uk
Feedback
Данияр Жігітбек

Данияр Жігітбек

Відкрити в Telegram

Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion

Показати більше
2025 рік у цифрахsnowflakes fon
card fon
16 576
Підписники
-924 години
-77 днів
-23130 день
Архів дописів
Repost from Narikbi LIVE
01:21
Відео недоступнеДивитись в Telegram
#Talk: Еріксіз студент, қаламаған оқуыңды оқу, оқуға түсе алмасаң, не болады? Салем достар, бүгін подкастымыздың #talk жаңа бағытын қабыл алыңыз. Бұл подкасттың ерекшеліктеріне келсек: 1. Формат. Тек аудио платформаларда шығады. 2. Хост. Бұл подкастта менен басқа тағы тұрақты үш хост болады, олар: - Ескендір Бестай - коуч-педагог; - Данияр Жігітбек - кітаптар авторы; - Әбілқайыр Мәдиұлы - белгілі исламтанушы; 3. Ең басты ерекшелігі ол сіздерді мазалап жүрген өзекті сұрақтарды талқылау. Яғни таңдалған сұрақты әр түрлі саланың мамандары жан жақты талқыға салатын болады. Сұрағыңызды келесі сілтеме арқылы қалдыра аласыздар: https://tinyurl.com/2u38r6ss
Показати все...
Untitled Project (Made by Headliner).mp46.35 MB
🔥 103
Құрметті жақсылар! Kitapal Club қауымдастығы өз жұмысын ресми бастады! Дәл қазіргі сәтке дейін Қазақстан бойынша 125 оқырман клубымыз құрылды!🔥 Атап айтқанда: Алматы: 53 клуб Астана: 22 клуб Түркістан: 8 клуб Қарағанды: 8 клуб Шымкент: 7 клуб Павлодар: 3 клуб Орал: 3 клуб Атырау: 3 клуб Қызылорда: 3 клуб Ақтөбе: 3 клуб Өскемен: 3 клуб Семей: 2 клуб Ақтау: 2 клуб Қостанай: 1 клуб Тараз: 1 клуб Қаскелең: 1 клуб Аягөз: 1 клуб Талдықорған: 1 клуб Әлем бойынша 5 клубымыз бар: Ұланбатыр: 4 клуб Баян-Өлгий: 1 клуб Әр клубта 8 адамнан. Топбасылар (head-тер) алғашқы тапсырмаларын алды. Жыл бойы оқып, талдайтын кітаптар тізімін бердім. Қызықтың бәрі алда. Өз networking чатымызды ашып қойдық. Сол жерде үлкен отбасы боп бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Бірігіп жасайтын жобалар көп. Қуантатыны, өзіміз сияқты даму жолына түскен интеллектуал достарымыздың саны артты. Қыркүйектің соңы — қазанның басы Алматы қаласында үлкен форум жасау жоспарда бар. Барлық Kitapal Club мүшелерін шақырып, жобаның беташарын шулатып тұрып жасап жіберу керек😀 Менің қазіргі бар ойым: әрбір клуб мүшесі осынау үлкен қауымдастықтың бір бөлшегі болғанын мақтан тұтатындай, өзгелер бізге қызығатындай жағдай жасау. Бастысы, бәріміз жұмылып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырып жатырмыз деген ой қатты қуантады. Білуімше жер-жерде әлі клубтар құрылып жатыр. Қосылыңыздар. Әлі де кеш емес. Өзара 8 адам боп өз қалаңызда ұйымдасып, бір тобасын (head) сайлаңыз. Сосын сол head мына сауалнаманы толтырсын. Болды. Сосын тобыңызды ресми тіркейміз. Сіздер де Kitapal Club қауымдастығының бір мүшесі атанасыздар. Құрметпен, Данияр Жігітбек Kitapal Club президенті
Показати все...
