Qazaqstan.tv
Открыть в Telegram
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Больше2025 год в цифрах

50 989
Подписчики
-1524 часа
-3287 дней
-1 60330 день
Архив постов
00:42
Видео недоступноПоказать в Telegram
👮♂️ Ұлттық ұлан бөлімі биыл 61 қылмыстың бетін ашқан
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі жыл басынан бері 61 қылмыстың бетін ашқан. Сонымен қатар әскери қызметкерлер 200-ден астам адамға көмек көрсетіп, 7 адамды өрттен аман алып қалған.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі – олардың басты міндеті. Осы мақсатта Ұлттық ұлан күн сайын патрульдік бақылауға шығып, қала тыныштығын күзетеді.
новости-копия-копия-копия.mp449.32 MB
❤ 5👍 1
📷Ұлттық музейде Мұстафа Шоқай мен жарының түпнұсқа фотосуреттері қойылды
Астанадағы Ұлттық музейде Мұстафа Шоқай мен жары Мария Шоқайдың түпнұсқадағы фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды. Экспозиция арқылы көрнекті қоғам қайраткерінің саяси қызметімен қатар, жарына деген асқақ махаббаты мен айнымас адалдығын да көруге болады.
Көрмеде ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңді, эмиграциядағы өмірді және бір-біріне сүйеу болған қос жанның тағдырын баяндайтын 50-ден аса құнды жәдігер қойылған. Барлық материалды Мария Шоқай ондаған жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген.
Көрме Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай ашылды.
👍 7❤ 1
00:36
Видео недоступноПоказать в Telegram
Прокурор Оңтүстік Кореяның экс-президентін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры экс-президент Юн Сок Ёльді 10 жылға соттауды талап етті. Ол саяси науқанды қаржыландыру туралы заңды бұзды деп айыпталып отыр.
Тергеу дерегінше, 2021–2022 жылдары жүргізілген әлеуметтік сауалнамаларға 185 630 доллар жұмсалған. Бұдан бөлек, экс-президент өзін қамауға алуға қарсылық танытқаны үшін де жауапқа тартылып отыр.
новости-копия.mp441.09 MB
🤯 5😱 2
04:48
Видео недоступноПоказать в Telegram
💸Экономика жаңалықтары
💰Шахмурат Мүтәліп Қазақстандағы ірі тау-кен металлургия холдингі ERG акцияларын сатып алуды қарастырып отыр.
📈Банктер жыл сайын шамамен 400 млрд теңгені шағын бизнесті несиелеуге бағыттайды.
💸Қазақстанда 1 млн-нан астам адам ең төменгі күнкөріс минимумынан аз табыспен күн көріп отыр. Бұл жалпы халықтың 5,3%-ын құрайды.
🚘 Jaguar бензинмен жүретін соңғы моделін шығарды - F-Pace SVR кроссовері.
4141414-1.m4v27.97 MB
❤ 6
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔹«Сақ стиліндегі» 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.
✏️Ұлттық банктің мәліметінше, бұл «Сақ стилі» сериясымен шығарылған бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бастау алатын, бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын айқындайтын «Сақ стилі» элементтері мен дәстүрлі қазақы ою-өрнекке негізделген.
Жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанынан бастап жаппай қолданысқа енгізіледі. Бұған ел өңірлеріне жеткізу және банкоматтар, терминалдар мен кассалық жабдықтарды бейімдеу қажеттілігі себеп болған.
❤ 10👍 2
00:30
Видео недоступноПоказать в Telegram
📍Азия дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды
Үстірт қыратында Азия дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды. Ол сыртқы келбеті ірі үй мысығына ұқсас болғанымен, дене бітімі мығым, жүні қалың әрі жолақты түсті болып келетін орташа көлемді жабайы жыртқыш.
Қазақстан аумағында дала мысығы мемлекет қорғауына алынған.
@qazaqstantv
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко19.mp45.92 MB
❤ 6👍 2😍 2
01:05
Видео недоступноПоказать в Telegram
⚡️Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады
«1001 түн» бағдарламасында дзюдошы Әбиба Әбужақынова тікелей байланысқа шығып, қуанышын жеткізді.
«Жоғары ұпай жинап, рейтингте көш бастадым. Рейтинг соңғы қатысқан жарыстардың нәтижелері бойынша есептеледі. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Келер жылға үміт көп. Азия ойындарында алтын алғым келеді», - деді ол.📌Айта кетейік, дзюдошының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр.
әбиба нарезка.mp476.76 MB
👏 12
02:14
Видео недоступноПоказать в Telegram
🥩«Ет экспортына тыйым салынған жоқ, квота негізінде белгіленген шектеу қойылды»
«Ашық алаң» бағдарламасында ҚР АШМ Мал шарушылығы департаментінің директоры Бағлан Аймұрзаев ет экспортына қойылған шектеу жайында айтты.
