Данияр Жігітбек
Kanalga Telegram’da o‘tish
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
Ko'proq ko'rsatish2025 yil raqamlarda

16 573
Obunachilar
-924 soatlar
-77 kunlar
-23130 kunlar
Postlar arxiv
Қыркүйек
1. Кемшіліктерді елемеу (пост)
2. Ақша үнемдеу жайлы инсайттар (9:46)
3. Мидың жұмысына қатысты өмірімді жеңілдеткен 2 инсайт (8:39)
4. Ренжімеу (пост)
5. Білімнің құндылығы (пост)
6. Қайталау – білім анасы (пост)
7. Ұйқы ғылымын меңгердіңіз бе? (9:09)
8. Гармония. Жұмысбастылық. Бақыт. Жетістік (5:23)
9. Әдет қалыптастыру (10:09)
10. Тұрақтылық күші (5:21)
11. Бірігу – ақша үнемдеудің жолы (пост)
12. Білім – ризық (6:14)
13. Проблема шешуге қатысты инсайт (6:19)
14. Нәпсімен күрес vs нәпсімен мәміле (10:37)
15. Неге жетістіктеріміз аз немесе іштей бекінудің күші (9:26)
16. $1 000 000 кеңесі (пост)
17. Білімге амал ету жайлы (10:42)
18. Лидерство тақырыбына кіріспе (8:40)
19. Лидерство + эффективность. Бала тәрбиесі. Мидың жұмысы (8:59)
20. Кемшіліктерді елемеу #2 (9:50)
21. Қарым-қатынастағы күмәндардан арылу (5:36)
22. Рухани интеллект (10:45)
23. Жомарттық “трубасы” (9:22)
24. Мақсат қою. Жоспар құру (13:08)
25. Бітпеген істер (пост)
26. Прокрастинация. Activator таланты (Gallup) (11:35)
27. Ерте тұру жайлы (11:02)
28. "Бұл проблеманы қалай шеше аламын?" (пост)
29. Қорытынды сөз орнына (6:26)
1 ай доступ құны: 3000 тг.
Уақыт каналға кірген күннен бастап есептеледі.
3000 тг-ні мына жерге жіберіңіз:
Каспи: +7 778 601 61 31 (Марал Б.)
Чекті @bmq01 -ге жіберіп, каналға қосыласыз.
Достар!
Менің жабық телеграм каналым бар екенін білесіздер. Әр айда – әртүрлі контент.
Әзірге бұл жобаны тоқтата тұруды жөн көрдім. Бірақ қалаған адам өткен айлардың материалдарына доступты сатып ала алады.
1 ай доступ құны – 3000 тг.
Маған түскі ас әперіп, әңгімемді тыңдауға жұмсайтын сома деп біліңіз.
Қазір әр айдың контент мазмұнын жіберемін. Қосыла беріңіздер👇🏻👇🏻👇🏻
Подкаст жауған күн болды ғой)
Мына подкасттың басты кейіпкері – менмін)
Тыңдап, пайдасын алыңыз)
Repost from N/a
🔴 Адам миссиясын қалай анықтай алады? Даму жолында қалай «күйіп» кетпеу керек? Ақша қоры не үшін қажет?
🎙 Kitapal компаниясының HR директоры, «Лайфхактар», «Не үшін үйлену керек?» кітаптарының авторы Данияр Жігітбекпен болған сұхбаттан осы және өзге де сауалдардың жауабын таба аласыз!
🔗 Сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=r1majP8yUSU
Repost from Narikbi LIVE
Салем достар,
Осы шығарылымның мен үшін орны өте ерекше. Санжар Керімбай ағамызбен подкастымызды шығару үшін бірнеше ай уақытымыз бен еңбегіміз кетті.
Біріншіден, Санжар аға қазіргі Түркия елінде тұрып жатыр, ал мен Амстердамда тұрамын. Бір уақытта кездесе алуымыздың өзі ерекше оқиға.
Екіншіден, осы подкастты көп жоспарлап, бірнеше кітап оқып шықтым. Ал монтажын бір аптадай жасадық.
Және ең бастысы, осы подкаст арқылы рухани депрессияда, кризиста жүрген, өз өмірінің мәнін іздеп жүрген адамдарға арнап жасағым келді.
Бәлки, осы жобада шыққан ең қызық эпизодтардың бірі шығар. Көріп, коммент жазып, бағалап жіберіңіздер. Ютубта алғашқы сағаттар өте маңызды.
Таратып жіберіңіздер, ок?
Алғашқы сағаттар қатты әсер етеді.
