uz
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Kanalga Telegram’da o‘tish

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Ko'proq ko'rsatish
2025 yil raqamlardasnowflakes fon
card fon
50 970
Obunachilar
+1224 soatlar
-2687 kunlar
-1 50830 kunlar
Postlar arxiv
00:30
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Hammasini ko'rsatish...
петербург.MP423.77 MB
👎 10👍 5 4
✉️Президент Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. – Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады, – деп жазылған жеделхатта. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
🙏 12😢 6😭 5👍 3 2
00:47
Video unavailableShow in Telegram
⚡Мобильді аударымдарды тексеру тәртібі нақтыланды Қаржы министрі Мәди Такиев банктердің салық органдарына мәлімет ұсыну қағидаларын бекітетін бұйрыққа қол қойды. Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін салық органдары жасырын кәсіпкерлік қызметке тек аударымдар санына қарап күмәнданатын. Яғни, егер үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түссе ғана тексеру жүргізілетін. Енді жаңа талапқа сәйкес, аударым санына қоса оның жалпы сомасы да ескеріледі. Егер үш ай қатарынан түскен қаражаттың жиынтық көлемі ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кетсе, тексеруге негіз болады. 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге деп белгіленген. Осыған сәйкес, үш айда жалпы сомасы 1,02 миллион теңгеден асатын және 100 немесе одан да көп мобильді аударым түскен жағдайда, бұл кәсіпкерлік қызметтен табыс табу белгісі ретінде қарастырылады.
Hammasini ko'rsatish...
шолу.mp455.49 MB
👍 6 2
00:34
Video unavailableShow in Telegram
🎞️«Өмірге өкпем жоқ»: Асанәлі Әшімовтің соңғы сұхбаты Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің «Qazaqstan» телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбаты өткен жұмада эфирге шыққан еді. Бұл аңызға айналған актердің соңғы сұхбаты болды. Бүгін 14:40-та Асанәлі Әшімовтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсірілген «Бірегей» деректі фильмі, 22:05-те «1001 түн» бағдарламасына берген соңғы сұхбаты, 22:35-те «Қыз Жібек» көркем фильмі ұсынылады. #Qazaqstan телеарнасынан көріңіздер.
Hammasini ko'rsatish...
1221 (6)(1).mp439.52 MB
😢 23👍 6 3🤷‍♂ 2😭 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов өмірден өтті Белгілі кино және театр әртісі, Қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов дүниеден озды. Асанәлі Әшімов - қазақ киноөнерін әлемдік деңгейге көтерген бірегей актерлердің бірі. Ол көрермен жадында Бекежан, Шадияров, Мәмбет, Қасымханов, Ка мырза сынды жарқын рөлдерімен сақталды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтады.
Hammasini ko'rsatish...
😢 63🕊 8 6🙏 5😭 1
00:15
Video unavailableShow in Telegram
❄️Сауд Арабиясында қар жауды Сауд Арабиясының бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ тіркелді. Қар таулы аумақтармен қатар шөлді өңірлерде де жауған. Араб түбегі үшін бұл сирек кездесетін табиғи құбылыс. Сондай-ақ Эр-Рияд қаласында қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Синоптиктердің болжауынша, елдің солтүстік аймақтарында қар аралас жаңбыр бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
1206-копия (1)-копия-копия (2).mp419.40 MB
7🙏 5👍 2🤩 2
00:44
Video unavailableShow in Telegram
📊Ел экономикасы туу көрсеткішінің өсіміне дайын ба? ❓Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуал қалай? Халықтың орташа жасы қандай? 📺Осы және өзге де мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
Hammasini ko'rsatish...
