uk
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Відкрити в Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Показати більше
2025 рік у цифрахsnowflakes fon
card fon
50 991
Підписники
-1524 години
-3287 днів
-1 60330 день
Архів дописів
📵 Биыл 6 мыңнан астам қазақстандық алаяқтарға алданған Бас прокуратура телефон арқылы алдайтын алаяқтардың жаңа схемасын түсіндірді. Қаскөйлер алдымен жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен SMS-код келтіріп, артынан қоңырау шалып өзін банк, мемлекеттік орган өкілі немесе курьер ретінде таныстырып, кодты сұрайды. Кейін басқа нөмірден қайта хабарласып, өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырып, «код айтып қойдыңыз» деп қорқытады. Артынша ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару керек деп алдауға тырысады. ❗️Ескеріңіз! Ешқандай «қауіпсіз шот» деген болмайды. Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан 1414-тен келген бір реттік кодты, карта деректерін немесе парольді сұрамайды.
Показати все...
00:34
Відео недоступнеДивитись в Telegram
ІІМ және ТЖМ күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Мұндай тапсырманы қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жүктеді. Алдағы мереке күндері ел бойынша 1 мыңға жуық бұқаралық іс-шара жоспарланған. Олардың көпшілігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты жауапты ведомстволар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
Показати все...
новости-копия(2).mp438.63 MB
2
00:56
Відео недоступнеДивитись в Telegram
ІІМ және ТЖМ күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Мұндай тапсырманы қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жүктеді. Алдағы мереке күндері ел бойынша 1 мыңға жуық бұқаралық іс-шара жоспарланған. Олардың көпшілігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты жауапты ведомстволар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
Показати все...
новости-копия-копия(5).mp464.90 MB
Мемлекет басшысы: Биыл Жамбыл облысына 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды «Аймақтың даму жоспарымен таныстым. Жалпы, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылып, 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылып, 50-ден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді»,-деді Қ.Тоқаев. @qazaqstantv
Показати все...
5👍 4
🔹Президент барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырма берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған инфрақұрылымды дамыту мәселесіне баса назар аударды. «Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуінде. @qazaqstantv
Показати все...
👍 6 4
📌Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдады. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойылды. «Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген.Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым.Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. @qazaqstantv
Показати все...
👍 17 8🔥 3
⚡️Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды «Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын. Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет»,-деді Қ.Тоқаев.
Показати все...
11
Президент: Елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Конституциялық реформа жасалды. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға аса маңызды түзетулер енгізілді.
«Заман күрделі, болашақ бұлыңғыр болып барады. Соған қарамастан, еліміз бейтарап ұстаныммен байсалды сыртқы саясатын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасауда. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі күшейді. Саяси партиялардың рөлі арта түсті. Конституциялық Сот құрылды. Азаматтарымыз стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдауға белсене араласа бастады», - деді Мемлекет басшысы жиында.
Показати все...
7
Президент: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесуде облыстың алдында маңызды, өзекті мақсаттар тұрғанын айтты. Өңірдің экономикасын күшейту керектігін тапсырды. «Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті, елдік мұраты және ерлік дәстүрі тоғысқан қала. Бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер. Шежірелі шаһардың жұртымыз үшін орны ерекше. Біз Тараздың екі мың жылдық тарихын мақтан етеміз. Әулиеата жерінде мемлекеттігіміздің тұғырын нығайтқан талай тарихи оқиғалар болды. Қазақ хандығы осы аймақта құрылған. Көне қала тоғыз жолдың торабында тұр», - деді Президент жиында.
Показати все...
6
Фото недоступнеДивитись в Telegram
💸 Damumed компаниясына 286 млн теңге айыппұл салынды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Damumed компаниясының қызметінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректерін анықтаған. Тексеру нәтижесінде компания «DAMUMED» медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу және техникалық сүйемелдеу қызметтері үшін монополиялық жоғары баға белгілегені белгілі болды. Сот шешімімен серіктестікке 286 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұл толық төленген.
Показати все...
