Qazaqstan.tv
Ir al canal en Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Mostrar más2025 año en números

50 979
Suscriptores
+1224 horas
-2687 días
-1 50830 días
Archivo de publicaciones
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады
🟦Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды.
🟦Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.
– Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
01:01
Video unavailableShow in Telegram
🎞Аты аңызға айналған «Тақиялы періште» фильміне – 56 жыл
Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, комедиялық туынды халқымыздың сүйікті фильмдерінің қатарынан түскен емес.
⚜️Қазақ киносының алтын қорына енген үздік туындыны 1 қаңтар ⏰23:20-да «Qazaqstan» телеарнасынан көріңіздер!
📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Taqialy perishte.mp461.07 MB
👍 12❤ 2
02:05
Video unavailableShow in Telegram
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Алматыда абыз ақсақал, аңыз актер Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне мәдениет пен өнер өкілдері, қоғам қайраткерлері, әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары жиналды. Қаралы жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқыды.
Қазақ өнерінің саңлағы, Халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті. Ол шығармашылық жолында 30-дан астам рөл сомдап, «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Ермак», «Транссібір экспресі» секілді фильмдер арқылы қазақ киносының алтын қорында мәңгі қалды.
новости-копия(3).mp4146.97 MB
❤ 13
Photo unavailableShow in Telegram
🏫Қазақстанда соңғы үш жылда 622 мектеп және 633 емхана салынды
Қазақстан халқының саны жыл сайын шамамен 250 мың адамға артып келеді, өсім орташа есеппен - 1,2%. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
🔵Ол жыл сайын 350 мың бала өмірге келетінін, кейбір жылдары 400 мыңға дейін жететінін атап өтті. Бұл мектеп, балабақша, емхана салуды, педагогтер, дәрігерлер штатын ұлғайтуды қажет етеді. Сонымен бірге мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығыны да өсуде.
«Жыл сайынғы қажеттілік шамамен 145 мектеп пен 100 емхананы құрайды. Соңғы үш жылда біз 622 мектеп, жылына орта есеппен 207 мектеп және 633 емхана, жылына орта есеппен 211 емхана салдық», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
❤ 7
2025 жыл: Қазақстандық өнерпаздардың әлемдік сахнадағы жетістіктері
2025 жыл қазақ өнері үшін жарқын басталды. Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт беріп, қазақ өнерін әлемге танытты.
Жыл жас өнерпаздар үшін де табысты болды:
🎵Ержан Максим – Sanremo Best Song–2025 (Дубай) Гран-при;
🎵Александр Лим – «Жаңа толқын–2025» (Қазан) Гран-при;
🎵Алмагүл Батталиева – «Славян базары» Гран-при;
🎵El Voice тобы – Soldier’s Envelope–2025 (Ставрополь) Гран-при;
🎵Мирас Нағашыбай – «Витебск» балалар байқауының жеңімпазы;
🎵Жасмин Түзелова – «Голос. Дети» финалисі;
🎵Amre (Ернар Садырбаев) – «Интервидение–2025» финалисі.
2025 жылы өнерпаздар әлемдегі ең ірі музыкалық байқауларда өнер көрсетті.
2025 жылы шығармашылық оқу орындары студенттерінің халықаралық және республикалық байқаулардағы жеңісі 14,9%-ға артты. 1511 студент лауреат пен дипломант атанды.
❤ 3👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
🎉Жаңа жылға жап-жаңа iPhone 16 сыйлаймыз!
⤵️Байқау шарттары:
1. @qazaqstantv Instagram парақшасына жазылу;
2. Эфирде шығатын сыйлық қораптарының санын дәл анықтау;
3. Мына посттың астына 5 досыңды белгілеу.
31 желтоқсан 21:00-де «Жақсылықпен кел, жаңа жыл!» мерекелік бағдарламасы шығады.
