Qazaqstan.tv
Ir al canal en Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Mostrar más2025 año en números

50 979
Suscriptores
-1524 horas
-3287 días
-1 60330 días
Archivo de publicaciones
📌Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді.
@qazaqstantv
⚡ 1
00:45
Video unavailableShow in Telegram
✈️ Ақтауға ұшақ апатында қаза тапқандардың туыстары келді
Ақтауға былтырғы ұшақ апатында қаза тапқан экипаж мүшелерінің және жолаушылардың туыстары келді. Олардың арасында Әзербайжанның ұлттық батырлары Хокума Әлиева, Игорь Кшнякин, Александр Кальяниновтың жақындары да бар.
Сапарды Әзербайжанның Қазақстандағы консулдығы мен AZAL әуекомпаниясы ұйымдастырған.
Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде AZAL әуекомпаниясының Embraer ұшағы апатқа ұшыраған. Баку – Грозный бағытымен ұшқан әуе кемесінде 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты.
новости-копия-копия-копия.mp453.03 MB
😢 10❤ 4
🔴Ливия армиясы бас штабының басшысы ұшақ апатынан қаза тапты
Түркияда әуе апатынан Ливия армиясының Бас штабы басшысы Мұхаммед Әли Ахмед әл-Хаддад қаза тапты. Генерал мінген лайнер Анкарадан ұшқаннан кейін көп ұзамай құлаған. Ұшақ сынықтары Хаймана ауданының Кесикавак ауылынан екі шақырым жерден табылды.
🔵Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортынан шұғыл қону туралы өтініш түскенімен, онымен байланыс үзілген.
Кей мәліметтерге сай, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
📺@qazaqstantv
😢 1
Президент жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды
Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:
«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
📺@qazaqstantv
❤ 19
01:00
Video unavailableShow in Telegram
❓Бауыржан Момышұлы жазған қандай шығарманы білесіз?
📚Бауыржан Момышұлының балалық шағынан сыр шертетін «Ұшқан ұя» повесті 1947 жылы жазылған. Автор кітапта өсіп – өнген ортасы мен алған таным – тағылымын, әжесінен естіген аңыз-әңгімелерін жазады. Ұлт азаттық көтерілісі, ашаршылық жылдары туралы да сөз қозғалған. Қалыңмал жойылып, «әйел теңдігі» туралы айтыла бастаған кезең сипатталған.
❓Повесть туралы тағы қандай мәлімет бар? Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының басқа қандай туындылары бар?
🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
1223 (1)(4).mp464.56 MB
❤ 16
00:23
Video unavailableShow in Telegram
🎄Түркістан облысында жеңіл көлік алаңдағы бас шыршаға соғылды
Түркістан облысында шыршаны соғып кеткен жүргізуші жауапқа тартылды. Түнгі сағат 03:00 шамасында Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына белгісіз жүргізушінің орталық алаңға орнатылған жаңажылдық бас шыршаны соғып, оқиға орнынан жасырынғаны туралы хабарлама түскен.
Тәртіп сақшылары аумақтағы бейнежазбаларды толық зерделеп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, ВАЗ 2105 көлігінің жүргізушісі шыршаны айналмақ болып, көлікті басқара алмай, соғып кеткен.
📌Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.
📺@qazaqstantv
1211-копия-копия-копия-копия.mp426.25 MB
👎 5😡 3👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
🎖Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл
Бүгін Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Ол 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген.
✏️Халық қаһарманы майдан даласында ұрыс жүгізудегі әскери шеберлігімен көзге түсіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Қолына қару алған батыр қаламгерлік қырымен де көпшілікке кең танылды. Оның қаламынан «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы» сынды шығармалар туған.
Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 71 жасында дүниеден өтті. Ал 1990 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілген.
📺«Qazaqstan» телеарнасы Бауыржан Момышұлы туралы «Бірегей» деректі фильмін бүгін сағат 14:35-те көрсетеді.
❤ 16👍 4
«Qazsport» телеарнасы «Namys» спорттық сыйлығын жеңіп алды
Астана қаласы әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен спорт ұйымдарын марапаттады.
Спорттық премия аясында «Qazsport» телеарнасы «Үздік спорттық телеарна» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ номинация жеңімпаздары қатарында Санжар Тәшкенбай «Жылдың үздік спортшысы», Меруерт Балғынбаева «Жылдың үздік жаттықтырушысы», ал Ақмарал Ерекешева «Жыл серпіні» аталымы бойынша үздік деп танылды.
«Namys» спорттық сыйлығы 14 номинация бойынша табысталды.
Photo unavailableShow in Telegram
«Qazsport» телеарнасы «Namys» спорттық сыйлығын жеңіп алды
Астана қаласы әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен спорт ұйымдарын марапаттады.
Спорттық премия аясында «Qazsport» телеарнасы «Үздік спорттық телеарна» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ номинация жеңімпаздары қатарында Санжар Тәшкенбай «Жылдың үздік спортшысы», Меруерт Балғынбаева «Жылдың үздік жаттықтырушысы», ал Ақмарал Ерекешева «Жыл серпіні» аталымы бойынша үздік деп танылды.