Photo unavailableShow in Telegram
Жамандықпен күресу бар. Жақсылықты жаю бар.
Мен жақсылықты жаю жолын таңдадым.
Атеиске кезігіп қалсам, онымен қызыл кеңірдек боп, бірдеңе дәлелдеп, сөз таластырмаймын. Күреспеймін. Оның орнына Құдайға деген махаббатымды ең заманауи формада, ең әдемі үлгіде көрсету үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.
"Лгбт пропагандасы күшейіп кетті, ойбай" деп жаһанға жар салмаймын. Күреспеймін. Оның орнына отбасы құндылығы, ер мен әйел арасындағы махаббатты, мысалы, жарымды қалай қатты сүйетінімді көбірек жыр қыламын. Оны көріп, қыз қыз боп туғанына қуанып, жігіт жігіт боп туғанын мақтан тұтатындай жігіт болу үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.
Youtube, tiktok, insta-да жеңілтек контент көбейіп кетті деп ешкімді сөкпеймін. Күреспеймін. Оның орнына сол жерде мағыналы, нәрлі, мәнді, пайдалы контентті көбейту үшін барымды саламын. Жақсылықты жаямын.
Жамандықпен күреспе, жақсылықты жай. Ең ұтымды жол сол.
Сен жайған жақсылықтың құшағында кез келген жамандық тұншығып қалсыншы. Сен жайған жақсылықтың жылуынан кез келген жамандық еріп кетсінші. Сен жайған жақсылықтың жарығынан Күн шыққанда, Ай көрінбей қалғандай кез келген жамандық көрінбей қалсыншы.
@dzhigitbek
Таратып тастаңыздар, ок?)
Алғашқы сағаттарда көп адам таратса, просмотр артады.
Достар!
Менің жабық телеграм каналым бар екенін білесіздер.
Маған сенетін, менің көзқарастарыма құрметпен қарайтын, менен бір нәрсе үйренгісі келетін шын ықыласты
жандарға арналған жабық телеграм канал. Подписка форматында жұмыс істейді.
Бұл жабық каналда өзімнің инсайт, лайфхактар, тәжірибе, білімімді бөлісіп отырамын. Gallup, лидерлік, эффективность, қаржы сауаты, тұлғалық даму, шешім қабылдау, рухани интеллект, отбасы психологиясы, т.б., қысқасы, өмір сүру өнеріне қажет тақырыптар қамтылады.
Бұл курс емес, марафон емес, үй тапсырмасы берілмейді. Қысқа подкаст түріндегі аудиоларды 1 ай бойы салып отырамын. Ай біткенде, бәрі өшеді.
"Амалға қалай асырам?", "Конспектілеп алу керек", "Білім арқалаған есек боп қалмайын", т.б. деп өзіңізді қинамай, жай тұрақты тыңдап отырыңызшы. Болды.
Күнде менімен шай үстінде әңгімелескендей, емін-еркін тыңдай беріңіз. Былайша айтқанда, мен бір ай бойы сіздің ортаңыз, сұқбаттасыңыз боп беремін ғой. Ал адамды, оның ойын, мінезін ортасы өзгертеді дейді.
Подписка форматын таңдадық. Бір ай каналда отыру құны: 3000 тг.
Ақпан айына подписка: 01.02 - 28.02.2023
3000 тг-ні мына жерге жіберіңіз:
Каспи: + 7 777 583 98 00 (Руслан Ж.)
Чекті @bmq01 -ге жіберіп, каналға қосыласыз.
Repost from Narikbi LIVE
00:50
Video unavailableShow in Telegram
Тизер.
https://youtu.be/sqEiIMUwhLY
Teaser Daniyar.mp455.64 MB
Repost from Narikbi LIVE
Photo unavailableShow in Telegram
Данияр Жігітбек: миссия, энергия, жыл қорытындылары / Narikbi LIVE #59
https://youtu.be/sqEiIMUwhLY
https://youtu.be/sqEiIMUwhLY
https://youtu.be/sqEiIMUwhLY
Бүгінгі подкаст қонағы - Данияр Жігітбек. Біз Дакемен өткен жылда басымыздан өткен оқиғалар мен сабақтарды саралап, миссия табуды талқылап, келер жылға жоспар құрдық.
00:00 Тизер
00:55 Бір жылда не өзгерген?
08:50 Энергия менеджментінің маңыздылығы
13:00 Энергия тесіктері мен пропорциясы
19:00 Ол менің міндетім емес - таңдауым..
