ch
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

前往频道在 Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

显示更多
2025 年数字统计snowflakes fon
card fon
50 982
订阅者
-4524 小时
-3867
-1 66630
帖子存档
00:42
视频不可用在 Telegram 中显示
💰Банктер жыл сайын шамамен 400 млрд теңгені шағын бизнесті несиелеуге бағыттайды Бұл бастама кәсіпкерлікті қолдауға арналған жаңа «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Бағдарламаға сәйкес, бір жобаға берілетін несие көлемі 200 млн теңгеге дейін болады. Пайыздық мөлшерлеме 8,8%, оның 40 пайызын мемлекет субсидиялайды. Ал кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді. Бұған дейін Қаржыгерлер қауымдастығы банктердің «Даму» кепілдік қорларына міндетті жарна аудару жүйесін сынға алған болатын. Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, бұл тәсіл нарықтық тетіктерді бұрмалап, банктер үшін қосымша тәуекелдер мен ықтимал шығындарға әкелуі мүмкін.
显示全部...
банктер самал.mp448.78 MB
👏 2
照片不可用在 Telegram 中显示
🪙OTYRAR мен GRIFFIN: Ұлттық банктің жаңа коллекциялық монеталары Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан OTYRAR және «Көшпенділердің аңыздары мен мифтері» сериясы аясында GRIFFIN коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. 🔹Монеталар алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен дайындалған. 📌Сатылымға 8 қаңтардан бастап шығады. Әр монета таралымы 2000 данадан.
显示全部...
👏 1
Repost from TgId: 1135401993
00:32
视频不可用在 Telegram 中显示
🥊 Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңіске жетті 🔹Отандасымыз Ташкентте өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Өзбекстан өкілі Тимур Никулинмен (9-1-2, 4 КО) кездесті. 📌Еркебұлан Тоқтар алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске қол жеткізді.
显示全部...
ТОҚТАР.mp431.63 MB
15👏 13🏆 10
照片不可用在 Telegram 中显示
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.
显示全部...
🕊 19😢 7💔 4 3😱 1
00:17
视频不可用在 Telegram 中显示
⚡️ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды Айыртау ауылының тұрғыны Сартымбет учаскесінің маңынан жаралы аққуды байқап, Ұлан ауданының учаскелік инспекторына хабарлаған. Учаскелік инспектор ауылдық округ әкімдігінің маманымен бірге оқиға орнына барып, құстың жарақат алғанын анықтаған. 📌Жаралы құсқа дер кезінде көмек көрсетілді.
显示全部...
аққу сары видео.mp418.07 MB
4
照片不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿 Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды 🥊 World boxing ұйымы 2025 жылдың үздік боксшылары (ерлер,әйелдер) және үздік жекпе-жегін дауыс беру арқылы анықтады. 🏆 Нәтижесінде ерлер арасындағы үздік боксшы Махмұд Сабырхан, әйелдер арасынан Наталья Богданова және үздік жекпе-жек Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джудтың арасындағы кездесу болды.
显示全部...
🔥 14👏 3 2🎉 1
02:09
视频不可用在 Telegram 中显示
🛩Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін Мәжіліс депутаттары тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Енді сапасыз әрі кешіккен қызмет үшін авиакомпанияларға салынатын айыппұл көлемі де артуы мүмкін. ✏️Депутаттардың бастамасына сәйкес, кез келген авиакомпания өткізілген билет құнының 90 пайызын тұтынушыға табыстауға міндеттелуі мүмкін. ❓Бұл билет бағасының шарықтатып жібермей ме? Өзгерістің тиімді тұстары қандай? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
显示全部...
ернұр нарезка.mp4149.33 MB
7
00:19
视频不可用在 Telegram 中显示
🏆Алматылық оқушылар Азияның үздік робототехникалық командалары қатарына енді Бейжіңде өткен халықаралық турнирде қазақстандық ұжым алғаш рет жартылай финалға жолдама алып, Азияның робототехника бойынша ең мықты командалары қатарына енді. Алматылық оқушылар робот құрастырып, Push back ойынында жарысты. Сайысқа 100-ден астам команда және 2 400-ге жуық жас қатысқан. Жерлестеріміз Вьетнам мен Аустралия командаларын жеңіп, жартылай финалға шыққан. @qazaqstanv
显示全部...
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко22.mp410.76 MB
🔥 11 2
00:49
视频不可用在 Telegram 中显示
⭕️Алматыда тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, тауға шыққандар 24 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен. 26 желтоқсанға қараған түні 112-ге әйел адам хабарласып, бауырының екі досымен бірге байланыссыз кеткенін, үйге әлі оралмағанын айтқан. Хабар түскен бойда жоғалғандарды іздеу жұмыстары басталған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, «Қазавиақұтқару» тікұшағы әуеге көтерілген. Дрон арқылы әуеден шолу кезінде «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылып, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен тікұшақпен төмен түсірілген. Марқұмның жеке басы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. 📌Қалған екі азамат іздестіріліп жатыр.
显示全部...
тау нарезка.mp457.08 MB
😱 6
00:33
视频不可用在 Telegram 中显示
1.51 MB
🔹Алматыда робот-ассистент көмегімен тізе буынын эндопротездеу операциясы жасалды Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханада ТМД елдерінде алғаш рет робот-ассистент қатысқан тізе буынын импланттау бойынша операциялар жасалды. Шетелдік мамандардың қатысуымен 8 ота сәтті жүзеге асты. Мамандар роботтық жүйелерді енгізу арқылы эндопротездеу операцияларын қауіпсіз әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік туатынын атап өтті. Ауруханада былтыр 1800, биыл 2200 ота сәтті өткізіліп, бүгінге дейін 25 мыңнан астам буын алмастыру операциясы жасалған. @qazaqstantv
显示全部...
