uk
Feedback
Данияр Жігітбек

Данияр Жігітбек

Відкрити в Telegram

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Показати більше
2025 рік у цифрахsnowflakes fon
card fon
16 573
Підписники
-924 години
-77 днів
-23130 день
Архів дописів
#рамазан_күнделігі_2022 #рухани_әңгіме 13 жасар бөлемді рухани әңгімеге тарттым. "Күнә деген не?" деп сұрадым. Ол "харам нәрсе" деп жауап берді. Терең түсінбесе де, естіп-біліп жүргені ғой. Әңгіме ары қарай былай өрбіді: — Жақсы. Жалпы қандай күнәлар бар? — Мм.. Арақ ішу, темекі тарту, боқтау, ұрлау, т.б. — Ал күнә жасасаң не болады? — Тозаққа түсесің. Алла тозақта жазалайды. — Сонда сен "Алладан қорқу" дегенді "Алланың жазасынан қорқу" деп түсінесің бе? — Мм... Иә. Осы жерде "так, стоп" дедім іштей. 13 жасар бозбаланың Алланы тану деңгейі ойландырды. Бұл қорқынышты жабайы қорқынышқа ұқсаттым. Неге біз Алланы таныстырғанда, ең бірінші "харам", "күнә", "тозақ" деген нәрселерді айтамыз? Неге біз басқаларды қорқыту, үркіту арқылы Аллаға бойсұндырғымыз келеді? — Мен саған "Алладан қорқу" дегенді басқаша түсіндіріп көрейін. Мысалы, қарашы, сен қазір 7-сыныпта оқисың. Мектепте жоғары сыныпта оқитын бір братаның бар дейік. Ол өте мейірімді. Ол сені жақсы көреді, сені үнемі қорғап жүреді, бір нәрсе қажет болса, әпереді. "Біреу тиіссе, маған айт" дейді. Ол барда мектепте еркін жүресің. Ешкімнен қорықпайсың. Сен де оны ерекше жақсы көресің. Оның саған деген осы махаббатынан, қолдауынан айырылып қалғың келмейді. Сол үшін оның көңілін қалдырмауға тырысасың. Айтқанын екі етпейсің. Бір күні сол братаның саған "Мына белсебетті ұстап, осында тұра тұр. Қазір бір клиент келеді. Соған бер де, ақшасын ал. 20 000 тг беруі керек. Өзің тебуші болма" деп кетеді. Сен "ок" деп, қаласың. Жарты сағат өтті. Ешкім жоқ. "Бір айналып келейін, алысқа кетпеймін ғой" деп өзің теуіп кетесің. Жолда достарың шығып, олармен ойнап, клиентті, братаныңның өтінішін ұмытасың. Клиент келіп, күтіп-күтіп, кетіп қалады. Бұны братаның біліп қояды да, қатты ашуланады. Сен қорқа бастайсың. Сол сәтте нақты неден қорқып тұрғаныңды анықтап алайықшы. Братаның сені жазалап, ұрмайтын шығар. Ол өте мейірімді. Сен де шектен шықпайсың. Онда неден қорқасың? Сен негізі оның мейірімінен, саған деген ерекше ықыласынан айырылып қалудан қорқып тұрсың. Ол сенен сырт айналады, басқа брәтішке тауып алады деп те қорқасың. Бұл жабайы қорқыныш емес. Алладан қорқу да сондай болуы керек. Алла сені ерекше жақсы көреді. Сен оны сезінетін шығарсың. Мысалы, өткенде қиын емтиханның алдында Алладан көмек сұрап едің ғой. Ол сені сол сәтте қолдады. Сен оны жан-тәніңмен сездің. Алла сені үнемі қорғап жүреді. Ол барда ешкімнен қорықпасаң болады. Ендеше сен де Оның тыйғанынан тыйыл, бұйырғанын істе. Одан қорық, дәлірек айтсам, Оның мейірімінен айырылып қалудан қорық. Оның мейірімінен айырылсаң, Ол сенен сырт айналса, күнің қараң. Қолдаусыз, қорғаусыз қаласың.
Показати все...
