Qazaqstan.tv
Kanalga Telegram’da o‘tish
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Ko'proq ko'rsatish2025 yil raqamlarda

50 979
Obunachilar
-1524 soatlar
-3287 kunlar
-1 60330 kunlar
Postlar arxiv
Президент: Астана қарқынды дамып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын айтты.
▪️Биыл Астанада шамамен 5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды.
▪️Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетіп, 7,2%-ға өсті.
▪️Сауда көлемі 10,8 трлн теңгеден асып, 8,4% өсім көрсетті.
▪️Қала бюджетіне 4,3 трлн теңге салық түсті.
👍 2
Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алды
Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте жан басына шаққандағы өңірлік жалпы өнім көрсеткіші көңіл көншітерлік екенін атап өтті. Сондай-ақ әлемнің ең ірі мың қаласын экономика, адам капиталы, тұрмыс сапасы, қоршаған орта және басқару санаттары
бойынша бағалайтын Oxford Economics 2025 индексіне тоқталды.
«Астана Азия құрлығында 36-орынға жайғасса, әлем бойынша 276-орынға тұрақтап, өңіріміздегі бәрімізге белгілі қалалардың алдына шықты. Бірақ бұған тоқмейілсуге болмайды. Өйткені әлеуетіміз зор. Біз үнемі алға жылжуымыз керек. Сондықтан дәл осы индекс бойынша келесі жылы Астананың өз рейтингісін жақсартуға мүмкіндігі бар деп есептеймін. Астана басқа аймақтарға үлгі болуға
тиіс», - деді Мемлекет басшысы жиында.
❤ 5
Photo unavailableShow in Telegram
💥Нидерланд журналының басты беті Қызылқұп шатқалына арналды
Нидерланд пен Бельгияның бірқатар танымал басылымдары Қазақстанды, соның ішінде Маңғыстау облысын, шетелдік туристер үшін тартымды бағыт ретінде таныстырды.
Нидерланд корольдігінің Travel Book журналы жаңа санында Маңғыстау облысы мен Астанаға арналған материал жариялап, Қызылқұп шатқалын басылымның басты бетіне шығарды. Одан бөлек, Бозжыра және Торыш табиғи нысандарының бірегей ландшафттарын атап өткен.
Ал таралымы шамамен 280 мың дана болатын бельгиялық Papillio лайфстайл-басылымы да Маңғыстау өңірін сирек кездесетін табиғи аймақ ретінде таныстырды.
Сондай-ақ өңірдің туристік әлеуеті туралы визуалды материалдар халықаралық She Is Not Lost платформасында да жарияланды.
@qazaqstantv
❤ 3
Photo unavailableShow in Telegram
📍«Таза Қазақстан»: Биыл 1 294 экологиялық акция өтті
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында республика көлемінде 1 294 экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу, «Жер сағаты», World Clean Up Day, Халықаралық құстар күні сияқты халықаралық акциялар бар.
Іс-шаралар нәтижесінде 844 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 1,1 млн гектардан астам аумақ тазартылды. Экологиялық акцияларға 6,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 781 мың ерікті қатысты.
Азаматтарды тарту мақсатында іске қосылған @TazaQazBot чат-ботына 25 мың өтініш келіп түскен. Олардың 23,6 мыңы орындалған.
@qazaqstantv
👍 7
Photo unavailableShow in Telegram
🌱Биыл елімізде 335,6 млн ағаш пен көшет отырғызылды
Биыл ел бойынша 335,6 млн ағаш пен көшет отырғызылып, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі жоспар толық орындалды. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында 18,1 млн ағаш отырғызылды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2 млрд көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында 2021-2025 жылдары 1,5 млрд көшет отырғызылды. Келесі жылы 208 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланып отыр.
@qazaqstantv
❤ 6👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
📞 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қазақстан Президенті Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту перспективасын талқылады.
Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиевтің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
❤ 5👍 4👌 1
00:54
Video unavailableShow in Telegram
БҚО-да қар үстіне асфальт төсеген мердігерді сотқа берді
Ақжайық ауданы Чапаев ауылында жаяу жүргіншілер жолына асфальт құйған мердігер сынға қалды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жұмысты шымкенттік «Қазақстан ұйымдастырушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі жүргізген. Келісімшарт құны - 21 млн теңге, оның 14 млн теңгесі мердігерге төленген.