👍 5
00:34
视频不可用在 Telegram 中显示
❓Қазақстан сыртқы саясатта қандай маңызды қадамдар жасады? Еліміздің геосаяси алаңдағы рөлі мен әлемдік деңгейдегі орта держава ретінде қалыптасу мүмкіндігі қандай? 📺Осы және өзге де мәселелер жексенбі 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
显示全部...
1226 (1).mp440.55 MB
😎 5
🟢Қазақстанда генетикалық ауытқуды ерте анықтаудың тың әдісі енгізілді Астаналық дәрігерлер эмбриондарға генетикалық зерттеу жүргізудің жаңа әдісін қолданысқа енгізді. Бұл тәсіл генетикалық патологияларды ерте кезеңде анықтауға және сау баланың дүниеге келуіне мүмкіндік береді. Мамандардың мәліметінше, аталған зерттеу бұған дейін Қазақстанда жүргізілмеген. Бұрын биопсия үлгілері шетелге жіберіліп, нәтижесі бір айға дейін күтілетін. Қазіргі таңда жаңа технологияның көмегімен эмбрионның генетикалық сапасы бір апта ішінде анықталады. Әдіс Даун, Эдвардс синдромдары және басқа да тұқым қуалайтын ауруларды эмбрион кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 196 сау нәресте дүниеге келген. @qazaqstantv
显示全部...
4🤩 2
🔹Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 10 пайызға өседі Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай баспасөз мәлихатында айтты. ✈️Мюнхен-Бейжің бағытындағы ұшақта бір адам қаза тапты Жолаушы өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған соң экипаж командирі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуды жөн көрген. ❗️Оралдағы оқыс оқиға: Директорға сот үкімі шықты Осыдан 4 жыл бұрын перзентханада жеделсаты шахтасына құлап, 50 жастағы әйел қаза тапқан болатын. ⚡️Елде генетикалық ауытқуларды анықтаудың тың тәсілі қолданысқа енді Жаңа технологияның көмегімен эмбрионның сапасын небәрі бір апта ішінде анықтауға болады. 🌎Хьюстонда қазақ мәдениетін паш ететін орталық бар Мұнда қазақтың тарихын, ежелгі тұрмысын паш ететін жәдігерлер көп. ▪️Axios: Трамп пен Зеленский 28 желтоқсанда Флоридада кездеседі Трамппен таяуда жүздесетінін бүгін Зеленскийдің өзі де мәлімдеді.
显示全部...
00:53
视频不可用在 Telegram 中显示
⚖️Оралда лифт шахтасына құлап қаза болған әйелдің ісі бойынша сот үкімі шықты Оралдағы перинаталдық орталықтың жеделсаты шахтасына құлап қаза тапқан 50 жастағы әйелдің ісі бойынша сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға 2021 жылғы 31 желтоқсанда болған еді. Перзентхана қызметкері жеделсаты кабинасы мен шахтаның арасына қысылып, оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша перинаталдық орталық директорының үстінен қызметтік міндетіне салғырт қарау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс қайта қаралып, Орал қалалық сотының шешімімен директор кінәсіз деп танылып, ақтау үкімі шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. @qazaqstantv
显示全部...
СТОРИЗ_ОБЛОЖКА_ОШЫРМЕЙМЫЗ!!_копия_копия_копия7.mp415.27 MB
😱 5 1👀 1
01:01
视频不可用在 Telegram 中显示
🔹Ерлан Қарин әскери-патриоттық тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштер мен басқа да құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Ерлан Қарин жастарды Отанға қызмет етуге ынталандыратын жаңа форматтарды енгізуге, қоғам мен Қорғаныс министрлігі арасындағы ашық өзара іс-қимылды күшейтуге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға әскери-патриоттық тәрбие саласындағы жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. @qazaqstantv
显示全部...
СТОРИЗ_ОБЛОЖКА_ОШЫРМЕЙМЫЗ!!_копия_копия_копия5.mp416.88 MB
👍 3😎 2
📌Ерлан Қарин: Үкімет Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспарды қабылдады Ұлттық құрылтай аясында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыру жалғасуда. Президент тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Заңда Мемлекеттік қор, Ұлттық депозитарий және Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру көзделген. Сондай-ақ Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспарды қабылдады. Құжатта алдын алу шаралары мен қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері күшейтілді. @qazaqstantv
显示全部...
✍️Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды @qazaqstantv
显示全部...
👍 5 2
01:10
视频不可用在 Telegram 中显示
🧨Пиротехникалық заттарды заңсыз сатқандар қандай жауапкершілікке тартылады? ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 84 факті анықталды. Олардан 700-ден астам сертификатталмаған өнім тәркіленген. 💬Астана қаласы ПД Байқоңыр аудандық Полиция басқармасы бөлімшесінің аға инспекторы Нұржан Орыншайықовтың айтуынша, отшашу құралдарын рұқсатсыз сатқандарға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады. ❓Оларға тағы қандай жауапкершілік қарастырылған? Мұндай бұйымдарды сатуға рұқсат алу үшін қойылатын талаптар қандай? 🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
显示全部...
1224 (3)(2).mp480.69 MB
👍 4 1
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды @qazaqstantv
显示全部...