fa
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

رفتن به کانال در Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

نمایش بیشتر
2025 سال در اعدادsnowflakes fon
card fon
50 991
مشترکین
-1524 ساعت
-3287 روز
-1 60330 روز
آرشیو پست ها
00:40
Video unavailableShow in Telegram
2025 жыл қорытындысы: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері ▪️Биыл елімізде рекордтық көлемде 27,1 млн тонна астық жиналды. ▪️Еліміздің зауыттарында 147 587 автомобиль құрастырылды. ▪️17 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. ▪️Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 19 121 отбасы жаңа пәтерге қоныс аударды. ▪️13 000 шақырым жол жөнделді. ▪️130 жаңа мектеп ашылды. ▪️219 медицина мекемесі салынды. ▪️315 537 сәби дүниеге келді. ▪️Қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 75 жастан асты.
نمایش همه...
3.mp444.62 MB
👍 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
🔹Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты. Білім беру мекемесінде 180 бала білім алып, интернатта тұрады. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған. ✅Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады. Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады. ✅Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.
نمایش همه...
🤝 1
💦Елімізде ауыз сусыз отырған 70-тен астам ауыл тіршілік нәрімен қамтылды Алдағы уақытта жарты миллион тұрғыны бар 200-ден аса ауыл сапалы ауыз сумен қамтылмақ. 📌Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды Ол 4 жыл бойы жұмыс істеген қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ілінді. 🚑Мобильді бригадалар жедел жәрдемге түсетін жүктемені 50 пайызға дейін азайтты Бүгінде ел бойынша осындай 650 мобильді топ бар. ✅Атырауда Ойыл, Ноғайты өзендерінің жағасы бекітіліп, түбі тереңдетіліп жатыр Көктемгі тасқын кезінде су шайып кететін жерлері анықталып, арнайы технологиямен бекітілуде. 🎖Б.Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арнайы экспозиция ұйымдастырылды Шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сала ардагерлері мен әскери қызметшілері, кадеттер мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
نمایش همه...
6
00:46
Video unavailableShow in Telegram
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады Экономиканы әртараптандырудың және салалардың теңгерімді дамуының нәтижесінде жоғару өсу қарқыны сақталды. Соның ішінде көлік қызметтері - 20,3%, құрылыс - 14,7%, тау-кен өнеркәсібі - 9,7%, сауда - 8,8%, ауыл шаруашылығы - 6,1%, өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті. Иневстиция өсімі 13,3%-ға жетті.
نمایش همه...
1.mp451.46 MB
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
نمایش همه...
00:20
Video unavailableShow in Telegram
🔺Нигерияда мешітте теракт болып, 5 адам қаза тапты Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штаты Гамбару ауданындағы орталық мешітте жасалған терактіден 5 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды. Шабуыл кешкі намаз уақытында болған. Жараланғандар жергілікті ауруханаларға жеткізіліп, оқиға бойынша тергеу басталды. Айта кетейік, бұл өңірде Боко Харам террористік ұйымы осындай шабуылдарды жиі жасайды.
نمایش همه...
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко20.mp45.33 MB
😱 1
Photo unavailableShow in Telegram
🎖Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады.
نمایش همه...
👍 3 2
00:52
Video unavailableShow in Telegram
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл: Бүгін даңқты қолбасшыға «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді Батырдың соғыс жылдарындағы естелігі «Қазақстан» РТРК» АҚ Алтын қорында сақталған.
نمایش همه...
МОМЫШУЛЫЫ.mp414.70 MB
7👍 2
01:06
Video unavailableShow in Telegram
2025 жылғы жетістіктер 2025 жылы елімізде 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мыңдаған отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Үкімет дерегінше, 219 денсаулық сақтау нысаны салынып, дәрігер тапшылығы 19%-ға қысқарды. Сонымен қатар 130 жаңа мектеп ашылды. Әлеуметтік төлемдерге 5,9 трлн теңге бағытталып, 4,6 млн қазақстандық мемлекеттен көмек алды. Өнеркәсіпте 33 жаңа зауыт іске қосылып, 150 кәсіпорын жаңғыртылды. Диқандар екінші жыл қатарынан рекорд жасап, 27,1 млн тонна астық жиналды.
نمایش همه...