Бағдарлама барысында эфирден қызыл және сары түсті сыйлық қораптары көрсетіледі. Олардың санын дәл тауып, 5 қаңтар жарияланатын байқау туралы посттың астына өз жауаптарыңызды жазасыздар.
Мысалы: 5 қорап, 3 қызыл, 2 сары
✈️Алғашқы әрі дұрыс жауап берген көрермен жеңімпаз атанады. Жеңімпазға iPhone 16 смартфоны сыйлыққа беріледі.
📌Ескерту: ҚР Салық кодексінің 327-бабына сәйкес, жеңімпаз ұтыстың 10%-ы көлемінде жеке табыс салығын төлеуі тиіс.
31 желтоқсан күні байқау басталғаны туралы қосымша хабарландыру болады.
🪄Баршаңызға сәттілік тілейміз!
📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
👍 1🥱 1
01:06
Video unavailableShow in Telegram
🎺 Қазақстанның әскери музыканттары Дохадан жүлдемен оралды
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери музыканттары Дохада өткен І Халықаралық әскери музыка фестивалінде сәтті өнер көрсетті.
Шетелдік көрермендер әскери және ұлттық әуендерді, саптық сымбат пен хореографияны үйлестіре білген қазақстандық әртістердің кәсібилігін жоғары бағалады.
Фестивальде орталық әскери оркестр, би тобы, Ұлттық әскери-патриоттық орталық, фольклорлық-этнографиялық оркестр және Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы өнер көрсетті.
Байқауға Қазақстанмен қатар Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Ирландия, Иордания, Оман және Катардың элиталық әскери оркестрлері қатысты.
САРЫ ВИДЕОО-копия-копия.mp476.10 MB
❤ 13🥱 1
00:58
Video unavailableShow in Telegram
🏘Маңғыстауда 100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылды
Маңғыстау облысында шенеуніктердің салғырттығынан 100 мыңнан астам тұрғын уақытша тұрғын үй жеңілдіктерін ала алмаған.
Тексеру барысында тұрғын үй жеңілдіктеріне құқығы бар азаматтар санаты заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2-ден 12 санатқа дейін кеңейтілгені белгілі болды. Алайда облыстық мәслихат бұл өзгерістерді өз шешіміне уақтылы енгізбеген.
Соның салдарынан мыңдаған адам тұрғын үй бағдарламалары аясында бастапқы жарнаны төлеу мен пәтер құнының бір бөлігін өтеу кезінде мемлекеттік қолдауды пайдалана алмаған.
новости-копия(2).mp466.63 MB
❤ 2🕊 1
00:25
Video unavailableShow in Telegram
ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді
Шығыс Қазақстандағы Алтай қаласында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйел тікұшақпен Өскеменге жеткізілді.
Босану мерзімі жақындаған анаға жедел жәрдеммен жол жүру денсаулығына байланысты мүмкін болмаған.
Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Қатонқарағай бағытындағы автожол жабық болды.
Осыған орай ТЖМ-нің «Қазавиаспас» тікұшағы жұмылдырылып, санитарлық авиация дәрігерлері әуеде медициналық көмек көрсетті.
САРЫЫЫ НЕ УДАЛ.mp430.70 MB
👍 9❤ 3
Photo unavailableShow in Telegram
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады
Дональд Трамп Қазақстанның АҚШ-тағы елшісімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады.
Сыйлықтар қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Д.Трамптың қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.
Кездесу кезінде Дональд Трамп Президент Қ.Тоқаевқа жылы лебізін білдіріп, оны халықаралық үдерістерді терең меңгерген, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде сипаттаған.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
❤ 12🥱 2
01:15
Video unavailableShow in Telegram
«Өрлеу»: Шағын кәсіп иелеріне 482 млрд теңге несие берілді
Қазіргі таңда кәсіпкерлерге көрсетілетін микро және шағын бизнесті қолдау шаралары Үкімет деңгейінде талқылануда.
Толығырақ тілші материалында.