#рамазан_күнделігі_2022 Өткенде көшеде көлігіммен келе жатқам. Біреуге тез жүре қоймағаным ұнамады ма екен, артымнан пипылдатып, кәңкретні боқтады. Қаным басыма шапты. Мен негізі эмоциямды басқара алатын адаммын. Шыға салып, жаға жыртысып кететін жан емеспін. Бірақ ашуым ішіме сыймай бара жатыр. Боқтайын десем, оған сөздік қорым жетпейді. Артыма жақтырмағанымды көрсетіп, сұсты көзіммен қарасам, әлгі жігіт те маған аса сұсты емес көзімен қарап, оңға бұрылып бара жатыр екен. Менен ответка болмағанына өзі де таңқалған сияқты. Сөйтіп екеуміз екі жаққа кетсек те, мен іштей әлі анамен ерегісіп жаттым. Неше түрлі диалог, монологтар кетіп жатыр. Ашуым тарқар емес. Бір жағынан, Сержан братан сияқты машинадан шыға салып, әлгіні дер кезінде орнына қойып тастамағаныма өкініп тұрған да сияқтымын. Ә дегенге мә демесең, әлсізсің деген бір түсінік бар ғой бізде. Сол есіме түсіп, өзімді чмо сезіндім. Бірақ мұсылмандық болмысым қаттылықтан, дөрекіліктен тосып тұрды. Менің ашуымды жұтып, үнсіз қалғаным дұрыс шешім болды ма? Бір уақытта кезінде ерекше әсерленіп, ұнатып, сосын жаттап алған мына бір аят ойыма оралды да, жүрегім жай тапты: وَعِبَادُ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى ٱلْأَرْضِ هَوْنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلْجَٰهِلُونَ قَالُوا۟ سَلَٰمًا Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, (наданмен надан болмай) оларға: «Аман болыңдар!» – деп, өз жөніне кете барады. («Фурқан» сүресі 25:63) Маған осы "ъибадур рахман" (Рахманның хас құлдары) образы ерекше ұнайды. Тема сезім ше. Өзіңмен-өзің кішіпейіл боп, жұмсақтық танытып жүресің. Надандар боқтаса, балағаттаса, қолыңды кеуде тұсыңа қоясың да, "аман бол✋🏻" деп өз жөніңмен кете бересің. Қысқасы, бұл мен үшін керемет бір нұсқаулық болды. Келесі жолы артымнан біреу пипылдатып, боқтаса, аварийкамды қосу арқылы "аман бол✋🏻" деймін. Бастысы өзімді "неге ерегіспедің, орнына қойып тастамадың ба?" деп сөкпеймін, себебі сол ситуацияда солай істеуім дұрыс екендігі Құранда айтылған. Жүрегім тыныш, көңілім жай. Өзімді "Ъибадур рахман" сезінгеннен кайф аламын.
Показати все...
#рамазан_күнделігі_2022 Адамның ең қатты қорқатын нәрселерінің бірі – өлім. Мен кейде ойланамын "менің өлім сәтім қандай болады екен?" деп. Мысалы, бір қаракөз қарындасымды зорламақ болған бұзақыны тоқтатам деп жатқанда, ол мені пышақтап өлтіруі мүмкін. Немесе елде бүлік шығып, баламды мектептен алып кетуге бара жатқан маған ары-бері ұшқан оқтардың бірі тиіп, мерт болатын шығармын. Болмаса, шетел басқыншылары жерімізге кіріп, бейбіт тұрғын мені жай атып тастай алады. Бұл — қазір ойыма келген жаман сценарийлердің бірнешеуі ғана. Әрине, бұлай өлуді қаламаймын. Бірақ бұл менің қорқыныштарым екен. Түбі өліммен бітуі мүмкін қорқыныштар. Жақсы. Осылай-ақ көз жұмайын. Сонда не болады? Мен өмірден өтсем, бағанағы зорлық, бүлік, басқыншылықтың, олардан қорқудың мен үшін еш мәні қалмайды ғой. Олай болса, не үшін қорқуым керек? Мен мені біреу пышақтағандықтан немесе атып тастағандықтан емес, ажалым жеткендіктен қайтыс боламын. Басқа себеппен болса да, ажалым жетсе, бәрібір сол сәтте дүниеден өтетін едім. Ал ажалым жетпесе, өмірім жалғаса береді. Бұл ой мені батыл ете түсетін сияқты. Келесі жолы басым кететінін білсем де, шындық айтатын жерде шындық айтамын. Өртеніп жатқан үйге қорықпай кіріп, іштегі адамдарды құтқарамын. Несіне қорқамын? Мені өлім емес, өлімнен кейінгі хәлім көбірек толғандыруы керек. Қорқақ боп өлгенше, батыр боп өлген жақсырақ қой. Міне, соның арғы дүниеде мәні болады.
Показати все...
#рамазан_күнделігі_2022 Кез келген проблеманың шешімі адамның өз ішінде. Мысалы, "өз ісімді қалай табамын?", "мына кісіні жар етіп алайын ба?", "табысымды қалай арттырамын?", т.б. Тек ішкі дауысын ести білсе, болғаны. Кәдімгі сыбырлаған дауыс. Оны танып, біле аласың. Ол дауыс нақты әрі сенімді шығады. Оны естігенде, бар күмәнің сейіледі. Бізге ол дауыс еміс-еміс естіледі. Тіпті көп жағдайда естімей қаламыз. Себебі сыртқы шу қатты боп тұр. Не істеу керек? Сыртқы шуды азайту керек. Ал ол үшін оқшаулану керек. Біздің заманда физикалық оқшаулану қиын болғанмен, ақпараттық оқшаулану әбден мүмкін. Жаңалық оқымау, әлеуметтік желілерді өшіре тұру, болмаса, пайдасыз парақшалардан кету, өзіңе қатысы жоқ әңгімелерді тыңдамау – ақпараттық шудан арылудың жолдары. Ең болмағанда Рамазанда бұны істей аламыз ғой. Тамақ жеу, оны қорыту энергиямызды алмаған соң, зейінімізді ішкі дауысымызға көбірек бұра аламыз. 30 күн осы режимде жүріп көрсең, ішкі дауысың қаттырақ шығып, саған не істеу керек екенін айта бастайды да, проблемаларың бірінен кейін бірі шешіле береді.
Показати все...
