-Шолпан, Ярлин. 🌆Атырау: Насиха, Тамаша, Атырау, Мұрагер, Baizaar, Бақдаулет, Infinity Mall, Sulpak, Мечта, Technodom. 🌆Шығыс Қазақстан (ВКО): Волна, Колос, Самал, Керуен, Император, Гостинный двор, Technodom, ТНП. 🌆Жамбыл облысы: Алатау (ЦУМ), Grand Bazar, Mart, Дос-Нар, Диана, Дамдес, Mart-Magnat. 🌆Батыс Қазақстан (ЗКО): City Center, Атриум, Alem Plaza, Орал, Азиза, Московский, Колос, Жалын, Галактика, Променад, Адал (Технодом), Премиум (Мечта), Asia Mall, Жәңгір-Хан, Квант, Sulpak. 🌆Қарағанды: Абзал, Таир, Умай, Global City, City Mall, Проспект, БУМ, Каскад, Гранд Стор, Южный, Юма, Magnum Cash & Carry, Аян, Корзина, Норма, Оптима, Реал, 12 месяцев, Строймарт. 🌆Қостанай облысы: ЦУМ, Mart, Емшан, Астықжан, Kostanay Plaza, Қазақско-французский центр, Солнечный, Апельсин, БУМ. 🌆Қызылорда: Ағжан, Aray City Mall, Жібек Жолы, Жайна, Айтбек, Отырар, ADS Plaza, Baiuzaq Plaza, Ажар Сити / Меркурий, Magnum, Қызылорда Оптомаркет, Радуга, Small & Skif, Анвар, Океан, Эврика, Sulpak, Мечта, Аль-Асад, Алсер, Технодом. 🌆Маңғыстау: Актау, AK KALA Mall, Байтерек, Астана, Shum, Маңғыстау, Saya Park. 🌆Павлодар: Артур, Квазар, Тулпар, Мирас, Атриум, ЦУМ, City Centre, Batyr Mall, Отау, Барыс, Старый город, Арман, Арзандау, Манакбай, Олжа, Караван, Светофор, Fix Price, Sulpak, Технодом, Белый ветер, Спортмастер, Версаль, Сенім, Баянмолл, Азиямолл, Гулливер, Гудвин, Рубин, Жайлау, Сургут, Байтерек. 🌆Солтүстік Қазақстан (СҚО): City Mall, Rakhmet, Сокол, Айсберг, Пирамида, Аймер, Семейный, Северный. 🌆Түркістан: Turan Mall, Khanshaiym Plaza, Керуен Сарай. 🌆Абай облысы: Park City, Арғымақ, Аркада, Жансая, Көктем, Мереке, Алатау, Ақшың, Апрель, Қазына. 🌆Ұлытау: Самаз, Акцент, Самади, Мечта, Гармония, Әсем, Әлеуметтік, Азамат, Раяна, Сымбат, Жадыра. 🌆Жетісу: Даулет, Евразия, Шаған, Sulpak. 💻Онлайн дүкендерден: • Wildberries — жеңілдік дейін 90 %-ға дейін. • Fortemarket — промокодпен «FMFEST» — 10 000 ₸ бонус. • Kaspi Магазин — кейбір категорияларда 58 %-ға дейін жеңілдіктер. 🔥🏷️Қосымша акция: «Береке Fest» — 25 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін емес, 30 қазан дейін жалғасуда. ~80 сауда желісі қатысады: Magnum, SMALL, Анвар, Toimart, Фермаг, Dina, Астықжан, Норма, Дана және т.б. 📌Қорытынды: Бүгіннен бастап — 24 қазаннан бастап — 27 қазанға дейін еліміз бойынша барлық категорияда (киім-аяқ киімнен бастап тұрмыстық техника мен электроникаға дейін) арнайы жеңілдіктер қолданылады. 💬Paydabar | 📷Paydabar | 📗Paydabar
نمایش همه...
