Данияр Жігітбек
Открыть в Telegram
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
Больше2025 год в цифрах

16 584
Подписчики
-724 часа
-77 дней
-24030 день
Архив постов
Kitapal Club жобамыздың 1 жылдық кешін абыроймен атқардық.
Кештің атмосферасын сезіну үшін фото-репортаж көре отырыңыздар.
1-бөлім:
https://drive.google.com/drive/folders/1HFwPMxqky5dSEfXuDk-ZHpE1RnYSweIv?usp=sharing
2-бөлім:
https://drive.google.com/drive/folders/1Bb3nBj9OCDbw6VzGxOfIvLuUmNov5ijg?usp=sharing
Клубымызға әлі де қосыла аласыздар:
https://t.me/dzhigitbek/1393
Қараша айында Агата Кристидің "Ғайып болған миллион" шығармасын оқып, талдаймыз.
🔥 43
Джігіттер 2.0
Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім
болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету
деп білемін.
Осы ойдың жетегінде "Джігіттер" жобасы пайда болған еді.
Іріктеу аяқталды. 22 жігіт оңай емес сыннан сәтті өтті.
10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп өте алған,
кемінде 10 рет өз денесін көтеріп, турникке тартыла алған,
@kitapalclub - қа тіркеліп, кітап талқыға қатысуға коммуникациясы жеткен,
"Қаржы қағидаларын" менен алып, сатуға 20000 тг ақшасын қиған
22 жігіт бұл жобада болғысы келетінін ісімен дәлелдеді.
Алда бізді 7 айлық жұмыс күтіп тұр. Джігіттердің жан-жақты дамығанын қалаймын.
Бұл — тегін жоба. Джігіттер ықылас валютасын аямай төлесе, мен де білім-тәжірибемді аямай төгемін.
🔥 141
Фото недоступноПоказать в Telegram
https://youtu.be/9uuzGfZ7KUA?si=q6l5aY-nAXzdIz_C
Достар, біз Жапонияны мүлде идеал ел деп елестетеміз. Бірақ таяқтың екі ұшы бар демекші, оның да біз жерінетін тұстары бар. Сонымен қатар, біз үйренетін жақтары да шаш-етектен. Оны подкасттан көре аласыздар.
🔥 87
00:14
Видео недоступноПоказать в Telegram
Сіздер келетін болсаңыздар, + емес, 👍 деген реакция қоя салыңыздар. Орындық санын жоспарлау үшін керек.
IMG_5797.MOV4.86 MB
🔥 54
Фото недоступноПоказать в Telegram
Астана және Астана қонақтары!
Сіздерді жылдың үздік кешінде күтеміз.
50 35 орын бар екен.
https://kitapalclub.tilda.ws/page56189755.html
🔥 35
Фото недоступноПоказать в Telegram
Астана және Астана қонақтары!
Сіздерді жылдың үздік кешінде күтеміз.
50 орын бар екен.
https://kitapalclub.tilda.ws/page56189755.html
🔥 18
Дәл қазір билет алып қоюды ұсынамын.
2000 тг-ң жоқ болса да, қарызға ала тұруға болады. Жағдай до того қиын болса дегенім ғой.
Неге "дәл қазір?"
Бұған дейін жарнама жасағанда, бағасын айтпаппыз. Көбі "бұндай адамдар қатысса, қымбат шығар" деп ойлап келіпті.
Енді бағасын айта бастадық. Сатып алып жатқандар да резко көбейді.
Ертең билет қалмай қалса, без обид.
🔥 50
Фото недоступноПоказать в Telegram
Алматылықтар!
Мынадай кісілер бір уақытта бір жерде күнде жинала бермейді.
Тақырыптарын айтсайшы😍
TED talks Kitapal нұсқасында!
Бағасы небәрі 2000-ақ тг!
Орын алып қою үшін 2000 тг-ңізді мына жерге аударып:
https://pay.kaspi.kz/pay/ot9obkdy
Чекті мына жіберге жіберіңіз:
wa.me/7755622233
🔥 43
Фото недоступноПоказать в Telegram
Тіркелу үшін анкетаны толтырыңыз:
https://forms.office.com/r/Pi31b109h2
🔥 18
Инста парақшама жазылып қойыңыздар: аптасына 3 пост жазып жүрмін.
