Qazaqstan.tv
前往频道在 Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
显示更多2025 年数字统计

50 970
订阅者
+1224 小时
-2687 天
-1 50830 天
帖子存档
00:54
视频不可用在 Telegram 中显示
⚡️Радиоактивті уранды 500 мың долларға сатпақ болған
Шымкент қаласының тұрғыны екі ақтөбелік сыбайласымен бірге 958 грамм уранды 500 мың долларға сатуға әрекеттенген. Күдіктілерді ҰҚК қызметкерлері ақшаны алу кезінде ұстады.
Сараптама уранның радиоактивті материал екенін растады.
Сот шешімімен екі ақтөбелік 2 жылға, ал шымкенттік 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
новости-копия-копия-копия.mp463.42 MB
😢 5❤ 4🤨 1
🪪2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алатын болса немесе жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
🔵«Жеке куәлік алғаш рет берілген кезде тегін болады. Сонымен қатар оның қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да мемлекеттік баж алынбайды», - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.📺@qazaqstantv
👍 20❤ 6⚡ 2👏 2💘 1
照片不可用在 Telegram 中显示
⚜️22 желтоқсан - Архивші күні
Қазақстанда 22 желтоқсан Архивші күні болып бекітілген. Архив қызметкерлері ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып келеді.
💐Тарихи мұраны сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
📺@qazaqstantv
❤ 6🤝 3👍 1😎 1
Алматы түнде жер сілкінді
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының мәліметінше, дүмпу 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Қытай аумағында тіркелген.
📌Сезілетіні туралы мәлімет: Алматы қаласында – 2 балл.
😱 6❤ 1
📍ШҚО-да полиция қызметкері 9 адамның өмірін сақтап қалды
Риддер маңында 9 турист байланысқа шықпай қалған. Қоңырау түскен соң полицей дереу іздеу шараларын ұйымдастырып, ТЖ қызметтерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізген.
«Спутниктік байланыс арқылы туристердің нақты орналасқан жері анықталды. Тоғыз адам аман-есен табылды. Үсік шалу белгілері анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
👍 7❤ 2
照片不可用在 Telegram 中显示
📌Бүгін - Энергетик күні
Биылдан бастап энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 22 желтоқсанда аталып өтеді. Бұған дейін желтоқсан айының соңында тойланатын.
💐Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
👍 14👏 6❤🔥 3🎉 3❤ 2😎 1
05:58
视频不可用在 Telegram 中显示
❓Жаңа заң: Банктерге қандай талап қойылады?
📝Мәжілісте банктерге қатысты жаңа заң ұзақ қаралды. Біраз өзгеріс енгізілді. Жаңа заңның мақсаты көп. Біріншіден, халықты алаяқтардан қорғау, яғни,банктің жауапкершілігін арттыру. Екіншіден, елдің несиесін азайту. Үшінші, ең бастысы,банктерді экономикаға жұмыс істеуге итермелеу.
📌Бәсекелестікті арттыру бағытында енгізілген өзгерістің бірі – әр банкте «исламдық терезелер» ашу. Енді ислам банкингі шарттарымен жұмыс істеу үшін қаржы ұйымы исламдық банк болуы міндетті емес.
💬Экономикалық шолушы Айбар Олжаевтың айтуынша, бұл шаралардың нәтижесі үлкен болады. Жеке тұлғаларға берілетін несие қысқарады. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы күрес те назарға алынған. Сондықтан банктер енді барлық кредит бермес бұрын мұқият қарайды, дейді экономикалық шолушы.
❓Тағы қандай талаптар бар? «Бөліп төлеу» жүйесі де несие ретінде санала ма?
🎥Толығырақ тілші Аманкелді Сейтханның сараптамасында.
📺«Апта» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында.
1222.mp4145.32 MB
❤ 4🤣 2😎 1
照片不可用在 Telegram 中显示
Мемлекет басшысы: Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.
«Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы 600 миллион доллар, 2024 жылы – 4 миллиард доллар). Өнеркәсіп өнімі 29 пайыз артып, 1,5 триллион долларды құрады», – деді Мемлекет басшысы
👍 4❤ 2
照片不可用在 Telegram 中显示
Президент жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізуді ұсынды
Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударып, интеграциялық бірлестікті дамытудың басым бағыттарын айқындады.