🔥 183
Kitapal Club қауымдастығына (community) шақырамын! Біздің миссиямыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Болашақта еліміздің әр азаматы жылына кемінде 10 кітап оқығанын көргіміз келеді. "Болашақта елді кітап оқитын адамдар басқарады" деген сөз бар еді ғой. Kitapal Club қауымдастығын құру арқылы біз еліміздегі оқырмандарды бір тудың астына жинағымыз келді. Біріксек, үлкен күшке айналамыз! Қауымдастық деген — миссиясы, мүддесі, бағыты, құндылықтары бір адамдар ғой. Яғни, сіз қауымдастыққа қосылу арқылы өзіңізге жақын бизнес серіктес, дос таба аласыз деген сөз. Қауымдастық мүшелері бір-біріне ерекше қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Сырттағы біреудің өнімін сатып алғанша өз ортаңдағы адамнан алу әлдеқайда сенімді емес пе? Kitapal Club қалай жұмыс істейді? Kitapal Club қауымдастығын жер-жердегі оқырман клубтары құрайды. Әр оқырман клубы 8 адамнан тұрады: бір head (топбасы) және 7 оқырман. Неге 8 адам? Жиналып, ұйымдасуы оңай. Кітап талдауға бәрі белсенді қатысады. Кездесулер өнімді өтеді. Бұл клубтар әр айдың соңғы аптасында оффлайн жиналып, біз ұсынған кітапты талдайды. Кітаптар тізімі дайын. Оны қауымдастық чатында бөлек жариялаймын. Сонда біз бір жылда әрқайсымыз 12 кітап оқып, соны талдап, бір толқында боламыз. Ойлаңызшы, 100 клуб құрсақ, бұл 800 оқырман деген сөз. 800 адам бір жылда әрқайсы кемінде 12 кітап оқып, соны талдайды. Керемет емес пе? Одан бөлек Kitapal Club аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз: камп, форум, саяхат, т.б. Клуб мүшелері Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру жолында ерікті боп түрлі жобаларға (мысалы, "Ауылға кітап" сияқты) қатыса алады. Өздері идея ұсынса, тіпті керемет. Kitapal Club-қа қалай қосыла аласыз? Өз қала/ауылыңызда 8 адам бірігіп, оқырман клубын құруыңыз керек. Бір head (топбасын) сайлап қойыңыз. Болмаса, өзіңіз head боп, жауапкершілік алып, тағы 7 адам жинаңыз. Кездесулер оффлайн өтетінін ескеріңіз. Мен head-терге арналған телеграм чат ашып қойдым. Сол жерде тапсырма, бағыт беріп отырамын. Іс-шаралар жайлы да сол жерде хабарлаймын. Инстаграм парақшамызды кешірек ашып қоямыз. Клуб мүшесі атану үшін Kitapal мобильді қосымшасын жүктеп, сол жерде 8000 тг тұратын бір жылдық подписканы алуыңыз керек. Сосын бір жыл бойы бізден шыққан кітаптардың электронды нұсқасын шексіз оқи бересіз. Біз талдауға ұсынған кітаптар да сол жерде болады. Әзірге Head (топбасы) болу жауапкершілігін алған жандар мына форманы толтырсыншы: https://forms.gle/rpDaMvzd52Er5UKG8
Показати все...
🔥 182
Repost from Narikbi LIVE
00:47
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Тизер. Қарап қана қоймай, бөлісіп те қойыңыз) https://youtu.be/w6tYx7BqiPs
Показати все...
Teaser stories (4).m4v53.02 MB
🔥 89
Repost from Narikbi LIVE
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Данияр Жігітбек: саяхат, жауапкершілік & жарты жылдық қорытынды #Narikbi LIVE 69 Бүгінгі эпизод қонағы - Данияр Жігітбек. Бұл шығарылымда біз соңғы жарты жылды қорытындылап, өз бастарымыздан өткен өзгерістер мен алған сабақтарымызды талқылап, алдағы жоспарлармен бөлістік. https://youtu.be/w6tYx7BqiPs
Показати все...
🔥 72
Threads әлеуметтік желісінде челлендж бастадым. #1000_кайДЖен_қадам деп атадым. ДЖ – Данияр Жігітбек. Яғни, Данияр Жігітбектің 1000 кайдзен қадамы. Өмірімді жақсартатын кішкентай кайдзен қадамдарды сол жерде жазып отырамын. Есеп ашылды. Мақсат: 1000-ға жеткенше бөлісе беру. Бәлкім бұл бастама сіз үшін пайдалы боп қалар. Себебі сіз өміріңізді өзгерткіңіз, жақсарғыңыз кеп, бірақ неден бастарыңызды білмей немесе бірден үлкен қадамдарды ойлап кетіп, қиналып жүрген шығарсыз. Бұл жоба сізге кішкентай кайдзен қадамдардың қандай болатынын көрсетеді деп ойлаймын. Соған қарап, өз қадамдарыңызды жоспарлай алатын боласыз. Маған жазылып қойыңыз👇🏻 https://www.threads.net/@dzhigitbek
Показати все...
🔥 146
Фото недоступнеДивитись в Telegram
https://youtu.be/HBzIyGLilkM 2-маусымның соңғы подкасты. Кімді арман қызықтырады, соңына дейін көріңіздер.
Показати все...