новости-копия-копия-копия.mp489.21 MB
❤ 4🤯 1
📌Ұлттық құрылтай: 2025 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерінің қатысуымен өткен басқосуда жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Толығырақ↗️
📺@qazaqstantv
❤ 5👎 1👌 1
00:26
Video unavailableShow in Telegram
Ұлттық компания атын жамылған алаяқтар көбейіп кетті
❗️Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.
«Қазатомөнеркәсіп» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар тұрғындарға хабарласып, интернет арқылы инвестиция салып, жоғары табыс табуды ұсынуда.
Мамандар мұндай ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Алаяқтар көбіне жасанды интеллект арқылы жасалған бейнероликтер мен жарнамаларды қолданып, танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын қолдан жасап көрсетеді.
САРЫ ВИДЕОО-копия(1).mp433.18 MB
❤ 1🤣 1
01:43
Video unavailableShow in Telegram
📌Қазақстан мәдениеті шетелде қалай насихатталып жатыр?
Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан мәдениетін шетелде насихаттау жұмыстарына тоқталды.
«Қыркүйек айында Бейжің қаласында Қазақстанның тұңғыш Мәдениет орталығы ашылды. Мұнда домбыра сабақтары мен қазақ тілі курстарынан бастап, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ шетелдерде қазақтың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштер мен монументтер бой көтеріп жатыр. Бұл – мәдени дипломатияның нақты нәтижесі. Мысалы, Рим қаласында ұлы Абайдың бюсті орнатылса, Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбайұлының есімі берілген көше ашылып, ескерткіш пен музей пайдалануға берілді», - деді Аида Балаева.📺@qazaqstantv
1211-копия-копия-копия.mp4119.23 MB
❤ 3👍 2👌 2❤🔥 1🤪 1
00:52
Video unavailableShow in Telegram
💼 Жаңа жылдан бастап декларация тапсыру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап декларация уақытында тапсырылмаса, жүйе салық сомасын нөл деп көрсетеді. Бұл шоттарды бұғаттау мен айыппұл салудан сақтайды.
Әкімшілік жауапкершілік тек кіріс айналымы анықталған жағдайда ғана қолданылады.
Сондай-ақ декларацияны автоматты түрде тапсыру мүмкіндігі енгізіледі.
новости-копия.mp460.56 MB
❤ 4👍 3😱 1👌 1
00:16
Video unavailableShow in Telegram
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр
Бүгін Алматыда Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Қаралы жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері және қала тұрғындары қатысып жатыр.
Еске салайық, белгілі кино және театр әртісі, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден озды.
1223.mp419.00 MB
😭 9🕊 4❤ 2😢 1🙏 1
02:04
Video unavailableShow in Telegram
🔵Аида Балаева: Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталды
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
«Мәдениеттің дамуы ең алдымен инфрақұрылымнан басталады. Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталып, 251 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елорда тарихын зерттеудің маңызды орталығына айналатын Бозоқ археологиялық паркін құру жұмысы жалғасып жатыр. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас корпусы қайта жаңарды. Ал Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына арналған жаңа жатақхана құрылысы басталды», - деді Аида Балаева.Бұдан бөлек Астана мен Алматы қалаларында белгілі үш жаңа өнер мектебінің инфрақұрылымын жаңарту мәселесі пысықталуда. 📌Айта кетейік, бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ұйымында 58 мыңнан астам маман қызмет етеді. 📺@qazaqstantv
1211-копия.mp4143.82 MB
❤ 7👍 3👏 2👌 1
Photo unavailableShow in Telegram
🗓Қазақстандықтар қаңтар айында 12 күн демалады
2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Жаңа жыл мерекесіне орай ресми демалыс күндері – 1 және 2 қаңтар. Сондықтан қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалады.
📌Ал 7 қаңтар Рождествоға байланысты демалыс.
Осылайша бес күндік жұмыс кестесінде қаңтарда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады.
📺@qazaqstantv
👍 7❤🔥 2👌 2❤ 1
