ru
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Открыть в Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Больше
2025 год в цифрахsnowflakes fon
card fon
50 970
Подписчики
+1224 часа
-2687 дней
-1 50830 день
Архив постов
05:58
Видео недоступноПоказать в Telegram
❓Жаңа заң: Банктерге қандай талап қойылады? 📝Мәжілісте банктерге қатысты жаңа заң ұзақ қаралды. Біраз өзгеріс енгізілді. Жаңа заңның мақсаты көп. Біріншіден, халықты алаяқтардан қорғау, яғни,банктің жауапкершілігін арттыру. Екіншіден, елдің несиесін азайту. Үшінші, ең бастысы,банктерді экономикаға жұмыс істеуге итермелеу. 📌Бәсекелестікті арттыру бағытында енгізілген өзгерістің бірі – әр банкте «исламдық терезелер» ашу. Енді ислам банкингі шарттарымен жұмыс істеу үшін қаржы ұйымы исламдық банк болуы міндетті емес. 💬Экономикалық шолушы Айбар Олжаевтың айтуынша, бұл шаралардың нәтижесі үлкен болады. Жеке тұлғаларға берілетін несие қысқарады. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы күрес те назарға алынған. Сондықтан банктер енді барлық кредит бермес бұрын мұқият қарайды, дейді экономикалық шолушы. ❓Тағы қандай талаптар бар? «Бөліп төлеу» жүйесі де несие ретінде санала ма? 🎥Толығырақ тілші Аманкелді Сейтханның сараптамасында. 📺«Апта» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында.
Показать все...
1222.mp4145.32 MB
4🤣 2😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Мемлекет басшысы: Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.
«Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы 600 миллион доллар, 2024 жылы – 4 миллиард доллар). Өнеркәсіп өнімі 29 пайыз артып, 1,5 триллион долларды құрады», – деді Мемлекет басшысы
Показать все...
👍 4 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
Президент жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізуді ұсынды Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударып, интеграциялық бірлестікті дамытудың басым бағыттарын айқындады.
«Әлем жаппай цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологияларды ЕАЭО-ға мүше елдер экономикасының барлық саласына енгізу қажет деп санаймын. Жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынамыз. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады. Келесі жылы Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында дәстүрлі Еуразия экономикалық форумын өткізеді. Осы жиында Экономикалық одақ кеңістігінде Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауға болар еді», – деді Мемлекет басшысы.
Показать все...
3👎 3😎 1
Президент: Шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында кедендік реттеу және мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ өзара сауда-саттықтағы әкімшілік кедергілерді толықтай жоятын уақыт келгенін мәлімдеді. «Азаматтардың еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтін қолдан жасалған шектеулерді алып тастап, шекарадағы жүк көліктерінің ұзын сонар кезегін жою қажет. Кедендік реттеу және (көлік, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық) мемлекеттік қадағалау шаралары ұйым ішіндегі кейбір шешімдерді өткізу құралы ретінде қолданылмауы тиіс», - деді Президент жиында.
Показать все...
🤝 7 4👍 3👎 2😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтеді Бұл туралы Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін атап өтті.
Показать все...
👎 12 2👏 1🤬 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔹Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы күнге жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Президент биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын еске салды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты. Осы кезең ішінде өзара сауда-cаттық тұрақты түрде өсіп, ірі инфрақұрылым жобалары табысты жүзеге асты және өнеркәсіп кооперациясының аясы кеңейе түсті.
Показать все...
👎 7 3🤬 1🙏 1
01:42
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев: Жапония алыс көршіміз болғанымен, жақын әрі сенімді досымыз Ел тарихындағы тұңғыш әйел Премьер-министр Санаэ Такаичи мансап жолын тележүргізуші болып бастаған. Ал қазір Үкіметті қайта жасақтап әрі заңға өзгерту енгізген билік басындағы ірі саясаткердің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаевты жылы жүзбен қарсы алған Премьер Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. «Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
Показать все...
жапон.mp4118.93 MB
🤝 12👍 3👎 1🎉 1😎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты. Кездесуге Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі қызметіне байланысты бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.
Показать все...
7😱 1
00:30
Видео недоступноПоказать в Telegram
🐠«Балықшылар азайып барады...» «Қазіргі кезде балықшылар азайып кетті. Себебі балықтың түрі азайды. Оған қоса балық аулау тиімді болмай тұр. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, былтыр 800-ден астам балықшы бар еді, биыл 600-ден сәл ғана асады», - дейді Балықшылар қауымдастығы облыстық филиалының директоры Данияр Әкімжан. «Каспий тағдыры» арнайы жобасының толық нұсқасын Qazaqstan TV Youtube арнасынан көріңіздер.
Показать все...