#рамазан_күнделігі_2022 Рамазан айының берекесін иманды адамдар ерекше сезінеді деп ойлаймын. Көп ісің жеңіл әрі тез бітеді. Дұға тілесең, лезде қабыл боп жатады. Кедергілер өзінен-өзі кетеді. Тіпті мәшінеңді СТО-ға кіргізсең де, тез жөнделеді. Бұрын "ана запчасть" жетпей қалатын, кезекте ұзақ тұратынсың, т.б. Бұл өзіңді алдау емес. "Рамазан келді, ал енді береке белгілерін іздейінші. Сөйтіп басқаларға міне, көрдіңдер ме, Рамазан қандай берекелі ай" деп айтайыншы демейсің. Арнайы іздемесең де, береке белгілері көзіңе көріне береді. Рамазанда дүниелік болсын, ақыреттік болсын, кез келген пайдалы істі қолға алып, белсенді болу керек. Мысалы, студент дипломдық жұмысын басқа айларда дәл бұл айдағыдай өнімді жаза алмайды. Әдетте мұсылмандар "Рамазанда бүкіл жұмысымды тоқтатып, демаламын" дейді. Былайша айтқанда, белсенділігін тоқтатады. Бірақ Рамазанның берекесін пайдаланбау обидно да е. Рамазан біткенде, береке де азаяды. Мәселелерің бұл айдағыдай жеңіл әрі тез шешілмейді. Сол үшін Рамазанда керісінше белсенді болу керек. Дүниелік һәм ақыреттік істерде.
Показати все...
Ақшамды қайда сақтағаным дұрыс? Теңге құнсызданып жатыр. Долларда сақтайын ба? Доллардың өзі де құнсызданып жатыр. Онда акцияда ма? Қор нарығының өзі қазір тұрақсыз. Кіретін уақыт емес. Биткоинде ме? Риск өте жоғары. Ойландым да, ақыры ең дұрысы, қазір ақшамды садақаға жұмсап, Алланың "есепшотында" сақтау керек екенін түсіндім. Себебі "Алла садақаны еселеп қайтарады" және "Садақа мал-мүлікті құнсызданудан сақтайды". https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Инстаграмда қаржы сауаты тақырыбында посттар жазып жүрмін. 7 апта болды. 14 пост жазылды. Оқып жүргендер болса, төменде пікір қалдыра салыңыздаршы. Инстаграм парақшам: https://www.instagram.com/dzhigitbek/ "Бұл тақырыпта жаза бастауыма не түрткі болды?" дейтін шығарсыз. Қаңтар трагедиясы! Қаңтарда қаламызда қан төгіліп жатқанда, ештеңе істегім келмей қалды. Дәлірек айтсам, не істерімді білмедім. Уайым басты. Адамды уайымнан гөрі сол уайым кезіндегі әрекетсіздігі қинайды екен. Сол үшін, түсінгенім, уайым энергиясын бірден әрекетке жұмсау керек. Мен не істей аламын? Мен дәл қазір неге ықпал ете аламын? Осы ойлардың жетегінде халықтың қаржы сауатын арттырайыншы деген ой пайда болды. Аз-маз білгенім бар еді. Неге қаржы сауаты? Біздің басты проблемаларымыздың бірі: кедейлік. Қаңтар трагедиясы соны үлкейтіп көрсетті. Иә, келісем, мемлекет әлеуметтік лифт жасап беруі керек. "Екі қолға бір күрек берші, ақша табайын" деген жастарға жағдай жасалсын. Бірақ жауапкершілікті мемлекетке артып қойып отыру да дұрыс емес. Әркім өз өмірі, өз тәуелсіздігі, өз қаржылық тәуелсіздігі үшін өзі күресуі керек. Әлемнің ең кедей елінде тұрсаң да, сенің өз сценарийің болсын. Мен елімнің әр азаматы бай болғанын қалаймын. Ең әуелі ойымен, болмысымен бай, еркін болса деймін. Сол жолда күреске шыққан жауынгер сезінемін өзімді. Соғыс деген тек қару алып, жауды тойтару деп ойласаң, қателесесің. Қаржылық тәуелсіздік үшін күресу де — соғыс. Бір ұлт тәуелсіздігі үшін күреседі ғой, бұл да дәл сондай күрес. Әзірге менің қызметім ағартушылық қана. Бірақ болашақта бұнымен шектелмейтін сияқтымын. Себебі күнде құбылып жатқан заман бізден өзімізді, елімізді, балаларымыздың болашағын қорғау үшін көп іс бітіруді талап етіп отыр. Бұл өмірде мүлдем босаңсуға болмайтынын түсіндім. Сен мына жерде шалқып отырғанда туған жеріңнің бір бұрышында бір бауырың қиналып отырады. Сол дұрыс па? Олай болмауы керек қой. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Саясат мектептен басталады Мектепте бір атмарозік жігіт болатын. Қолынан ештеңе келмесе де, басқаларды үркітіп, қорқытып өзіне керегін алатын. Одан бәрі именетін. Атмарозік десе, атмарозік. Артын ойламайды ғой, шіркін. Ұр да, жық жігіт. Сәл аңғалдығы да бар. Мені де түртіп кететін. "Қорықпадым" десем, жалған айтқан болар едім. Сол үшін аулақ жүретінмін. Оның үстіне, мен ақылдымын ғой. Артымды ойлаймын. Денсаулық керек, көз керек, тіс керек. Бір күні типа братан біреу кеп айтты "егер анау тиіссе, қорықпа, маған айт, өзім сөйлесем" деп. Мен оған сеніп қалдым. Сөйтіп духым көтеріліп, сенімді