21:30 Скорость vs. жылдамдық
29:00 Миссияны табудың жолдары
31:20 "Аущвицтегі тату салушы" жайлы
36:20 Күтулер мен студенттер
45:30 Өмір тыныс алу секілді жеңіл болуы керек..
47:00 Пайғамбарлар және KPI
49:30 Компанияға миссияның маңыздылығы
57:00 Миссия неге өзгеруі мүмкін?
01:05:00 Amazon leadership principles
01:12:00 Оқырмандар клубының принциптері
01:14:20 Даниярдан қандай кітап күтеміз?
Рауан Чингужанов аға "Исламның алтын дәуірі жақындады. Сен сол дәуір келгенде, қандай рөл атқарып жүресің, көшбасшы боласың ба, әлде артта жүресің бе, сол маңызды" деп жиі айтады.
Былайша айтқанда, Алла Ислам дінін қуаттап қоятыны ақиқат. Бірақ кім арқылы қуаттайды? Сен әлсіз болсаң, сенің орныңа басқа адамды таңдап, сонымен қуаттап қойса ше? Исламның алтын дәуірі келгенде, сен көшбасшы бола алмай қалсаң, қалай?
Кезінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) "Константинополь (қазіргі Стамбул) сөзсіз алынады. Оны алатын қолбасшы неткен керемет қолбасшы еді! Оны алатын әскер неткен керемет әскер еді!" деп айтқан. Осы мәртебеге ие болу үшін қаншама қолбасшы Константинопольге шабуыл жасады. Бірақ тек 21 жасар Мехмет сұлтанға ғана бұл бақыт нәсіп болған.
Мен небір ықпалды адамдардың Ислам дінін қабылдап жатқанын естігенде, екі түрлі күйде боламын. Біріншісі, әрине, дінім үшін қуанамын. Екіншісі, "Алла дінін қуаттау үшін осыншама ықпалды адамдардың арасынан мені таңдаса екен, ол мәртебеге ие болуым үшін, өз заманымның "Мехметі" болуым үшін не істеуім керек?" деген ой, толғаныс.
Осындайда Алла жолында жарысу деген нәрсені басқаша түсіне бастайды екенсің.
#күнделік
13-14 жас кезім. Түрлі жарыстарға қатысып, жеңіп, мектеп деңгейінде атақты бола бастадым. Еститінім тек мақтау сөздер. Мұғалімдердің сүйікті оқушысына айналдым.
Бір апайымыз кластың көзінше "Сендер Даниярдың тырнағына да татымайсыңдар" дегені есте қалыпты. Әрине, дұрыс емес сөздер. Қазір еске алып, қысылып отырмын. Бірақ ол кезде бұл сөздер нәпсіме майдай жағатын. "Жұлдыз ауруына" шалдыққанымды кейін түсіндім.
"Жұлдыз ауруы" желшешек (ветрянка) сияқты. Ерте ме, кеш пе, бір ауырып аласың. Бірақ барынша ерте ауырып алғаның абзал. Әйтпесе, есейгенде ауырсаң, қатты қиналасың.
"Жұлдыз ауруы" — өзіңді өзгеден жоғары санау, мақтау-мадаққа семіру. Оның қандай болатынын мен білемін. Дәмін татып көргем.
Бір күні үйге кластасым келді. Менің оңбағандығым сондай, басқа бөлмеге кіріп алып, кітабымды оқып отырдым. Қонақты қарсы алу, көңіл бөлу деген жоқ. Сондағы ойым: "ол менің оған уақыт бөлуіме лайық емес".
Мені бұл аурудан айықтырған, орныма қойған анам болды. Анамның қатал тәрбиесі болмағанда қуып кетер ме едім, кім білсін. Жерден алып, жерге салып, ұрсып, үрленіп жүрген менің желімді шығарып тастады. Содан кейін өзімді жердің кіндігі санауды қойдым. Өзгеге құрметпен қарауды, кішіпейіл болуды үйреткен сол кісі.
Содан бері мен әлі өзімді кішіпейіл болуға мәжбүрлеп, өз-өзіммен күресіп жүрмін. "Жұлдыз ауруының" белгілері қылаң бере бастаса, бірден басып тастауға тырысамын.
#күнделік
Өмірімде тағы нені жақсартсам болады?
Байқағаным, бізге сәл кідіріп, ойлану жетіспейді екен. Апыл-ғұпыл істеріңе басыңмен кіріп кетесің. Яғни, аудио дәріс тыңдамай, кітап оқымай, тіпті пайдалы болса да, ешкіммен сөйлеспей — жалпы ештеңе істемей, жай кідіріп, ойлану керек бізге.