1221.mp452.35 MB
5
🟢Семейде бес жұлдызды қонақ үй кешені ашылды Семей қаласында «Pana Unique Semey» бес жұлдызды қонақ үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоба аясында 1890 жылы ағайынды Мусиндер салған тарихи ғимарат қайта жаңғыртылып, ауданы 8 300 шаршы метр, сыйымдылығы 180 орындық заманауи қонақ үй кешеніне айналдырылды. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
👏 14😍 6🤩 1
01:14
Video unavailableShow in Telegram
🩺Донорлық ағза берудегі басымдық қалай анықталады? ҚР Бас трансплантологы Болатбек Баймахановтың айтуынша, донорлық ағзаларды бөлуде белгілі бір басымдықтар бар. Бүйрек трансплантациясында ең алдымен балаларға, одан кейін науқастың жағдайының ауырлығы мен қан тобының сәйкестігіне қарай шешім қабылданады. «Ал бауыр трансплантациясы әлдеқайда күрделі. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде диализ бар, оның көмегімен адам 20 жылға дейін өмір сүре алады. Ал бауыр ауруларында мұндай мүмкіндік те, жасанды балама да жоқ. Егер бір жыл ішінде донор табылмаса, бауыр ауруына шалдыққан науқастардың шамамен 70 %-ы көз жұмады», - дейді маман. «Теледәрігер» бағдарламасының толық нұсқасын Qazaqstan TV YouTube арнасынан көріңіздер.
Hammasini ko'rsatish...
1214-копия (1).mp488.04 MB
🙏 3 2
⚡️Елімізде 72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ел бойынша 72 колледждің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды. Сондай-ақ арнаулы орта білім ұйымдарындағы шефтік қамқорлық 10 есе артқан. 📈Халықаралық бағытта да айтарлықтай серпін бар. Бүгінде 30-ға жуық елмен 60-қа жуық қазақстандық колледж тікелей серіктестік орнатып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосты. 📌Сәйкесінше педагогтермен студенттер үшін шетелдік тәжірибе алу мүмкіндіктері кеңейді.
Hammasini ko'rsatish...
👏 6🤷‍♂ 2 1👍 1
🇯🇵Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтарына Жапонияға виза алу жеңілдеуі мүмкін Токиода «С5+1» форматында өткен саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бастама көтерді. ⚠️Жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеу ісі бойынша сот үкімі шықты Іс бойынша 15 адам күдікке ілінген. ⭕️Атырауда 209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды Әр үйге тартылған құбырдың суы ащы боп шыққан. 🥛Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін Кәсіпкер неміс технологиясы арқылы ұлттық сусынды түрлендіріп, сұранысты арттырып отыр. ⚡️Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады Нәтижесінде кейбір аудандардың ауасы біршама тазарып, тыныс алу айтарлықтай жеңілдеген.
Hammasini ko'rsatish...
🤝 3👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
🔹СҚО-да қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды Солүстік Қазақстан облысында жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды. Жобаның инвестициялық көлемі 5,2 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын технологиялық жабдықталу деңгейі бойынша республикада алдыңғы қатарда. ✏️Барлық өндірістік желілер жетекші еуропалық өндірушілерден жеткізілген. Өндірісте тек Солтүстік Қазақстан облысы фермерлерінің шикізаты пайдаланылады, нәтижесінде толықтай табиғи әрі жоғары сапалы өнім шығарылады. Өнім еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілетін болады.
Hammasini ko'rsatish...
5😎 2
Photo unavailableShow in Telegram
🏆«Ұнайды маған» музыкалық жобасының жеңімпазы анықталды Сенбілік прайм-тайм уақытында отандық арналар арасында ең көп көрермен жинайтын «Ұнайды маған» жобасы аяқталды. 🎤Гаухар Өмірзақова 100 вокалистің ішінен «Ең үздік кавер орындаушы» атанды. 👏 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы музыкалық жобаны үзбей тамашалаған көрерменге алғыс білдіреді.
Hammasini ko'rsatish...
8👍 7
00:51
Video unavailableShow in Telegram
⚡️Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді Келер жылдан бастап жұмыссыз және табысы аз азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 📝Министрліктің мәлімдеуінше, МӘМС жүйесінде 16,8 млн-ға жуық адам сақтандырылған, ал 3 млн 600 мың тұрғын жүйеден тыс қалған. 📌Айта кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебені Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz сайтынан тексеруге болады
Hammasini ko'rsatish...