132👏 40🔥 13👍 6😍 5👀 4
🤖ЖИ салдарынан 2030 жылға дейін 1 миллион қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуы еңбек нарығына елеулі әсер етуі ықтимал. Бұл туралы ЖИ вице-министрі Дмитрий Мун хабарлады. 🗣️“Алдағы бес жылда шамамен 2,5 миллион маман өз кәсібінің автоматтандырылу қаупімен бетпе-бет келеді. Оның ішінде 1 миллионға жуық қызметті жасанды интеллект алмастыруы мүмкін,” — деді ол. 📌Мемлекет бұл өзгерісті жеңілдету мақсатында 1 миллион азаматты қайта оқыту бағдарламасын қолға алуды жоспарлап отыр. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
68😱 66👀 24🤯 7
Photo unavailable
👀Алматылықтар, жер сілкінісін сездіңіздер ме? Тұрғындарға осындай хабарлама келіп жатқан көрінеді. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
72🤯 23👀 17🙏 2
Photo unavailable
💰110 000 теңге: Ең төменгі жалақыны көтеру ұсынылды Мәжіліс депутаттары 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін арттыруды ұсынды. 👤 Депутат Дәулет Мұқаев бұл көрсеткіштің қазіргі деңгейін халықтың өмір сүруіне жеткіліксіз деп атады: 🗣️“85 мың теңге — бұл күн көруге жетпейді. Қазір шамамен 1,1 млн азамат дәл осы мөлшерде айлық алады, бұл экономикалық белсенді халықтың 10 пайызына жуық,” — деді ол. 📈Сонымен қатар, ол инфляция деңгейі 12,9% екенін ескеріп, жалақыны көтерумен қатар бағаның өсуін тежеу шараларын да қарастыру қажет екенін айтты. 🌍Халықаралық стандарттарға сәйкес, ең төменгі жалақы медианалық жалақының кемінде 50%-ына тең болуы тиіс. Мұқаевтың есебінше, бұл Қазақстан жағдайында 150–160 мың теңге шамасында болуы керек. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👏 262👍 195 88🙏 14🤝 11🔥 9💯 8😍 5👀 3🫡 2
📱Репост үшін айыппұл: жаңа заң жобасы талқылануда Мәжіліс әлеуметтік желілерде заңға қайшы контентті жариялағандар мен бөліскендерге (репост жасағандарға да) айыппұл салуды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 📌Не үшін жазаланады: Жаңа нормаға сәйкес, төмендегі мазмұндағы жазбаларды таратқандар жауапқа тартылады: • мемлекеттің тұтастығына немесе қауіпсіздігіне қатер төндіретін материалдар; • соғыс, зорлық-зомбылық, есірткі, суицид немесе порнографияны насихаттау; • ұлтаралық, діни араздық тудыру; • сепаратизм мен заңсыз әрекеттерге итермелеу. 🗣Депутат Магеррам Магеррамов түсіндіргендей: “Кім таратса да — бәрі жауапқа тартылады. Тіпті ‘бұл заң бұзу’ деп жазып, видеоны парақшаға салған адамның өзі де таратушы болып есептеледі.” 🗓Заң күшіне енсе, бұрын жарияланған заңсыз контент те есепке алынады — яғни бірнеше жыл бұрынғы жазбаларды да өшіру қажет болады. Айыппұлдың нақты мөлшері әзірге белгісіз. Құжат екінші оқылымнан кейін Сенатқа жіберіледі. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👎 74 60👍 32😁 24👀 10🤯 8😨 7🔥 2🙏 1🤝 1
🚰Суды шектен тыс пайдаланғандарға – 30% қосымша төлем Елімізде ауыз суды шамадан көп тұтынатындарға жаңа тариф енгізілді. Енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдаланса, артық кеткен бөлігіне 30% жоғары тариф есептеледі. ❓Не өзгереді? Жаңа тәртіп бойынша мәслихаттар (жергілікті өкілдік органдар) судың бағасын өздері бекітеді. Дегенмен, тариф республикалық орташа бағадан аспауы керек. 🗣️Су ресурстары комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков қазіргі уақытта өңірлерде халыққа арналған жаңа тарифтерді келісу жұмысы жүріп жатқанын айтты. 📌Бұл норма Су кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданған. Төлем көлемі әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай реттеледі. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👎 134 59👍 42👀 10