Ойлану дегенде, өзіңе есеп беріп, күнәларыңды еске алып, тәубе етіп, эмпатияңды оятып, жанашырлық танытып, сезімдерді кешіп, өзіңе сырттай қарап, анализ жасап, өткеннің парағын жауып, болашаққа көз салып, жоспар құру ғой.
Бізді ойландырмайтын дүниелер қазір шаш-етектен. Инстаграм, тик-токқа кіріп кетсең, қайдағы ойланған. Тіпті сезімдеріміз де жансызданып бара жатыр. "А, байғұс, өліп қапты ғой", "қиналып жатыр екен", "соғыс боп жатыр" дейміз де, ертесіне ұмытып кетеміз. Негізі ойлансаң, жылататын нәрселер бұл. Жылау үшін де осы кайдзен сағат керек боп тұр.
Ешкім мазаламай, ойланатын бір сағатың болса, балаңа, әйеліңе дұрыс көңіл бөле алмай жатқаныңды, ата-анаңның денсаулығын, бір адамды ренжіткеніңді еске ала бастайсың. Егер ондай сағатың болмаса, сезімдерің өлі, ойларың ұйқылы күйде жүре береді екенсің.
#күнделік
Өміріме қатты енгізгім кеп жүрген әдеттердің бірі: таңертеңгі кайдзен сағат.
Ешкім мазаламайтын уақытта жеке қалып, "өмірімде тағы нені жақсартсам болады?" деп ойланатын, жоспар құратын уақыт қой.
Не кедергі десем, мен тұратын жақта парк жоқ. Ал мен таңертең паркте жаяу жүріп ойланғым келеді. Кайдзен сағатымды солай өткізсем деймін.
Бір ойым: паркі бар ауданнан үй алу. Бірақ оны ойласам, әдетім кейінге қалайын деп тұр.
Ең дұрысы: қазіргі мүмкіндіктеріммен қандай кішкентай қадам жасай аламын, соны ойлау.
Ми, шіркін, керемет нәрсе ғой. Сәл ойлансаң, түрлі нұсқаларды ұсына бастайды.
Ойыма үй жақтағы мешітке таң намазына бару келді. Мешітке барып келуге 40 минутым кетеді. 20 минут ары, 20 минут бері. Бір жағынан сауапқа кенелемін, бір жағынан өзім қалаған әдетті (таңертеңгі кайдзен сағат) қалыптастыра бастаймын.
"Өмірімде тағы нені жақсартсам болады?" Күшті сұрақ. Күнде таңертең баламды балабақшаға апарамын. 25 минут кетеді. Көлікте 2-3 минут Құран қосып қою деген ой келді. Жүзеге асыра бастадым. Кішкентай өзгеріс. Өмірімді жақсарта ма? Иә. Баламның құлағы Құранға үйрене берсін.
Жалпы осындай атрибуттар арқылы үйде діни атмосфера жасау маңызды. Баланың миына тасқа қашалғандай жазыла береді. Мұсылман екенін сезініп өссін.
#күнделік
Әріптесімнің сіңлісі қыздар медресесінде оқиды екен. Програмдары жайлы айтып жатыр да. Мәуліт айында 19 миллион салауат айтуға ниет қылыпты медресе шәкірттері боп. Одан бөлек күнде бәленбай рет (кейінгі жолы 141 рет бопты) "Ясин" сүресін оқиды екен.
Ана атмосфераны елестеттім. Үздіксіз тіләуәт етіліп жатқан Құран, Мұхаммед ﷺ пайғамбарға жолданып жатқан салауат!
Жерімізде Алланы өте көп еске алатын бір бұрыштың болғанына шүкір дедім. Іштей медреседегі қыздарға сүйсіндім, алғыс айттым оларға. Жалпы арамызда сондай адамдардың жүргені – үлкен нығмет қой.
Жаңалық көрсең, инста, тик-токты ашып қалсаң, көшеге көз салсаң, ана арсыздықтарды, астамшылдықтарды көріп, "жазаланбай, қалай әлі жер басып жүрміз өзі?" деп таң қаламын. Жаза деген – ішкі дау, сыртқы жау, табиғат апаттары, түрлі қиындықтар, т.б. Бір ойым, мүмкін әлгі медреседе тәһәджүд оқып, ораза ұстап, күндіз-түні Алланы өте көп еске алып, Одан біз үшін кешірім тілеп, дұға жасап жүрген қыздардың себебімен де жазаның не екенін білмей, кедейлік, аштық, соғыс көрмей жүрген шығармыз.