7 1🤝 1
🔺Қаңтар айының зейнетақысын мерзімінен бұрын төлеу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейін аударылатындығы жөнінде жалған ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаңтар айының зейнетақы төлемдері бекітілген кестеге сәйкес, индексацияны ескере отырып, 2026 жылдың қаңтар айында төленеді. Ал 2025 жылғы желтоқсан айының төлемдері толық төленді. Сондай-ақ министрлік азаматтарды жеке деректердің таралуына жол бермеу үшін күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. @qazaqstantv
Показати все...
👍 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты ✔️Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. ✔️Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі. @qazaqstantv
Показати все...
👍 4
Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді 🟦Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді. 🟦Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған. 🟦Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында «Қазфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар. 🟦Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді. 🟦Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді. 🟦Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді. @qazaqstantv
Показати все...
👍 3
01:12
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Сенат дәрігерлерді қорғайтын заңды бірінші оқылымда мақұлдады Сенат медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға арналған заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Енді дәрігерге күш қолданғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұдан былай: ▫️Қорқытып-үркітсе – 300 сағат қоғамдық жұмыс немесе 2 жылға дейін қамау қарастырылған; ▫️ Жарақат келтірсе – 3-7 жыл; ▫️Өміріне қауіп төндірсе – 7-12 жыл. Сондай-ақ бүгін мұздықтарды зерттейтін орталық құру мәселесі қаралды. Онда климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну үдерісі зерделеніп, сел мен су тасқынының алдын алу жолдары қарастырылмақ.
Показати все...
новости-копия-копия-копия(2).mp481.08 MB
2👍 2
01:08
Відео недоступнеДивитись в Telegram
📍Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу мемориалдық тақтасы ашылды Бүгін Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды. Сондай-ақ оның есімі өзі оқыған медициналық колледждің аудиторияларының біріне берілді. @qazaqstantv
Показати все...
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко17.mp434.25 MB
7😢 1🙏 1
01:12
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Сенат дәрігерлерді қорғайтын заңды бірінші оқылымда мақұлдады Сенат медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға арналған заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Енді дәрігерге күш қолданғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұдан былай: ▫️Қорқытып-үркітсе – 300 сағат қоғамдық жұмыс немесе 2 жылға дейін қамау қарастырылған; ▫️ Жарақат келтірсе – 3-7 жыл; ▫️Өміріне қауіп төндірсе – 7-12 жыл. Сондай-ақ бүгін мұздықтарды зерттейтін орталық құру мәселесі қаралды. Онда климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну үдерісі зерделеніп, сел мен су тасқынының алдын алу жолдары қарастырылмақ.
Показати все...
новости-копия-копия-копия(1).mp481.09 MB
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды іріктеуі. Сондай-ақ бір күнтізбелік жыл ішінде конкурсқа қайта қатысуға болады. Бұл әлеуетті үміткерлер қатарын көбейтіп, олардың бағдарламада бағын сынап көруіне қосымша мүмкіндік ұсынады.
Показати все...
👍 3
📌Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды. ✔️Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді. ✔️Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді. ✔️Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді. ✔️Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті. @qazaqstantv
Показати все...
01:29
Відео недоступнеДивитись в Telegram
📺 Қазақстанда теледидар көрермені 21%-ға артты Соңғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, ел бойынша теледидар аудиториясы 21 пайызға артқан. Бұл Ұлттық медиа қауымдастығының жыл қорытындысына арналған жиынында белгілі болды. Биыл алғаш рет теледидар аудиториясын өлшеу шағын қалалар мен ауылдарды да қамтыды. Бұған дейін талдау тек халқы 100 мыңнан асатын 21 ірі қалада ғана жүргізілген. Нәтижеге сай, өңір тұрғындары теледидарды белсендірек қарайды: ауылдар мен шағын қалаларда халық күніне орта есеппен 198 минут теледидар тамашалайды. Бұл ірі қалалардан 21 минутқа жоғары. Сондай-ақ өңірлерде қазақ тіліндегі контентке сұраныс жоғары. Ауылдар мен шағын қалаларда көрерменнің 82%-ы қазақ тілінде көрсе, ірі қалаларда бұл көрсеткіш 59%.
Показати все...
новости-копия.mp4102.77 MB
6
00:26
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көреді. «Ақорда» бағдарламасының түсірілім тобы өңірден хабар таратады.
Показати все...
АҚ Жамбыл .mp431.46 MB
6