Qazaqstan.tv
Open in Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Show more2025 year in numbers

50 969
Subscribers
-4524 hours
-3867 days
-1 66630 days
Posts Archive
🔹«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, тағы 182 қазақстандыққа ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.
Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.
⚡️Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.
Күдікті 2023-2024 жылдары Алматыда коммерциялық құрылымды басқара отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы іс жүзінде жұмыстарды орындамай жалған шот-фактураларды жазу схемасын ұйымдастырған.
Заңсыз әрекеттер нәтижесінде мемлекетке шамамен 1,3 млрд теңге көлемінде салықты төлемеу түрінде залал келтірілген.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
❤ 2
01:02
Video unavailableShow in Telegram
❗️2025 жыл қорытындысы: Жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі
▪️Биыл жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есе өсті. Жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 52 373 теңгеге, ал педагогикалық мамандықтар үшін 42 мыңнан 84 мың теңгеге өсті.
▪️2018 жылдан бері 62045 орындық 251 жатақхана пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде Алматыдан басқа барлық өңірдің студенттері жатақханамен толық қамтылды.
▪️2025 жылы 10740 орынға есептелген 31 жатақхана салу жоспарланған. Биыл 22 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8757 орындық 26 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1983 орындық 5 жатақхана студенттердің игілігіне беріледі.
ROLIK JYL QORYTYNDYSY 5.mp4131.52 MB
👏 3❤ 1🙏 1
00:42
Video unavailableShow in Telegram
💰Банктер жыл сайын шамамен 400 млрд теңгені шағын бизнесті несиелеуге бағыттайды
Бұл бастама кәсіпкерлікті қолдауға арналған жаңа «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.
Бағдарламаға сәйкес, бір жобаға берілетін несие көлемі 200 млн теңгеге дейін болады. Пайыздық мөлшерлеме 8,8%, оның 40 пайызын мемлекет субсидиялайды. Ал кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.
Бұған дейін Қаржыгерлер қауымдастығы банктердің «Даму» кепілдік қорларына міндетті жарна аудару жүйесін сынға алған болатын. Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, бұл тәсіл нарықтық тетіктерді бұрмалап, банктер үшін қосымша тәуекелдер мен ықтимал шығындарға әкелуі мүмкін.
банктер самал.mp448.78 MB
👏 3
Photo unavailableShow in Telegram
🪙OTYRAR мен GRIFFIN: Ұлттық банктің жаңа коллекциялық монеталары
Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан OTYRAR және «Көшпенділердің аңыздары мен мифтері» сериясы аясында GRIFFIN коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
🔹Монеталар алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен дайындалған.
📌Сатылымға 8 қаңтардан бастап шығады. Әр монета таралымы 2000 данадан.
👏 2❤ 1
Repost from TgId: 1135401993
00:32
Video unavailableShow in Telegram
🥊 Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңіске жетті
🔹Отандасымыз Ташкентте өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Өзбекстан өкілі Тимур Никулинмен (9-1-2, 4 КО) кездесті.
📌Еркебұлан Тоқтар алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске қол жеткізді.
ТОҚТАР.mp431.63 MB
👏 20❤ 18🏆 11
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.
🕊 22😢 8💔 4❤ 3😱 1
00:17
Video unavailableShow in Telegram
⚡️ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицейлер жаралы аққуды құтқарды
Айыртау ауылының тұрғыны Сартымбет учаскесінің маңынан жаралы аққуды байқап, Ұлан ауданының учаскелік инспекторына хабарлаған.
Учаскелік инспектор ауылдық округ әкімдігінің маманымен бірге оқиға орнына барып, құстың жарақат алғанын анықтаған.
📌Жаралы құсқа дер кезінде көмек көрсетілді.
аққу сары видео.mp418.07 MB
❤ 4
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿 Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
🥊 World boxing ұйымы 2025 жылдың үздік боксшылары (ерлер,әйелдер) және үздік жекпе-жегін дауыс беру арқылы анықтады.
🏆 Нәтижесінде ерлер арасындағы үздік боксшы Махмұд Сабырхан, әйелдер арасынан Наталья Богданова және үздік жекпе-жек Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джудтың арасындағы кездесу болды.
🔥 14👏 3❤ 2🎉 1
02:09
Video unavailableShow in Telegram
🛩Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
Мәжіліс депутаттары тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Енді сапасыз әрі кешіккен қызмет үшін авиакомпанияларға салынатын айыппұл көлемі де артуы мүмкін.
✏️Депутаттардың бастамасына сәйкес, кез келген авиакомпания өткізілген билет құнының 90 пайызын тұтынушыға табыстауға міндеттелуі мүмкін.
❓Бұл билет бағасының шарықтатып жібермей ме? Өзгерістің тиімді тұстары қандай? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
ернұр нарезка.mp4149.33 MB
❤ 7
00:19
Video unavailableShow in Telegram
🏆Алматылық оқушылар Азияның үздік робототехникалық командалары қатарына енді
Бейжіңде өткен халықаралық турнирде қазақстандық ұжым алғаш рет жартылай финалға жолдама алып, Азияның робототехника бойынша ең мықты командалары қатарына енді.
Алматылық оқушылар робот құрастырып, Push back ойынында жарысты. Сайысқа 100-ден астам команда және 2 400-ге жуық жас қатысқан. Жерлестеріміз Вьетнам мен Аустралия командаларын жеңіп, жартылай финалға шыққан.