🔥 59
Показать все...
Құрметті достар!
Осы каналда отырған жандарға арнайы ұсынысым бар.
"Қаржы қағидалары" кітабын тікелей менен
4500 тг-ге ала аласыздар.
+ қолтаңба, тілек жазып беремін.
Бұл кітап басқа жерде кемінде 5000 тг тұрады және қолтаңба, тілек жоқ.
10.10.2024 сағат таңғы 10:10-ға дейін
87053111136
Данияр Ж.
4500 тг аударып,
чек пен аты-жөніңіз, байланыс нөміріңізді мына жерге жіберіңіз:
@bmq01
🔥 23
Құрметті оқырман!
Қазақстандағы ең үлкен оқырман клуб қауымдастығы — Kitapal Club 1 жылдық кешіне шақырамыз.
Былтыр Kitapal Club беташар кездесуі "Ғарышта" деген тақырыпта Алматы қаласында өтті.
Биыл бұл дәстүрді жалғастырып, Астана қаласында "Қазақ әдебиеті: кітап — уақыт машинасы" деген тақырыпта клубымыздың 1 жылдық кешін өткізуді көздеп отырмыз.
Миссиямыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!
Дата: 2.11.2024
Басталу уақыты: 14:11
Аяқталу уақыт: 17:11
Өтетін жері:
"Думан" қонақүй кешені, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 2а
Кеш достық атмосферада өтеді. Негізгі тақырыбымыз: әрине, кітап. Кеш сценарийі, нетворкинг ойындар, спичтер — бәрі кітап оқу салтын насихаттауға, оқырмандар санын арттыруға бағытталады. Құпия қонақтарымыз болады.
Кешке қатысып, сіз кітап оқуға, дамуға, елге қызмет етуге шабыт алып қайтасыз. Қазақстанның жер-жерінен келген өзіңіз сияқты дамушы жастармен танысып, жаңа достар табасыз. Ең бастысы, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру жолында елеулі үлес қосасыз!
Kitapal Club-та болмасаңыз да, келе беріңіз. Досыңызды ертіп әкеліңіз. Кітап оқу, даму, жақсы ортада жүру игілігіне көбірек адам қол жеткізсінші.
Қатысу құны: 5000 тг
Мына жерге төлем жасайсыз:
https://pay.kaspi.kz/pay/tbes8jv5
Сосын чекті мына жерге жібересіз:
wa.me/77774595816
Болды.
Сізді жылдың үздік кешінде күтеміз!
Кездескенше!
🔥 90
Уақытша пост:
Кітапал Мақатаев дүкені Тик Токта стримде.
Ол жақты да кітап оқитын жерге айналдырайық.
Кімде Тик Ток бар, кіріңіздер:
https://vm.tiktok.com/ZMhhk6nVk/
Сіздерге қандай пайда?
Давайте, сол жақта сұрақ-жауап жасай тұрайық комментте.
Бір жағынан адам саны көп болады эфирде. Сосын Тик Ток басқаларға көрсете бастайды. Бізге пайда.
Бір жағынан сұрағыңызға жауап тауып қаларсыз. Сізге пайда.
🔥 20
Оқырман пікірі🫰🏻
(қаз қалпында)
Сәлеметсіз бе!
156 аудионы 2 ай бойы тыңдадым.
Өмір бойы ата-анаңнан, басқадан естісең де, Д.Жігітбектен ерекше қабылдайсың. Неліктен? Себебі - өзі МЫСАЛ. Және университет табалдырығынан үлгілі.
Әрбір аудиоақпаратқа сусындап риза болдым. Таңқаларлық, қызықты, тіпті банальный ақпараттарды да ерекше қабылдадым. 1040 кітап оқып әуре болмадым. Майын, шырынын еш сусыз, сығып берген аудиолар деп ойлаймын.
Әттеген-ай осыларды жастай түсінгенде, білгенде ғой! Өмірімнің бір кезеңін басқаша өткізген болатын едім. Дегенмен 60-тан асқан ата-анама, басқаға да тықпалағаным да болды. Жеке қалауынсыз қиын екен.
Тағы бір қызығы жолдасымның өсиеттерін қазақшалап жеткізген болдыңыз. "Я же Вам говорил" дегені көп болды енді. Ол кісіге "Аха" дей салып жүре беретін нәрселерге мұқият бола бастадым.