жүре бастадым. Ана атмарозік бұрынғыдай қорқынышты емес. Братаным бар ғой бірдеңе болса. Күндердің бір күні әлгі атмарозікке менің көкірек керіп жүргенім ұнамады-ау деймін, сабақ үстінде сыртқа шақырып ап, әңгіме айта бастады. Іштей "өзі бірінші ұрсын, сосын мен де аямаймын" деп тұрдым. Көмектесем деген братан жоқ. Көрмегендей боп өтіп кетеді. Мен жалғыз қалғанымды түсіндім. Енді маған ешкім көмектеспейді. Біткен жерім осы дедім. Біреуге сеніп нем бар еді? Кеудемді кермесем, атмарозік те бүйтіп тиіспес еді ғой. Оны ақылмен, айламен жеңуім керек еді. Қазір іске қара күш қосылайын деп тұр. Бірақ шегінерге жол жоқ. Қорқынышқа қарсы жүрсең, сейіле береді екен. Бір рет ерегіскеннен кейін, төбелестің дәмін бір татып көргеннен кейін онша қатты қорықпайды екенсің. Оның үстіне біреу кеп сенің еркіндігіңе қол сұқса, аянып қалмауың керек. Сол кезде бір мұғаліміміз ажыратып алмағанда, қазір бұл текстті жазып отырар ма едім, Құдай біледі. Бірақ бұл оқиғадан менің түйгенім мынау: 1. Братандарға арқа сүйеме. 2. Атмарозіктерді айламен, ақылмен жең. 3. Еркіндігің үшін ештеңеден аянба. 4. Біреу кеп әдейі тиіссе, именбе. Сенікі дұрыс болса, да канса күрес. 5. Әдетте кеудеңді кермей жүрсең, саған тиісетіндер аз болады. Сол үшін қарапайым болу керек. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Арғы көшедегі бір үйге сырттан бір агрессор кіріп келіп, қиратып жатқанын көргенде, ішті бір үрей билейтіні рас. Ертең менің де үйіме кіріп, ойындағысын істеп, ойран салмасына кім кепіл? Бірақ қорқыныш сондай нәрсе, бұға берсең, сұға береді. Бірақ оған қарсы жүрсең, сейіле береді. Былтыр жазда @narikbi_live екеуміз жартыжылдықты қорытындылап, подкаст жазған едік. Саяси тақырыпты да айналып өте алмадық. Сілтеме: https://t.me/narikbi_live/996 Сол кезде бір ой айтып едім. Бүгін соны кішкене толықтырып, жеткізіп көрейін. Біз бірлігімізді нығайтып, білімімізді арттырып, байлығымызды еселеп, еркін адамдардан құралған азаматтық қоғамды құрайықшы. Егер көпшілік критикалық ойлай алатын болса, саяси ұстанымы берік болса, билік те көп ұзамай ауысады. Эволюциялық жолмен. Демократияны халық талап етуі керек. Яғни, саяси қаңқасы бекімеген халықтың үстіне демократияны кигізе салсаң, оны құртып алуың мүмкін. Сол үшін билік ең алдымен халықтың саяси сауатын көтеруіне кедергі келтірмеуі керек. Білімсіз мұғалімнің кілең білімді оқушылардың алдында ұзақ жүрмейтіні анық. Түбі ол сыныптан кетуге мәжбүр болады. Бірақ халықтың да оянатын түрі жоқ: той-думан, хәләулім-мәләулім, инстаграм, тик-ток-тағы арзан дүниелер, ойын-күлкі — бәрі халықты ойландырудың орнына, терең ұйқыға батырып жатыр. Бәрі жақсы сияқты. Қайдағы?! Біз жылы суда алаңсыз жатқан құрбақаға ұқсаймыз. 5 минуттан кейін судың қатты қайнап, күйдіріп жіберетінін сезбейміз. Жаңалықтарды оқып ап, "ойбай, анау соғыс ашты, біз де құримыз, мыналар қайда қарап отыр?", т.б. энергияңды болмайтын, өзіңе де, өзгеге де пайдасы жоқ іске жұмсай берме. Оданша дәл қазір өз мүмкіндіктеріңнің шеңберінде "азаматтық қоғам, демократиялық мемлекет құру жолында ел бірлігін нығайту үшін, білімімді арттыру үшін, байлығымды еселеу үшін не істей аламын?" деп ойланшы. Мысалы, "азаматтық қоғам, демократиялық мемлекет" деген не екенін іздеп көру алғашқы қадамың болуы мүмкін. Бір адасып жүрген досыңа "мұның болмайды, мына кітапты оқышы" деу де — жеңіс. Ел іргесін қорғаудағы ең үлкен соғысың осы болмақ. Мен сыртқы жаудан қорықпаймын. Мен бірлік, білім, байлықтың жоқтығынан, немқұрайлылық, жауапсыздық пен сауатсыздықтан қорқамын. Біз Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарынан айырылып қалудан қорқатын ел емес, керісінше Омбы, Астрахан, Орынбор және Саратов облыстары бізге қосылуды армандайтын елге айнала аламыз. Мен соған сенемін. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Өз өміріңді әдемі сериалға айналдыра алмаған соң, сағаттап сериал көресің. Өзгенің сторизін сағаттап сырғытып, бақылап отырасың? Себебі саған өз өмірің қызық емес. Өзгенікі қызығырақ. Ащы шындық осы! Асылы сен ең алдымен өз өмір-сериалыңның басты кейіпкері һәм басты көрермені болуың керек еді ғой. Өз өмірің қызық болса, сен өзгенің хикаясын тамашалауға уақыт таппайтын да едің. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