«Namys» спорттық сыйлығы 14 номинация бойынша табысталды.
❤ 10👍 3
01:52
Video unavailableShow in Telegram
🤰🏻«Суррогат аналарға қойылатын талаптар күшеюде»
«Ашық алаң» бағдарламасында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова суррогат аналарға қойылатын талаптар жайында айтты.
«Қазір суррогат аналарға қойылатын талаптар күшейтіліп отыр. 20-35 жас аралығындағы, репродуктивті, психологиялық, соматикалық денсаулығы қалыпты және дені сау 1 баласы бар ана суррогат ана бола алады. Тапсырыс берушілер міндетті түрде ерлі-зайыпты болуы керек. Және медициналық көрсеткіштері тексеріледі», - дейді сарапшы.🎞Бағдарламаның толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
Суррогат талап.mp494.02 MB
👍 4❤ 1
Photo unavailableShow in Telegram
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты G20 саммитіне шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіге жариялаған жазбасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін атап өтіп, келесі жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне шақыратынын мәлімдеді.
«АҚШ келесі жылы G20 саммитін өткізеді. Бұл аса маңызды шараға қонақ ретінде аталған екі көшбасшыны шақырамыз», – деді ол.
❤ 12👍 10👎 1
00:34
Video unavailableShow in Telegram
🔴Алматыда жолаушы автобустан құлап, омыртқасын сындырып алды
Оқиға қоғамдық көліктегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда қоғамдық көлік жүргізушісі әйел адам есіктен шығып үлгермей жүріп кеткені көрінеді. Салдарынан құлап, омыртқа жотасынан жарақат алған.
📌Автопарк өкілдерінің мәліметінше, жүргізуші оны жеке көлікпен ауруханаға жеткізіп, рентген ақысын төлеп, қосымша шығындарына 50 мың теңге берген.
🖇Алматы қалалық Полиция департаменті оқыс жағдайға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.
автобус .mp427.65 MB
❤ 3😱 1
00:16
Video unavailableShow in Telegram
📌Биыл халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлдемен оралған
Ал жиі айтылып жүрген жасанды интеллект 2025 жылы мектеп бағдарламасына ресми түрде енгізілді.
⏰Жалпы оқу-ағарту саласында жаңалық көп. Толығырақ 20:00-де «Ақпараттан» көріңіз!
IMG_6933.MOV12.40 MB
👍 4❤ 2🔥 1
01:00
Video unavailableShow in Telegram
❓Бауыржан Момышұлы жазған қандай шығарманы білесіз?
📚Бауыржан Момышұлының балалық шағынан сыр шертетін «Ұшқан ұя» повесті 1947 жылы жазылған. Автор кітапта өсіп – өнген ортасы мен алған таным – тағылымын, әжесінен естіген аңыз-әңгімелерін жазады. Ұлт азаттық көтерілісі, ашаршылық жылдары туралы да сөз қозғалған. Қалыңмал жойылып, «әйел теңдігі» туралы айтыла бастаған кезең сипатталған.
❓Повесть туралы тағы қандай мәлімет бар? Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының басқа қандай туындылары бар?
🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
1223 (1).mp464.57 MB
📞 Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті
🇰🇿🇺🇸Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.
Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Америка Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи уақиға болатынына сенім білдірді.
👍 7❤ 1
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады
✔️Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды.
Рустам Қарағойшин:
➤ биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткенін айтты.
✔️Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған.
➤ осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берді.
➤ «Даму» қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелерін таныстырды.
✔️Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.
➤ инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімдеді.
✔️Бұл «Инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады.
✔️Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды.
Президент:
❗️инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті;
📌«Бәйтерек» холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
👍 3
00:22
Video unavailableShow in Telegram
Әйгілі актер Джеки Чан Олимпиада алауы эстафетасына қатысты
Джеки Чан Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының алауы эстафетасына қатысты. Ол Олимпиада факелін ежелгі Помпей қаласында алып жүрді.
Эстафетаны әрі қарай Италия футболының аңыздары Фабио Каннаваро мен Чиро Феррара Неапольде жалғастырады. Жаңа жыл мерекесі күндері алау Помпей аумағында уақытша тоқтайды.
Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Осы уақытқа дейін Олимпиада алауы Италияның 110 провинциясын қамтитын 12 мың шақырымдық жолдан өтеді.
САРЫ ВИДЕОО(1).mp425.74 MB
👍 9
02:10
Video unavailableShow in Telegram
💸Қарызы бар шағын кәсіп иелерінің шоттары бірден бұғатталмайды
Енді шағын бизнес үшін салық берешегін өндіріп алу шегі көтерілді. Бұрын қарыз 26 мың теңгеден асса, шоттар бұғатталатын. Енді 87 мың теңгеге дейін тек хабарлама жіберіледі, шоттар жабылмайды.
Бұл өзгерістер Үкімет отырысында талқыланды. Сонымен қатар, жоспарлы салық тексерулерінен бас тартылып, тексерулер тек тәуекелдер бойынша жүргізіледі, есептілік те қысқарады.
новости-копия-копия-копия.mp4150.56 MB
❤ 3
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады
🟦Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды.
🟦Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.
– Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
👍 5🥱 1