балықшылар.mp429.36 MB
😱 2 1
00:20
Видео недоступноПоказать в Telegram
1.64 MB
Фото недоступноПоказать в Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді 🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Показать все...
👎 7 6🤝 2👏 1😱 1
01:01
Видео недоступноПоказать в Telegram
Аңыздың соңғы сұхбаты Аңыз тұлға Асанәлі Әшімов күні кеше «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Сол хабар көрерменге бүгін 22:05-те қайта ұсынылады. Сондай-ақ Асанәлі Әшімов Бекежан рөлін сомдаған «Қыз Жібек» фильмі 22:35-те көрсетіледі.
Показать все...
соңғы сұхбат и видео.MP447.73 MB
13🙏 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
«Qazaqstan» телеарнасы «Қыз Жібек» фильмін көрсетеді «Qazaqstan» телеарнасы бүгін 22:35-те «Қыз Жібек» көркем фильмін ұсынады. Көркем фильм 1970 жылы түсірілген. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері халық сүйіп тамашалайтын туындыда Асанәлі Әшімов Бекежан рөлін сомдайды. Ол осы рөлі арқылы халықтың сүйікті актеріне айналып, қазақ киносының тарихында қалды. Одан бөлек, аңызға айналған актер күні кеше «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Сол хабар көрерменге бүгін 22:05-те қайта ұсынылады.
Показать все...
15👍 3💔 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🌡️Астанада -27 градусқа дейін аяз болады Астанада 22 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы -25-27 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Құтқарушылар қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға, дауылды ескертулерді қадағалауға кеңес береді. Сондай-ақ мұздың толық қатпағанына байланысты су айдындарында сақ болуға және жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет. @qazaqstantv
Показать все...
8❤‍🔥 2
00:30
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Показать все...
петербург.MP423.77 MB
👎 10👍 5 4
✉️Президент Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. – Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады, – деп жазылған жеделхатта. @qazaqstantv
Показать все...
🙏 12😢 6😭 5👍 3 2
00:47
Видео недоступноПоказать в Telegram
⚡Мобильді аударымдарды тексеру тәртібі нақтыланды Қаржы министрі Мәди Такиев банктердің салық органдарына мәлімет ұсыну қағидаларын бекітетін бұйрыққа қол қойды. Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін салық органдары жасырын кәсіпкерлік қызметке тек аударымдар санына қарап күмәнданатын. Яғни, егер үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түссе ғана тексеру жүргізілетін. Енді жаңа талапқа сәйкес, аударым санына қоса оның жалпы сомасы да ескеріледі. Егер үш ай қатарынан түскен қаражаттың жиынтық көлемі ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кетсе, тексеруге негіз болады. 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге деп белгіленген. Осыған сәйкес, үш айда жалпы сомасы 1,02 миллион теңгеден асатын және 100 немесе одан да көп мобильді аударым түскен жағдайда, бұл кәсіпкерлік қызметтен табыс табу белгісі ретінде қарастырылады.
Показать все...
шолу.mp455.49 MB
👍 6 2
00:34
Видео недоступноПоказать в Telegram
🎞️«Өмірге өкпем жоқ»: Асанәлі Әшімовтің соңғы сұхбаты Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің «Qazaqstan» телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбаты өткен жұмада эфирге шыққан еді. Бұл аңызға айналған актердің соңғы сұхбаты болды. Бүгін 14:40-та Асанәлі Әшімовтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсірілген «Бірегей» деректі фильмі, 22:05-те «1001 түн» бағдарламасына берген соңғы сұхбаты, 22:35-те «Қыз Жібек» көркем фильмі ұсынылады. #Qazaqstan телеарнасынан көріңіздер.
Показать все...
1221 (6)(1).mp439.52 MB
😢 23👍 6 3🤷‍♂ 2😭 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов өмірден өтті Белгілі кино және театр әртісі, Қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов дүниеден озды. Асанәлі Әшімов - қазақ киноөнерін әлемдік деңгейге көтерген бірегей актерлердің бірі. Ол көрермен жадында Бекежан, Шадияров, Мәмбет, Қасымханов, Ка мырза сынды жарқын рөлдерімен сақталды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтады.
Показать все...
😢 63🕊 8 6🙏 5😭 1
00:15
Видео недоступноПоказать в Telegram
❄️Сауд Арабиясында қар жауды Сауд Арабиясының бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ тіркелді. Қар таулы аумақтармен қатар шөлді өңірлерде де жауған. Араб түбегі үшін бұл сирек кездесетін табиғи құбылыс. Сондай-ақ Эр-Рияд қаласында қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Синоптиктердің болжауынша, елдің солтүстік аймақтарында қар аралас жаңбыр бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін. @qazaqstantv
Показать все...
1206-копия (1)-копия-копия (2).mp419.40 MB
7🙏 5👍 2🤩 2