– Балам, сен мықты болуың керек. Барлық жағынан мықты болуың керек: білім, иман, мінез, ақыл, күш, ептілік. – Не үшін, әке? – Құдайдан басқа ешкімге тәуелді болмау үшін, Құдайдан басқа ешкімнен жалынып жәрдем сұрамау үшін, Құдайдан басқа ешкімнің алдында иілмеу үшін, Құдайдан басқа ешкімге күнің қарамауы үшін мықты бол! – Онда, әке, мен мықты болсам, әлсіздерді артта қалдырып, олардан үстем болады екенмін ғой. – Жоқ, балам, сен әлсіздерді артта қалдыру үшін емес, оларды алға сүйреп, көмектесу үшін мықты болуың керек! https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Күнделіктегі жазбадан 17.12.2016 02:45 ⠀ "Тәуелсіздік күні де өтті. "Елім, жерім, дінім" деп өткен ата-бабаларымыздың рухына Құран бағыштадым. Елімнің ертеңіне алаңдаймын. Өзгелер кеп ел байлығын талан-таражға салмаса екен деген мендік тілек. Әділетсіз парақор басшыларды, халықтың ой-пікірімен санаспайтын шенеуніктерді ойлап, көңілге кірбің түседі. Бірақ олар кетеді ғой. Орнына келетін жастарды көбірек ойлау керек. Бұл — менің мемлекетім. Алла қаласа, артымызда қалатын ұрпақтардың мемлекеті. Олардың бейбіт тәуелсіз бай елде тұрғанын қатты қалаймын. Ел болашағына деген жауапкершілікті мойныма алуым керек сияқты. Өз қамымды ғана ойлай бермей, өзгенің бақыты үшін барымды салуым керек. Барлық адам бақытты болуы үшін туған. Ең әуелі қоғамның әр мүшесі өзі мықты болуға тырысса, содан соң жауапкершілік аясын кеңейте берсе, жақсы болар еді. Мысалы, отбасы жауапкершілігі, туыстар, ауыл, аудан, мемлекет, әлем! ⠀ Мені тағы алаңдататын нәрсе: қарагөз қарындас, інілерімнің тағдыры. Өмірі иман аясында өтсе екен. Жамандық атаулыдан алыс жүрсе екен. Барынша қорғағым, жөн сілтегім келеді. Ех! Әркімнің тағдыры әртүрлі. Кім болса да, әйтеуір, бақытты болса екен, шын бақытты болса екен. Екі дүниеде де. ⠀ Алладан "адамдарға деген махаббатымды арттыра гөр" деп сұрайтынмын. Тілегім орындалып келе жатқандай. Адамдарға махаббат көзімен қарап жүргендеймін. Бұл дегенің: қатесін елемеу, түсініп, кешіріммен қарай білу. Меніңше, шынайы махаббат ештеңені талап етпейді. Тек бергің келеді, бергің келеді. Еш қайтарым күтпейсің". https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Балам! Ертең бізден "Мені не үшін өмірге әкелдіңдер?" деп сұрасаң, "қартайғанда бізді бақсын", "бізге қолғабыс боп жүрсін деп таптық" демейміз. Себебі сен біздің меншігіміз емессің. Сені Құдай белгілі бір мақсатпен жаратты. Сенің дүниеге келуіңді қалаған бізге аманат етіп табыстады. Өмірді өзен десек, сол өмірдің мәні – ағыспен ағу емес, өз жағалауыңды табу. Мына алып ғаламға қарап, өзіңді кішкентай нүктедей көрме. Асылы, сен – үлкен әлемсің. Сан мың тағдырлар тоғысқан мына өмірде өз орның бар, қайталанбас рөлің бар. Соны табуыңа, өзіңді табуыңа, раббыңды табуыңа көмектесу бізге міндет. Біз саған дүние деген шедеврлерге толы Құдайдың көрмесін көрсеткіміз келеді. Саған бақытты ғұмыр сыйлағымыз келеді. Себебі сен тек бақытты болу үшін жаралғансың. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Оқы, балам! ⠀ "Оқы!" деген раббыңның сөзі бар, балам. Тал бесіктен жер бесікке жеткенше оқы. Оқығаныңды көңілге ықыласпен тоқы. Білім жолында сөнбесінші жүрегіңнің оты. ⠀ Мына әлем – Құдайдың үлкен кітабы, балам. Оны да оқып, зерделеуге ашық болсын санаң. Таң-тамаша болып, авторының алдында тағзым ет. Мадақ айт Оған. ⠀ Білім – нұр. Ал нұр таза жерге қонады. Сол үшін жүрегіңді таза ұста. Білімді адамды ұқсатамын қанаты мықты құсқа. Ол ағашқа қонғанда, ағаштың құлап кетуінен қорықпайды. Себебі қанатына сенеді. ⠀ Оқы, балам! Оқы, балам! Себебі атың – адам! https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Әр дүйсенбі және бейсенбі инстаграмда жаңа пост жариялап жүрмін. Ол жақтағы посттарды бұл жаққа, бұл жақтағы жазбаларды ол жаққа салмаймын деп шештім. Парақшама жазылып қойыңыздар. Кейінгі екі посттың сілтемесі төменде👇🏻 "Максимумды сығып ал": https://instagram.com/p/CY6-WtLMLwz/ "Қаржылық проблемалар қалай пайда болады?": https://www.instagram.com/p/CZFX7dAL3xQ/?utm_medium=copy_link
Показати все...