новости-копия-копия-копия(3).mp433.52 MB
00:41
Video unavailableShow in Telegram
«Abai TV» телеарнасы «Жыл жаңғырығы» арнайы мерекелік шығарылымын ұсынады Жобада мәдениет, өнер, әдебиет және ғылым салаларындағы жетістіктер айтылады. Шығарылым аясында арна жүргізушілері 2025 жылдың 12 маңызды оқиғасын айтып, жылды қорытындылайды. Мерекелік шығарылымды жуырда «Abai TV» телеарнасынан көре аласыздар!
نمایش همه...
Жаңғырық .mp460.67 MB
00:41
Video unavailableShow in Telegram
«Abai TV» телеарнасы «Жыл жаңғырығы» арнайы мерекелік шығарылымын ұсынады Жобада мәдениет, өнер, әдебиет және ғылым салаларындағы жетістіктер айтылады. Шығарылым аясында арна жүргізушілері 2025 жылдың 12 маңызды оқиғасын айтып, жылды қорытындылайды. Мерекелік шығарылымды жуырда «Abai TV» телеарнасынан көре аласыздар!
نمایش همه...
Жаңғырық .mp460.67 MB
📵 Биыл 6 мыңнан астам қазақстандық алаяқтарға алданған Бас прокуратура телефон арқылы алдайтын алаяқтардың жаңа схемасын түсіндірді. Қаскөйлер алдымен жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен SMS-код келтіріп, артынан қоңырау шалып өзін банк, мемлекеттік орган өкілі немесе курьер ретінде таныстырып, кодты сұрайды. Кейін басқа нөмірден қайта хабарласып, өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырып, «код айтып қойдыңыз» деп қорқытады. Артынша ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару керек деп алдауға тырысады. ❗️Ескеріңіз! Ешқандай «қауіпсіз шот» деген болмайды. Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан 1414-тен келген бір реттік кодты, карта деректерін немесе парольді сұрамайды.
نمایش همه...
00:34
Video unavailableShow in Telegram
ІІМ және ТЖМ күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Мұндай тапсырманы қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жүктеді. Алдағы мереке күндері ел бойынша 1 мыңға жуық бұқаралық іс-шара жоспарланған. Олардың көпшілігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты жауапты ведомстволар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
نمایش همه...
новости-копия(2).mp438.63 MB
2
00:56
Video unavailableShow in Telegram
ІІМ және ТЖМ күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Мұндай тапсырманы қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жүктеді. Алдағы мереке күндері ел бойынша 1 мыңға жуық бұқаралық іс-шара жоспарланған. Олардың көпшілігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты жауапты ведомстволар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
نمایش همه...
новости-копия-копия(5).mp464.90 MB
Мемлекет басшысы: Биыл Жамбыл облысына 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды «Аймақтың даму жоспарымен таныстым. Жалпы, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылып, 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылып, 50-ден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді»,-деді Қ.Тоқаев. @qazaqstantv
نمایش همه...
5👍 4
🔹Президент барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырма берді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған инфрақұрылымды дамыту мәселесіне баса назар аударды. «Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуінде. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 6 4
📌Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдады. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойылды. «Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген.Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым.Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. @qazaqstantv
نمایش همه...
👍 17 8🔥 3
⚡️Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды «Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын. Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет»,-деді Қ.Тоқаев.
نمایش همه...
11
Президент: Елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Конституциялық реформа жасалды. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға аса маңызды түзетулер енгізілді.
«Заман күрделі, болашақ бұлыңғыр болып барады. Соған қарамастан, еліміз бейтарап ұстаныммен байсалды сыртқы саясатын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасауда. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі күшейді. Саяси партиялардың рөлі арта түсті. Конституциялық Сот құрылды. Азаматтарымыз стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдауға белсене араласа бастады», - деді Мемлекет басшысы жиында.
نمایش همه...
7
Президент: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесуде облыстың алдында маңызды, өзекті мақсаттар тұрғанын айтты. Өңірдің экономикасын күшейту керектігін тапсырды. «Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті, елдік мұраты және ерлік дәстүрі тоғысқан қала. Бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер. Шежірелі шаһардың жұртымыз үшін орны ерекше. Біз Тараздың екі мың жылдық тарихын мақтан етеміз. Әулиеата жерінде мемлекеттігіміздің тұғырын нығайтқан талай тарихи оқиғалар болды. Қазақ хандығы осы аймақта құрылған. Көне қала тоғыз жолдың торабында тұр», - деді Президент жиында.
نمایش همه...
6