«Әлем жаппай цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологияларды ЕАЭО-ға мүше елдер экономикасының барлық саласына енгізу қажет деп санаймын. Жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынамыз. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады. Келесі жылы Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында дәстүрлі Еуразия экономикалық форумын өткізеді. Осы жиында Экономикалық одақ кеңістігінде Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауға болар еді», – деді Мемлекет басшысы.
❤ 3👎 3😎 1
Президент: Шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында кедендік реттеу және мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ өзара сауда-саттықтағы әкімшілік кедергілерді толықтай жоятын уақыт келгенін мәлімдеді.
«Азаматтардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтін қолдан жасалған шектеулерді алып тастап, шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет. Кедендік реттеу және (көлік, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық) мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауы тиіс», - деді Президент жиында.
🤝 7❤ 4👍 3👎 2😎 1
照片不可用在 Telegram 中显示
Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтеді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанын жеткізді.
Сондай-ақ Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін атап өтті.
👎 12❤ 2👏 1🤬 1
照片不可用在 Telegram 中显示
🔹Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысында сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы күнге жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Президент биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын еске салды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты.
Осы кезең ішінде өзара сауда-cаттық тұрақты түрде өсіп, ірі инфрақұрылым жобалары табысты жүзеге асты және өнеркәсіп кооперациясының аясы кеңейе түсті.
👎 7❤ 3🤬 1🙏 1
01:42
视频不可用在 Telegram 中显示
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев: Жапония алыс көршіміз болғанымен, жақын әрі сенімді досымыз
Ел тарихындағы тұңғыш әйел Премьер-министр Санаэ Такаичи мансап жолын тележүргізуші болып бастаған. Ал қазір Үкіметті қайта жасақтап әрі заңға өзгерту енгізген билік басындағы ірі саясаткердің бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты жылы жүзбен қарсы алған Премьер Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді.
«Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
жапон.mp4118.93 MB
🤝 12👍 3👎 1🎉 1😎 1
照片不可用在 Telegram 中显示
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.
Кездесуге Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі қызметіне байланысты бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.
❤ 7😱 1
00:30
视频不可用在 Telegram 中显示
🐠«Балықшылар азайып барады...»
«Қазіргі кезде балықшылар азайып кетті. Себебі балықтың түрі азайды. Оған қоса балық аулау тиімді болмай тұр. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, былтыр 800-ден астам балықшы бар еді, биыл 600-ден сәл ғана асады», - дейді Балықшылар қауымдастығы облыстық филиалының директоры Данияр Әкімжан.
«Каспий тағдыры» арнайы жобасының толық нұсқасын Qazaqstan TV Youtube арнасынан көріңіздер.
балықшылар.mp429.36 MB
😱 2❤ 1
照片不可用在 Telegram 中显示
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
👎 7❤ 6🤝 2👏 1😱 1
01:01
视频不可用在 Telegram 中显示
Аңыздың соңғы сұхбаты
Аңыз тұлға Асанәлі Әшімов күні кеше «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Сол хабар көрерменге бүгін 22:05-те қайта ұсынылады. Сондай-ақ Асанәлі Әшімов Бекежан рөлін сомдаған «Қыз Жібек» фильмі 22:35-те көрсетіледі.
соңғы сұхбат и видео.MP447.73 MB
❤ 13🙏 1
照片不可用在 Telegram 中显示
«Qazaqstan» телеарнасы «Қыз Жібек» фильмін көрсетеді
«Qazaqstan» телеарнасы бүгін 22:35-те «Қыз Жібек» көркем фильмін ұсынады.
Көркем фильм 1970 жылы түсірілген. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері халық сүйіп тамашалайтын туындыда Асанәлі Әшімов Бекежан рөлін сомдайды. Ол осы рөлі арқылы халықтың сүйікті актеріне айналып, қазақ киносының тарихында қалды.
Одан бөлек, аңызға айналған актер күні кеше «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Сол хабар көрерменге бүгін 22:05-те қайта ұсынылады.
❤ 15👍 3💔 2
照片不可用在 Telegram 中显示
🌡️Астанада -27 градусқа дейін аяз болады
Астанада 22 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы -25-27 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Құтқарушылар қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға, дауылды ескертулерді қадағалауға кеңес береді.
Сондай-ақ мұздың толық қатпағанына байланысты су айдындарында сақ болуға және жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
@qazaqstantv
❤ 8❤🔥 2