🔥 93
Құрбан айт мейрамы құтты болсын! Кімге немесе неге жақындау үшін немізді құрбан етіп жүрміз? Мейрам күнгі абыр-сабырдың арасында бір ой жүгіртіп көрейікші.
Показати все...
🔥 396
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Кітап және бақыт / Kitapal podcast #13. Бөлісіп жіберіңіз. https://youtu.be/GnqUAwqglUg
Показати все...
🔥 86
"Қаржы қағидалары" кітабына предзаказ жасаған жандар арасында рандом арқылы 3 жеңімпазды тікелей эфирде анықтадық. Оларға қаржы бойынша 1 айлық менторствомды сыйлаймын. Жеңімпаздар, хабарлассыншы: 1. Сатымбаева Жанар, Алматы 2. Аманқұлов Ұлықбек, Астана 3. Нұралиқызы Жансая, Алматы.
Показати все...
🔥 98
Фото недоступнеДивитись в Telegram
https://youtu.be/m39CNqfkURk Кітап және уақыт / Kitapal podcast 12-шығарылым Бөлісіп жіберіңіз. Пайдалы болсын!
Показати все...
🔥 66
"Қаржы қағидалары" кітабыма төлеп жасап қойған достарым! 06.06.2023 сағат 21:00 (Алматы уақыты) инстаграм парақшамда тікелей эфирде араларыңыздан рандом арқылы 3 жеңімпазды анықтаймын. Сол 3 адамға 1 ай (1 сағаттан 4 кездесу) қаржы бойынша менторство жасайтын боламын. Нұрай әрқайсыңызға реквизиттерді берді. Бүгін төлем жасап қойыңыздар рандомға қатысу үшін.
Показати все...
"Қаржы қағидалары" предзаказын бүгін сағат 14:00-де жабамын⚠️ Предзаказға үлгеру үшін төмендегі форманы толтырып қойыңыз. Менеджер Нұрай деген қыз ...4582 деген ватсап нөмірден сізге өзі хабарласады. https://forms.gle/F4nJU4Cgv4q2Wpkg6
Показати все...
Төлеп жасаған алматылықтар! Кітаптарыңыз дайын. Ақсай 5, 25 - тегі Kitapal дүкенінің офисінен алып кетіңіздер. Күнде 10:00 - 20:00 арасы офис ашық. Ақтау, 02.06.2023 Kitapal дүкенінің ашылуына сіздерге өзім ала барам! Атырау, 03.06.2023 Kitapal дүкенінің ашылуына сіздерге өзім ала барам! Шымкент, 10.06.2023 Kitapal дүкенінің ашылуына сіздерге өзім ала барам! Қалған қалалар, менеджер шет-шетінен поштамен жіберіп жатыр! Күтіңіздер!
Показати все...
Егер сізге менеджер әлі хабарласпаса, ватсап нөміріңізді дұрыс жазбадыңыз деген сөз. Форманы қайта толтырып жіберіңіздер дұрыс ватсап нөмірді жазып.
Показати все...
"Қаржы қағидалары" предзаказын 31.05.2023 (осы сәрсенбі) сағат 14:00-де жабамын⚠️ Предзаказға үлгеру үшін төмендегі форманы толтырып қойыңыз. Менеджер Нұрай деген қыз ...4582 деген ватсап нөмірден сізге өзі хабарласады. https://forms.gle/F4nJU4Cgv4q2Wpkg6
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Кітаптар қолыма тиді. Енді қолтаңба қоя бастаймын. Предзаказға үлгеріңіз.
Показати все...
"Қаржы қағидалары" предзаказына форманы толтырып қойған достарым! Рахмет! Менеджер Нұрай деген қыз ...4582 деген ватсап нөмірден сіздерге жазып шықты. Реквизиттерді берді. Төлем жасап қойыңыздар. Форманы өшіріп тастаған күні предзаказ бітті деп есептесеңіз болады. Әзірге ашық. Кейін тек дүкеннен ғана ала аласыздар. Ол қымбатырақ болады. Сосын рандом арқылы 3 жеңімпазды анықтап, қаржы бойынша жеке менторство жасайтын боламын.
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
11-шығарылым жарық көрді. Көріп, бағалап жіберіңіздер. Бөлісіп, басқаларға пайдалы болуына үлес қосып жіберсеңіздер. https://youtu.be/ZZcN_qO2c_c
Показати все...
🔥 95
Тағы предзаказға үлгергісі келетіндер бар ма? Жоғарыдағы форманы толтырып қойыңыз. Соған қарай кітап санын жоспарлаймыз. 👆🏽👆🏽👆🏽
Показати все...