🎓2026 жылы студенттерге жаңа мөлшерде шәкіртақы белгіленеді 📈Келесі жылдан бастап Қазақстандағы студенттер жоғары мөлшерде шәкіртақы алатын болады. 🔹 Бакалавр студенттеріне — 52 000 теңге; 🔹 Педагогикалық бағыттағы студенттерге — 84 000 теңге; 🔹 Магистранттарға117 000 теңге; 🔹 Докторанттарға262 000 теңгеден астам шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің стипендиясы 30%-ға артады. Ал оқу үздіктеріне 15% көлемінде үстемеақы қосылады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👏 146 49👍 32❤‍🔥 10🙏 5🎉 4😍 4👀 4
🏠Қазақстанда «Әскери баспана» ипотекасы қайта жанданады Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Кездесуде «Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын қайта іске қосу бастамасы көтерілді. Министр бастапқы жарнаны азайту және пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 🗣️«Қазір әскери қызметшілер үшін жеңілдетілген несиеге нақты қолжетімділік жоқ. Тұрғын үй бағасының өсуі бастапқы жарна жинауды қиындатып отыр», – деді Қосанов. Қорғаныс министрі жеке құрамның әлеуметтік жағдайы басты назарда екенін атап өтті және «Отбасы банк» мобильді қосымшасының жұмысын қалпына келтіруде көрсеткен қолдауы үшін Ляззат Ибрагимоваға алғыс айтты. Министр сондай-ақ «Баспана.кз» сайтындағы жаңа талаптарға назар аударып, әскери қызметшілерге жалдамалы тұрғын үй рәсімдеуді жеңілдету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол екінші деңгейлі нарықтан пәтер сатып алу мүмкіндігін қайтаруды ұсынды — себебі көптеген әскери қызметшілер дайын инфрақұрылымы бар, қызмет орнына жақын баспаналарды қалайды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрғын үй мәселесін бірлесе шешуге және бағдарламаны қайта іске қосуға дайын екенін растады. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
64👏 63👀 8😍 5🫡 3
💰Салық органдары 2 млн теңгеден жоғары айналымы бар азаматтарды тексереді Ұлттық банк жеке тұлғалардың банктік шоттарын қандай жағдайда тексеруге болатынын түсіндірді. 🔎Тексеру тек екі жағдайда жүргізіледі: 1️⃣ Егер шотқа әртүрлі адамдардан 100-ден көп аударым түссе; 2️⃣ Егер шоттағы жалпы айналым 2 миллион теңгеден асып кетсе. 🏦Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – ресми тіркелмеген кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды анықтау. 🗣“Банктік құпия сақталады. Бұл тек кәсіпкер ретінде тіркелмей, табыс тауып жүргендерді анықтауға бағытталған жүйе”, – деді ол. 📌Егер жоғарыда аталған екі шарттың бірі де орындалмаса, салық органдары жеке тұлғалардың деректеріне қол жеткізе алмайды. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👎 107 59🤔 9👀 7🤬 6😭 4😢 3👌 2🤯 1
Міндетті медициналық сақтандырудың жаңа ережелері енгізіледі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесіне төлем жасау мен есептеу тәртібі өзгереді. 🔸 Жұмыссыз азаматтар үшін жарнаны енді жергілікті әкімдіктердің бюджеті төлейді. 🔸 Интернет-платформаларда (мысалы, Yandex, т.б.) жұмыс істейтін азаматтар да енді жарна төлеушілер қатарына қосылады. 🔸 Егер азамат уақытша жарна төлемесе, ол медициналық көмекті 3 айға дейін ала алады. Ал үздіксіз 5 жыл бойы жарна төлегендер үшін бұл мерзім 6 айға дейін ұзартылады. 🔸 Жарна есептеу шегі ең төменгі жалақының 20 есесінен аспайды. 🩺Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жаңа жүйе іске қосылған соң, 1 миллионнан астам адамның жарнасын мемлекет есебінен төлеу жоспарланған. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