Білім де ақша сияқты: мұқтаж жандармен, яғни, білімге мұқтаж жандармен бөліскен сайын білімің арта береді. Мұқтаж адамдар екі түрлі болады: біреуі мұқтаж нәрсесін, яғни, білмегенін сұрайды, екіншісі сұрай алмайды. Екеуі де пайда алуы үшін білімімді бөлісе беруді жөн көрдім. "Бәрін тегін айта берсем, ертең курс жасасам, бөлісетін нәрсем қалмай қалады" деген ойдан арылу керек. Себебі білім бөліскен сайын арта береді және керісінше бөліспеген сайын кеми береді. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Әдет қалыптастыру алгоритмі Өзін өзгерткісі келген адам әдеттерінен бастайды. Мысалы, ол телефонға телміріп, инстаграмда сағаттап отыру өзіне ешқандай пайда бермейтінін, бұның жаман әдет екенін түсінеді. Сосын бұл әдетін тұншықтыруға кіріседі: түрлі шектеулер қояды, нәпсісімен күреседі. Былайша айтқанда, телефоннан тәуелсіз болу әдетін қалыптастырғысы келеді. ⠀ Бірақ, мойындау керек, көп жағдайда мұндай талпыныстары сәтсіз боп жатады. Көп ұзамай бұрынғы әдетіне қайта басады. Себебі оның әдет қалыптастыру алгоритмі дұрыс болмай тұр. Ол өзгерісті әдеттен бастады. Негізі ол өзі жайлы, өз тұлғасы жайлы ойын өзгертуден бастауы керек еді. Қалай? ⠀ Сенің өзің жайлы ойың қандай? Сен кімсің? Миыңда өзің жайлы қандай образ тұр? Красавчиксің бе? Сорлысың ба? Өзіңді бір нәрсеге ықпал ете алатын тұлға ретінде көресің бе, жоқ па? Жақсы, сондай тұлға болғың келе ме өзі? Тіпті өзіңді сондай тұлға болуға лайық санайсың ба? ⠀ Бір мысал келтірейін. Темекі тастауға тырысып жүрген екі кісіге шылым ұсынды. Бірі “жоқ, мен темекіні қояйын деп жүрмін” деп, екіншісі “жоқ, мен темекі шекпейтін адаммын” деп жауап берді. Қалай ойлайсың, екеуінің қайсы шылым шегу әдетінен тезірек арылады? Байқадың ба, біріншісі ойша өзін әлі де шылым шегуші адам санап тұр. ⠀ Әуелі өзің жайлы ойыңды өзгерт. Өзін инвестор, финанс гениі сезінбейтін немесе сондай болғысы келмейтін адам кіріс-шығыс есебін жүргізу, үнемдеу, инвестиция жасау сияқты жақсы финанси әдеттерді қалыптастыра алмайды. Қанша тырысса да. Ал өзін жастарға үлгімін деп санайтын адамға күнде шашын жуып, киімін реттеп, аяқ-киімін сүртіп, жинақы боп жүру қиын емес. Бұл әдеттер тез әрі оңай қалыптасады. Өзін жазушымын деп санайтын адам әлі ол деңгейге жетпесе де, аптасына 2 шедевр пост жазу әдетін олай ойламайтын адамға қарағанда тезірек қалыптастыра алады. ⠀ Әдеттеріңді еске алшы. Не үшін қиын боп жатқанын түсінген шығарсың. Нәтижені, соған жеткізеді-ау деген әдеттерді емес, қандай тұлға болғың келеді, соны көбірек ойлауың керек. Соны қалауың керек. Сондай болуға лайық екеніңді ойлауға өз-өзіңе рұқсат бер. Содан кейін сол тұлға қандай әдеттерге ие, соны ойла. Сол әдеттерді қалыптастыр. Бұл жолы сен өзіңе қажет дұрыс әдеттермен жұмыс істей бастайсың. Басқа біреудің айтқанымен емес. Бұл әдеттердің мақсаты: өзің қалаған тұлғаға айнала бастағаныңды өз-өзіңе дәлелдеу. ⠀ Мысалы, табысты адамдар ерте тұрады. Сен өзіңді табысты адам ретінде көрмей, ерте тұруды қанша жерден әдетке айналдырам десең де, дегеніңе жете алмайсың. Алдымен өзіңді табысты адам ретінде көр. Соны қатты қала. Сосын ерте тұра баста. Себебі ерту тұру — табысты адамдарға тән әдет. Ерте тұру әдеті өзіңе өзіңнің табысты тұлға екеніңді күнде дәлелдеу үшін ғана керек. Содан ләззат алып, күнде ерте тұра бергің келеді. ⠀ Ал ләззат сыйламайтын, нәтиже бермейтін істі ешкім істегісі келмейді. Мысалы, толық адам артық салмақтан арылуды мақсат етеді. Күнде 5 км жүгіреді, дұрыс тамақтана бастайды. Бұны бір күн істеу оңай. Бірақ бір-екі аптадан кейін шыдамай, бұрынғы өмір салтына оралады. Себебі бұл әрекеттері, әдеттері өзі күткен нәтижені бермей жатыр. Әдетті нәтижеге жеткізетін құрал ретінде ғана көрсең, осы. ⠀ Қайтсе бұл әдеттері оған ләззат сыйлайды? Ол салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға болуды қалауы керек. Сол образ миында жанып тұруы керек. Кезекті 5 км-ін жүгіріп, дұрыс тамақтанып, ол өз-өзіне сол образға сай болып жатқанын тағы дәлелдейді. Содан ләззат алады да, жақсы әдеттерін шабыттанып қайталай береді. Бір уақытта сол әдеттер оның болмысына айналып, ол тұлға ретінде өзгеріп шыға келеді. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Абай хәкімнің "Өзіңе сен, Өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап" деген сөздері ойыма оралып тұр. Кейінгі күндердегі толғаныс, уайымдарымның түйінін шешіп бергендей болды. Бұл өмірде сенуге, арқа сүйеуге ең лайық адам ол – өзің. Президент те, авторитет те, ата-атаң да, ұстазың да, бизнес серіктесің де – ешқайсы емес, тек өзің! Проблема өзіңе сенбей, өзгеге сенген кезіңде басталады. Мүмкін сенің өзіңе сенбеуің, сенімсіздігің өзгеге көбірек арқа сүйегеніңнен шығар? Осы сөйлемдерді бірнеше рет оқып, ой жүгіртіп көрші. Өзіне сенетін адам не істейді? 1. Адал ЕҢБЕК етіп, ештеңеге, ешкімге қарамай, [Алланың алдында] сол істі асқан жауапкершілікпен барынша көркем түрде істеуге тырысады. 2. Қандай жағдай болмасын, өз басымен ойланып, АҚЫЛЫН қосады. Еңбегің пен ақылың сені кез келген тығырықтан алып шығады. Әлемнің ең кедей елінде жалақасы ең аз жұмыстан бастасаң да, түбі бір жерді тесіп шығасың. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Өз-өзіңнен қарыз алу Былтыр iPhone алғым келді. Бұл қалауым емес, қажетім еді. Сапалы сурет пен видео блогерлік жұмысыма қажет болды. Бірақ iPhone-ды жөн көргенімнің басты себебі: оның қызмет ету ұзақтығы. Бір алсам, ұзақ қолданам деп ниет еттім. 4-5 жыл мысалы. Бұған дейін 77 000 тг-ге (сол кездегі ақшамның жеткені сол болды) алған Xiaomi Redmi Note 7-м 1 жыл қызмет етіп, сыр бере бастады. Маған телефон ауыстыра берген ұнамайды. Уақыт, энергия, ақшаның шығыны. Қаржы сауаты тұрғысынан қымбат болса да, ұзақ қызмет ететін затты сатып алған дұрыс. Және жеңілдікпен! Себебі ұзақ уақытқа шаққанда ол арзанға түседі. Сөйтіп iPhone іздей бастадым. 2020 желтоқсаны еді. Ол кезде трендте iPhone 12 болатын. Нәрікбимен ақылдастым. Ол "11 мен 12-нің арасында аса үлкен айырмашылық жоқ. Тіпті X алсаң да, болады" деді. Бағасы жағынан 11-дің арзанырақ екені түсінікті. Ойлана келе, таңдауым iPhone 11 Max Pro 128 Gb-қа түсті. Max Pro: қуаты ұзаққа жетсін деген ой.128 Gb: жады ұзаққа жетсін деген ой. Kaspi-ден қарасам, 650 000 тг деп тұр. "Мәссаған!" дедім. Маған бұл баға тым қымбат көрінді. Менің принципім: қымбат болса да, ұзақ қызмет ететін затты жеңілдікпен сатып ал. Кілт сөздердің бірі: "жеңілдікпен". Сөйтіп "жеңілдікпен қай жерден сатып ала алам?" деп ойландым. Есіме ескі танысым түсті. Қолма-қол ақшаға iPhone сатады. Хабарластым. Мен іздеген iPhone бар екен. Бағасы: 520 000 тг. Қолма-қол болған соң арзанырақ екен. Дүкеннің, банктің қосатын бағасы жоқ. Менің қолымда 520 000 тг бар еді. Дәлірек айтсам, бұл жеке қорымда жатқан ақша еді. Мәжбүр жағдайда ғана алып, қолданам деген. Мысалы, жұмыссыз қалсам немесе жұмысқа жарамай қалсам, Құдай сақтасын. Бір жағынан бұны "психологиялық қауіпсіздік қоры" десе де болады. Маған келетін қаржы ағыны тоқтап қалса, "қорым бар ғой" деп уайымдамай жүре берем. Ал санасын уайым билемеген адам дұрыс шешім қабылдай алады, тығырықтан шығатын жолды тез табады. iPhone-ға аса қатты мұқтаж болмасам да, бұл қалауым емес, қажетім екеніне көзім жетті. Ал қаржы сауаты қажет