@qazaqstanv
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко22.mp410.76 MB
🔥 11❤ 2
00:49
Video unavailableShow in Telegram
⭕️Алматыда тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, тауға шыққандар 24 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен. 26 желтоқсанға қараған түні 112-ге әйел адам хабарласып, бауырының екі досымен бірге байланыссыз кеткенін, үйге әлі оралмағанын айтқан. Хабар түскен бойда жоғалғандарды іздеу жұмыстары басталған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, «Қазавиақұтқару» тікұшағы әуеге көтерілген. Дрон арқылы әуеден шолу кезінде «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылып, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен тікұшақпен төмен түсірілген. Марқұмның жеке басы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.
📌Қалған екі азамат іздестіріліп жатыр.
тау нарезка.mp457.08 MB
😱 6
🔹Алматыда робот-ассистент көмегімен тізе буынын эндопротездеу операциясы жасалды
Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханада ТМД елдерінде алғаш рет робот-ассистент қатысқан тізе буынын импланттау бойынша операциялар жасалды. Шетелдік мамандардың қатысуымен 8 ота сәтті жүзеге асты.
Мамандар роботтық жүйелерді енгізу арқылы эндопротездеу операцияларын қауіпсіз әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік туатынын атап өтті.
Ауруханада былтыр 1800, биыл 2200 ота сәтті өткізіліп, бүгінге дейін 25 мыңнан астам буын алмастыру операциясы жасалған.
@qazaqstantv
👍 5
00:34
Video unavailableShow in Telegram
❓Қазақстан сыртқы саясатта қандай маңызды қадамдар жасады?
Еліміздің геосаяси алаңдағы рөлі мен әлемдік деңгейдегі орта держава ретінде қалыптасу мүмкіндігі қандай?
📺Осы және өзге де мәселелер жексенбі 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
1226 (1).mp440.55 MB
😎 5
🟢Қазақстанда генетикалық ауытқуды ерте анықтаудың тың әдісі енгізілді
Астаналық дәрігерлер эмбриондарға генетикалық зерттеу жүргізудің жаңа әдісін қолданысқа енгізді. Бұл тәсіл генетикалық патологияларды ерте кезеңде анықтауға және сау баланың дүниеге келуіне мүмкіндік береді.
Мамандардың мәліметінше, аталған зерттеу бұған дейін Қазақстанда жүргізілмеген. Бұрын биопсия үлгілері шетелге жіберіліп, нәтижесі бір айға дейін күтілетін. Қазіргі таңда жаңа технологияның көмегімен эмбрионның генетикалық сапасы бір апта ішінде анықталады.
Әдіс Даун, Эдвардс синдромдары және басқа да тұқым қуалайтын ауруларды эмбрион кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 196 сау нәресте дүниеге келген.
@qazaqstantv
❤ 4🤩 2
🔹Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 10 пайызға өседі
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай баспасөз мәлихатында айтты.
✈️Мюнхен-Бейжің бағытындағы ұшақта бір адам қаза тапты
Жолаушы өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған соң экипаж командирі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуды жөн көрген.
❗️Оралдағы оқыс оқиға: Директорға сот үкімі шықты
Осыдан 4 жыл бұрын перзентханада жеделсаты шахтасына құлап, 50 жастағы әйел қаза тапқан болатын.
⚡️Елде генетикалық ауытқуларды анықтаудың тың тәсілі қолданысқа енді
Жаңа технологияның көмегімен эмбрионның сапасын небәрі бір апта ішінде анықтауға болады.
🌎Хьюстонда қазақ мәдениетін паш ететін орталық бар
Мұнда қазақтың тарихын, ежелгі тұрмысын паш ететін жәдігерлер көп.
▪️Axios: Трамп пен Зеленский 28 желтоқсанда Флоридада кездеседі
Трамппен таяуда жүздесетінін бүгін Зеленскийдің өзі де мәлімдеді.
00:53
Video unavailableShow in Telegram
⚖️Оралда лифт шахтасына құлап қаза болған әйелдің ісі бойынша сот үкімі шықты
Оралдағы перинаталдық орталықтың жеделсаты шахтасына құлап қаза тапқан 50 жастағы әйелдің ісі бойынша сот үкімі шықты.
Қайғылы оқиға 2021 жылғы 31 желтоқсанда болған еді. Перзентхана қызметкері жеделсаты кабинасы мен шахтаның арасына қысылып, оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша перинаталдық орталық директорының үстінен қызметтік міндетіне салғырт қарау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Іс қайта қаралып, Орал қалалық сотының шешімімен директор кінәсіз деп танылып, ақтау үкімі шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
@qazaqstantv
СТОРИЗ_ОБЛОЖКА_ОШЫРМЕЙМЫЗ!!_копия_копия_копия7.mp415.27 MB
😱 5❤ 1👀 1
01:01
Video unavailableShow in Telegram
🔹Ерлан Қарин әскери-патриоттық тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштер мен басқа да құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Ерлан Қарин жастарды Отанға қызмет етуге ынталандыратын жаңа форматтарды енгізуге, қоғам мен Қорғаныс министрлігі арасындағы ашық өзара іс-қимылды күшейтуге басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға әскери-патриоттық тәрбие саласындағы жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
@qazaqstantv
СТОРИЗ_ОБЛОЖКА_ОШЫРМЕЙМЫЗ!!_копия_копия_копия5.mp416.88 MB
👍 3😎 2
📌Ерлан Қарин: Үкімет Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспарды қабылдады
Ұлттық құрылтай аясында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыру жалғасуда. Президент тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Заңда Мемлекеттік қор, Ұлттық депозитарий және Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру көзделген.
Сондай-ақ Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспарды қабылдады. Құжатта алдын алу шаралары мен қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері күшейтілді.
@qazaqstantv