104👍 70👀 9👏 5🤝 3🔥 2🫡 2
🏠Ипотекалық несиелеу көлемі екі есеге артады Үкімет халыққа арналған ипотекалық несиелердің көлемін екі есе арттыру туралы шешім қабылдады. 📌Бұл шара базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін банктердің ипотекалық ұсыныстары азайған жағдайда тұрғын үй алуға қолжетімділікті сақтау мақсатында қабылданған. Нәтижесінде, «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясындағы қаржыландыру көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. 🪖 Сонымен қатар, «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады — ол жыл сайын шамамен 7 мың әскери отбасының жаңа немесе қайталама нарықтан үй алуына мүмкіндік береді. 🚗 Бұдан бөлек, үкімет жеңіл автокөлік сатып алу үшін лизинг жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл азаматтардың көлік иелену мүмкіндігін кеңейтпек. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👍 121 74👀 10🤝 9🔥 2👏 2👌 2😎 2🫡 1
💼Жұмыссыз қалғандарға арналған әлеуметтік төлем: кім және қалай ала алады Егер сіз жұмыстан айырылсаңыз, мемлекет сізге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы арнайы әлеуметтік төлем рәсімдеуге мүмкіндік береді. 📊2025 жылдың ІІ тоқсанындағы мәлімет бойынша елде шамамен 449 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл — жалпы жұмыссыздықтың 4,6% деңгейі. Биылдың өзінде 240 мыңнан астам адам төлем алған. 📌Маңызды: Қазақстанда бұрынғыдай “жұмыссыздық жәрдемақысы” жоқ, оның орнына жұмысынан айырылғандарға арналған әлеуметтік төлем бар. Оны тек ресми жұмыс істеген, әлеуметтік аударымдары төленіп жүрген азаматтар ғана ала алады. 📈 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі: 2025 жылғы 1 қазанға дейін 285 мыңнан астам адамға төлем тағайындалған. Жалпы сома — 95 млрд теңге. 💡 Төлем туралы қысқаша: • 🕐 Мерзімі: 1 айдан 6 айға дейін; • 💰 Мөлшері: әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен бұрынғы жалақыға байланысты, жоғалған табыстың 45%-на дейін; • 🔁 Қайта рәсімдеуге болады, бірақ әр жолы сома азаяды; • 📄 Жұмыстан шығу себебі маңызды емес — бастысы, сіздің ресми аударымдарыңыз болуы керек. Қарапайым тілмен айтқанда — егер сіз ресми жұмыс істеп, аударымдар жасап жүрген болсаңыз, жұмыссыз қалған кезде мемлекет сізге жарты жылға дейінгі табысыңыздың жартысына жуық мөлшерде көмек көрсетеді. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
132👍 61🔥 9🤔 6👀 3💔 2🤗 2
🏦Банктер енді несиенің нақты құнын толық көрсетуге міндетті болады Енді қазақстандықтар несие аларда барлық төлем мен пайыздың нақты сомасын алдын ала көре алады. 💰Банктер мен микроқаржы ұйымдары өз сайтында және мобильді қосымшаларында арнайы онлайн калькулятор орналастырады. Клиент несие сомасын енгізген соң, жүйе автоматты түрде сыйақы мен комиссия қосылған толық соманы көрсетеді. 📑Сондай-ақ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) енді шартта ұсақ емес, ірі әрі анық көрінетін қаріппен жазылуы керек. Бұл талап банктердің сайттары мен жарнамалық материалдарына да тарайды. 🗓Ереже 18 қазаннан бастап күшіне енеді. ▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram | 📞WhatsApp канал
نمایش همه...
👍 259 81👀 9👏 7