мәмс нарезка.mp444.31 MB
👍 2
00:32
Video unavailableShow in Telegram
⭕️Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды АҚШ-тың солтүстік батысындағы Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды. Себебі 10 күннен бері жауын тоқтамай, елді мекендерді су басып жатыр. Қазірдің өзінде мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бірақ әлі де 400 мыңнан аса үй жарықсыз отыр. Ал Снохомиш ауданының құтқару қызметі бір мәйіттің су басқан көлік ішінен табылғанын хабарлады. 📌Штатта құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қауіп әлі де сейілген жоқ.
Hammasini ko'rsatish...
вашингтон нарезка.mp437.75 MB
😱 5 2
00:54
Video unavailableShow in Telegram
❓Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы: АҚШ бірінші орынға нені шығарды? АҚШ 33 беттен тұратын Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады. Енді «Америка қауіпсіздігі бәрінен жоғары» деген ұран жәй риторика емес, нақты қағидаға айналмақ. 📌Стратегияда АҚШ өзін әлемдік экономикада, әскери салада және технологиялық даму бағытында даусыз көшбасшы ретінде көрсеткен, ал одақтастардың қауіпсіздігіне кепіл болу міндеті екінші орынға ысырылған. 📺Осы және басқа да әлемдегі ең маңызды оқиғалар жайлы «Әлем және біз» бағдарламасының толық нұсқасын Qazastan TV Youtube арнасынан көріңіз.
Hammasini ko'rsatish...
стратегия (7).mp453.28 MB
7👎 1
00:20
Video unavailableShow in Telegram
⚡️ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Аида Балаева Ұлттық ғылым академиясының ұжымымен кездесті Жиын барысында ғалымдар бүгінде жүзеге асып жатқан жобалар туралы айтып, саладағы өзекті тақырыптарды талқылады.
Hammasini ko'rsatish...
аида сары видео.mp423.23 MB
🤝 1
00:30
Video unavailableShow in Telegram
✏️«Дәрігерлерді қорғайтын заң асығыс дайындалды» Мәжіліс медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған жаңа заң қабылдады. Енді дәрігерлерге күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасағандардың жазасы күшеюі мүмкін. Алайда бұл мәселеге басқа қырынан қарайтын да депутаттар бар.
«Бұл заң асығыс дайындалды. Ертең бір-екі айда айқай-шулар басталады», - дейді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.
📺«Қос палата» бағдарламасының толық нұсқасын Qazaqstan TV Youtube арнасынан көріңіз.
Hammasini ko'rsatish...
7 секунд (1).mp429.63 MB
6😐 1
03:19
Video unavailableShow in Telegram
🇯🇵Жапонияға виза алу жеңілдеуі мүмкін Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтарына Жапонияға виза алу жеңілдеуі мүмкін. Күншығыс елінің тұрғындары үшін де Азия аймағына саяхаттау оңтайландырылады. Токиода «С5+1» форматында өткен саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бастама көтерді. 📌Сондай-ақ Қазақстан мен Жапония энергетика, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы сынды бірқатар салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ. Келелі жиында талқыланған мәселелер мен басым бағыттарды толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
Hammasini ko'rsatish...
президент нарезка.mp4236.84 MB
👍 2
00:29
Video unavailableShow in Telegram
❓ЕуроОдақ – Украина: 90 млрд еуро несие қай депозиттен алынады? «Әлем және біз» бағдарламасында ЕуроОдақтың Украинаға 90 млрд еуро несие беруі мүмкін екені айтылды. Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, бұл қаржы Еуропада бұғаттаулы тұрған 210 млрд еуроға жуық Ресей активтері есебінен төленеді. Ал ол активтерінің басым бөлігі Бельгиядағы Euroclear депозитінде сақтаулы. 📺Әлемдегі ең маңызды оқиғаларды сараптайтын бағдарлама бүгін 17:40-та «Qazastan» телеарнасынан көрсетіледі.
Hammasini ko'rsatish...
еурОдақ (4).mp428.56 MB
7👎 1