Ең басты қуантатын жағдай, алыс-жақын, шалғайдағы қазақ жастарына, барлығына керемет мүмкіндік. Оп-оңай тек аудио тыңдап - өмірін, көзқарасын, стереотипын өзгертуге үлкен шанс ашылып жатыр.
Данияр, рахмет әрбір аудиожазбаға, оған деген дайындыққа"
Әңгіме мына 156 аудио дәріс жайлы болып тұр. Сіз де алыңыз, пайдасын көріңіз:
https://t.me/dzhigitbek/1384
🔥 123
Уақытша пост:
Инстаграм парақшамда жігіттер қыздарға
"Не үшін үйлену керек?"
кітабын сыйлап жатыр:
https://www.instagram.com/dzhigitbek?igsh=b2I1cnQzZmJpZmRv&utm_source=qr
🔥 61
ДЖігіттер 2.0
Елдің дамуына қазір қоса алатын үлкен үлесім
болашақ көшбасшыларға ағалық ақылымды айтып, бағыттап, дамытып, менторлық ету
деп білемін.
Сол мақсатта ДЖігіттер 2.0 жобасын бастағанымды жариялаймын.
Неге "ДЖігіттер"? Данияр Жігітбектің жігіттері, болашақ жобаларымның қаһармандары деген сөз.
Неге "2.0"? Бұған дейін бұл жобаны жасағам. Жемісін көрдім. Командама бірнеше жігітті іріктеп алдым.
ДЖігіттер 2.0 жобасы 7 ай жалғасады: қараша, 2024 - мамыр, 2025. Тегін!
Оған дейін джігіттерді іріктеп алғым кеп тұр. Мына талаптардың бәрін орындаған джігіттерді жобама қабылдаймын.
1. Қараша, 2024 - мамыр, 2025 арасы Алматы қаласында оффлайн кездесулерге келе алуың керек.
Кездесулер көбінесе Тұңғыш Президент саябағында таңғы 08:00-ге дейінгі уақытта өтеді.
2. 1998-2005 жылдар арасында туған джігіттерді ғана қабылдаймын.
Төл құжатыңның суретін жіберіп растай аласың.
3. Алматы Марафон 2024-ға қатысып, 10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп өтіп, кейін сайттан нәтижесін көрсетуің керек.
21 км, 42 км жүгіріп өткендерді уақытына қарамай қабылдаймын.
Марафон 29.09.2024 өтеді.
Қатысу құны: 12000 тг.
Толық ақпарат:
https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/almaty_marathon_2024/
UPD:
Регистрация 16.09.2024 жабылды дейді.
Тіркеліп үлгермеген болсаң, Strava қосымшасын жүктеп, 10 км-ді 60 минуттан аз уақытта жүгіріп, нәтижесін бөлісе сал.
4. Kitapal Club жобасына жазылып,
қыркүйек немесе қазан айының кітап талдауына қатысып,
қатысқаныңды растау үшін фото дәлел және
бірге қатысқан адамдарыңнан сен жайлы пікірін көрсетуің керек.
Жазылу құны: 10000 тг.
Толық ақпарат:
https://t.me/dzhigitbek/1393
5. 3-талапты (марафон немесе Strava) орындаған соң,
10 рет турникке тартылғаныңды видеоға түсіріп, видео дәлел көрсетуің керек.
Дедлайн: 31.10.2024
6. 01.10.2024 - 31.10.2024 арасы
менен 5 дана "Қаржы қағидалары" кітабын алып, сатуың керек.
Маған ақша аударған кезіңде саттың деп есептеймін.
Әр данасын 4000 тг-ден беремін.
Бір данасын менен алып, өзің қалаған сомаға сатып, сосын келесі данасын алып, солай сатсаң да болады.
Бастапқы капиталың 4000 тг болуы керек.
Бірден 20000 тг төлеп, 5 данасын ала салсаң да болады.
Талаптарды мұқият оқып, шешім қабылдауыңды сұраймын.
Нәтижелерді мына жаққа жібересің: @zhigitbek
Іріктеуден өткен, менімен келесі 7 ай бірге болатын джігіттерді 01.11.2024 күні жариялаймын!
🔥 190