«Етті экспорттауға тыйым салынған жоқ. Жыл соңына дейін квота негізінде белгіленген шектеу қойылды. Ет өнімдерінің қымбаттауына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Ішкі фактор: өнімнің өзіндік құны өсті. Сыртқы фактор: Қазақстан етіне көрші елдерден сұраныс артты. Бұл - ішкі баланс пен бағаны тұрақтандыру үшін жасалып жатқан шара. Квота 5 мың бастық бордақылау алаңы және ет сою комбинаты бар, әлемдік стандарттарға сәйкес өндірістік циклмен жұмыс жасайтын мекемелерге беріледі», - дейді сарапшы.Бағдарламаның толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
Ет экспорты .mp4112.84 MB
❤ 6
01:54
Видео недоступноПоказать в Telegram
❓Қарызын кешіктіргендерге несие беріле ме?
Борышкер төлемін 30 күн, ал микрокредитті 1 күн кешіктірсе, басқа несиені рәсімдеуге тыйым салынады. Бұл өзгерістер «Банк туралы» жаңа заң жобасында қарастырылған.
📝Азаматтарды қарыз жүктемесінен қорғау мақсатында 2025 жылы қаржы нарығын реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар жаңа ережелер енгізілді.
↗️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
ақша несие 1 нарезка.mp4125.75 MB
❤ 6
00:51
Видео недоступноПоказать в Telegram
Президентпен кездескен курстант: «Арманым орындалды»
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатына барды.
«Ақорда» бағдарламасының түсірілім тобы өңірден хабар таратады.
AQO94ZkI7voddjpQeqBMGoD1fzXlnBlBGP2SkPsIPuJtqTtuMWn8AFs4JOgvo9dky3Y6cczw.mp412.49 MB
❤ 5
00:18
Видео недоступноПоказать в Telegram
❓2025 жылы қаржы саласында қандай өзгерістер болды?
Халықтың мойнында микронесие неге көп? Толығырақ «Ақша әліппесі» бағдарламасының бүгінгі шығарылымынан біле аласыз.
⏰«Qazaqstan» телеарнасында 20:25-те.
IMG_2806.MOV26.57 MB
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
✔️Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды.
✔️Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
✔️Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
👍 1
00:40
Видео недоступноПоказать в Telegram
2025 жыл қорытындысы: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері
▪️Биыл елімізде рекордтық көлемде 27,1 млн тонна астық жиналды.
▪️Еліміздің зауыттарында 147 587 автомобиль құрастырылды.
▪️17 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды.
▪️Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 19 121 отбасы жаңа пәтерге қоныс аударды.
▪️13 000 шақырым жол жөнделді.
▪️130 жаңа мектеп ашылды.
▪️219 медицина мекемесі салынды.
▪️315 537 сәби дүниеге келді.
▪️Қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 75 жастан асты.
3.mp444.62 MB
👍 2❤ 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔹Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты.
Білім беру мекемесінде 180 бала білім алып, интернатта тұрады. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.
✅Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады. Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
✅Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.
🤝 1
💦Елімізде ауыз сусыз отырған 70-тен астам ауыл тіршілік нәрімен қамтылды
Алдағы уақытта жарты миллион тұрғыны бар 200-ден аса ауыл сапалы ауыз сумен қамтылмақ.
📌Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды
Ол 4 жыл бойы жұмыс істеген қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ілінді.
🚑Мобильді бригадалар жедел жәрдемге түсетін жүктемені 50 пайызға дейін азайтты
Бүгінде ел бойынша осындай 650 мобильді топ бар.
✅Атырауда Ойыл, Ноғайты өзендерінің жағасы бекітіліп, түбі тереңдетіліп жатыр
Көктемгі тасқын кезінде су шайып кететін жерлері анықталып, арнайы технологиямен бекітілуде.
🎖Б.Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арнайы экспозиция ұйымдастырылды
Шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сала ардагерлері мен әскери қызметшілері, кадеттер мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
❤ 6
00:46
Видео недоступноПоказать в Telegram
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады
Экономиканы әртараптандырудың және салалардың теңгерімді дамуының нәтижесінде жоғару өсу қарқыны сақталды.
Соның ішінде көлік қызметтері - 20,3%, құрылыс - 14,7%, тау-кен өнеркәсібі - 9,7%, сауда - 8,8%, ауыл шаруашылығы - 6,1%, өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті. Иневстиция өсімі 13,3%-ға жетті.
1.mp451.46 MB
👍 2