Алайда қар түскеннен кейін орындалған жұмысты ауыл әкімдігі қабылдамаған және мердігерді жауапсыз деп танып, сотқа берген.
новости-копия-копия.mp463.14 MB
👍 9⚡ 1❤ 1
🔹Мемлекет басшысы Астанадағы индустриалдық паркте орналасқан Tausogar зауытына барды
Кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.
❗️Тауар өндірушілерге арналған реестр іске қосылады
Енді мемлекеттік қолдау тек осы тізімдегі кәсіпкерлерге көрсетіледі.
▪️БҚО-да ауыл әкімдігі мердігерді сотқа берді
Мердігер жаяу жүргіншілер жолына асфальт құйған болатын.
💰Жамбыл облысында 9 мың адам жеке кәсіпкер атанды
Олар 48 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алып, өз ісін дөңгелетіп отыр.
🎶Президенттік оркестр плац-концерт ұйымдастырды
Концерт Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналды.
🔥 1
00:23
Video unavailableShow in Telegram
⚡«Қазақстан» қонақ үйінің түнгі келбеті жаңарды
Алматы қаласында «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты сәулеттік жарықтандырылды. Жоба аясында 1800-ден астам заманауи жарық шамы орнатылған.
Жарықтандыру ғимараттың кешкі және түнгі уақыттағы көрнекілігін арттырып, қаланың көркін кіргізіп тұр.
@qazaqstantv
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко13.mp414.04 MB
👍 11❤ 2😍 1
00:31
Video unavailableShow in Telegram
🔹Мемлекет басшысы Tausogar және Besqaru зауытында болды
Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорындардың ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.
@qazaqstantv
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко14.mp418.04 MB
👍 7❤ 3🥱 1
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Besqaru зауытымен танысты
Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.
Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.
Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады.
Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.
👍 2🤝 1
Photo unavailableShow in Telegram
🔹Қазақстан ЖИ енгізу бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
Oxford Insights халықаралық талдау орталығы жариялаған Government AI Readiness Index 2025 рейтингінде Қазақстан 195 елдің ішінде 60-орынға көтеріліп, бір жылда 16 позицияға жоғарылады.
Рейтинг үкіметтердің жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда, экономикада және қоғамдық процестерде тиімді әрі қауіпсіз қолдану дайындығын бағалайды. Қазақстанның көрсеткіштері ЖИ-дің мемлекеттік секторда белсенді енгізіліп жатқанын көрсетеді.
Сондай-ақ еліміз Public Sector Adoption бағыты бойынша 73,59 балл жинап, электрондық үкіметтің дамуы мен мемлекеттік қызметтердің проактивті форматқа көшуін дәлелдейді.
Government AI Readiness Index рейтингі де Қазақстанның жасанды интеллектіні жүйелі енгізу бағытында ілгерілеп келе жатқанын растайды.
@qazaqstantv
👍 3
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
@qazaqstantv
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді.
Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.
👍 3
✔️Биыл 670 мыңнан астам адам көлік жүргізу құқығын алды
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 670 мыңнан астам азаматқа жүргізуші куәлігі берілді. Ең жоғары көрсеткіш қаңтар айына тиесілі. Бұл кезеңде 103 мыңнан астам құжат табысталған. Сондай-ақ жүргізуші куәліктері көктем айларында және шілде айында көп берілген.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, қыс мезгілінде практикалық емтихан тапсыру жүргізушілердің күрделі жол жағдайларына дайындығын арттырады.
@qazaqstantv
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
📍Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды
Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды.
№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.
Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.
Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.
Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.
👍 5👎 1
📊Демограф: Елдегі туу көрсеткіші төмендеп кетті
💬Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының директоры Аяулым Сағынбаеваның айтуынша, 2020-2021 жылдармен салыстырғанда елдегі туу деңгейі төмендеген.
📈Ұлттық статистика бюросының жыл басындағы есебінше, былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда дүниеге келген бала саны 16%-ға аз.
❓Бұған не себеп? Мамандардың пікірі қандай?
📺«Апта» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында.
2 бет.mp426.00 MB
5 бет.mp434.64 MB
7 бет стендап.mp420.03 MB
😱 7😡 1
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді
01:25
Video unavailableShow in Telegram
🏛 Мәжілісте кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген қаржының тиімділігі қаралады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың тиімділігіне жүргізген аудит қорытындысы талқыланады.
новости-копия.mp497.40 MB
👍 2