пен қалаудың аражігін ажыратудан басталады. Сол сәтте өз-өзімнен қарыз алам деп шештім. Пайызсыз қарыз. Өз-өзімнен алмағанда кімнен алам? iPhone үшін басқа біреуден қарыз алу немесе банктен кредит алу қате шешім дер едім. Ай сайын қосымша 43 542 тг тауып, қарызымды 12 айда бөліп төлеп, толық жабам деп ойладым. Менің жаңа мақсатым пайда болды: ай сайын қосымша 43 542 тг табуым керек. Бұл да — бір челендж. Қарызды уақытында қайтару маңызды еді: бұл қордың ақшасы ғой. Жақында қарызымды жаптым. Өз-өзіңе қарыз болып, соны жапқан қызық екен. iPhone-ім, шүкір, әлі тың. Әлі 3-4 жыл ұстай беруге ниеттімін. Оған дейін біреу-міреу соңғы үлгідегі iPhone-ды сыйлап қалмаса, әрине😀 Ұқыптылық та — қаржы сауатының бір бөлшегі. Сатып алған затты барынша ұқыпты ұстау керек. Телефон болсын, киім болсын, жиһаз болсын. Ұқыптылық сол заттың ғұмырын ұзартады. Маңдай теріңмен тапқан ақшаңды шаша салу ақымақтық емес пе? #қаржы_сауаты https://t.me/dzhigitbek
Показати все...
Ақша — энергия Өткенде бір кісі каспиіме "рақмет" деп 100 тг жіберіпті. Өзімді жақсы сезініп қалдым. Энергиям артқандай. Қызық. Үлкен ақша да емес. Алғыс сөздерін күнде естіп жүрмін ғой. Бірақ алғысыңды ақша түрінде білдіру басқаша әсер етеді екен. Мен ол кісінің ақша жіберіп, алғысын білдіріп жатқанда өзін ерекше бай сезінгенін, оның да энергиясы артқанын білемін. 100-ақ тг болса да. Ақша — алғыс айтып, энергия алмасу құралы. Мен мешітке кірген сайын 500 тг садақа жасаймын. Бұны "мешіт ақысы" деймін. Менің жылы және таза жерде намаз оқуыма жағдай жасаған қызметкерлердің еңбегі бар ғой. Соған алғыс ретінде 500 тг-імді тастаған сайын өзімді ерекше бай сезінемін. 500-ақ тг ғой былай қарасаң. @narikbi_live -тің подкастарын тыңдап жүргеніме біраз болды. Көп пайда алдым. Өмірім жақсара түсті. Бірақ осы уақытқа дейін алғысымды репост, жылы пікір түрінде білдіріп жүрсем де, ақша түрінде білдірмеппін. Содан ішкі дауысымды тыңдадым. "Дәке, алғысыңның энергиясы қанша теңге?" деп. "10 000 тг? Аздау. 20 000 тг? Дәл-дәл!" дедім де, Нәкеңнің каспиіне "шаба бер!" деп 20 000 тг салып жібердім. Өзімді іштей 200 000 тг-ге байып қалғандай сезіндім. Бұл ішкі сезім 10 күнде кэшке айналды: 10 күнде каспиіме негізгі табысымнан бөлек тура 200 000 тг түсті. Адамдарға ақшалай алғыс білдіріп, шүкір еткенде де Алла оны еселеп қайтарады екен. Ақша түрінде алғыс білдіргенде, соманың үлкен болуы да шарт емес. Жай ішіңізге сыймай жатқан алғыс сезімін 100 тг түрінде білдіріп көріңізші. Энергияңыз тасып, өзіңізді жақсы сезіне бастайсыз. Иә, ол кісі 100 тг-іңізден байып кетпейтін шығар. Бірақ кемінде 100 000 тг табатын энергия алады. Сіздің тамшыдай үлесіңіз үлкен өзгерістің басы болуы мүмкін. Қазір мен барып, 500 тг-імді тастап жүрген мешітте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Имамның айтуынша жазда ақша болмай, енді жиналған көрінеді. Мен бұл мешітке қыркүйектен бері бас сұғып жүрмін. Шамамен 30 000 тг садақа қылған шығармын. Менің садақам үлкен мәселені шешпеуі мүмкін. Бірақ іште "бұл процестің алға жылжуына менің де тамшыдай үлесім тиді-ау" деген ой жатыр. Жөндеуден өткен мешітте өзгелер одан сайын шабыттанып, әдемі құлшылық қылады деп ойлаймын. @narikbi_live сияқты подкаст жасап, YouTube жоба бастап немесе кітап жазып, құндылық жасап жүрген қыз-жігіттерге алғысыңызды ақшалай білдіріп көріңізші. Тамшыдай болса да. Сіз ақша жібермейсіз, энергия жібересіз. Сосын өзгелер сол құндылықты пайдаланып, одан сайын шабыттанып, әдемі тіршілік қылады деп ойлаймын. Бұл процестің алға жылжуына сіздің де тамшыдай үлесіңіз тиеді. https://t.me/dzhigitbek
Показати все...