uk
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Відкрити в Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Показати більше
2025 рік у цифрахsnowflakes fon
card fon
50 970
Підписники
+1224 години
-2687 днів
-1 50830 день
Архів дописів
00:28
Відео недоступнеДивитись в Telegram
1.69 MB
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты 🟦Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. 🟦ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. 🟦Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🔹Даму, цифрландыру, ЖИ: «Жыл сөзі» белгілі болды Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер және стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы биылғы жылдың сөзін анықтады. Сауалнамаға қатысқандар Қазақстан үшін жыл сөздері ретінде мына сөздерді таңдаған: ✔️Даму ✔️Цифрландыру ✔️Жасанды интеллект ✔️Табысты ✔️Жаңару ✔️Бірлік. Сондай-ақ сауалнамада Жақсару, Тұрақтылық, Сенім, Бейбітшілік, Сенімділік, Әділеттілік сынды позитив сөздер аталған. Ал қиындық пен сынға қатысты сөздер Қиын, Дағдарыс, Тоқырау аз кездескен.
«Яғни, қоғам 2025 жылды ең алдымен жаңару, өсу және технологиялық прогреспен байланыстырады», - делінген Ұлттық талдау орталығының хабарламасында.
Показати все...
7
00:45
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті 1 желтоқсаннан бері Өскеменде травматология бөлімдеріне 1030 адам түрлі жарақатпен түскен. Оның 638-і көктайғақ салдарынан аяқ-қолын сындырған. Дәрігерлер соңғы 10 күнде жарақат алғандар саны күрт артқанын айтады. Қала қызметтері көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр. Дәрігерлер тұрғындарға таймайтын аяқ киім киюге, ал егде жастағыларға таяқпен жүруге кеңес береді.
Показати все...
новости-копия-копия-копия(2).mp454.02 MB
😢 7🔥 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
2025 жылдың басты тұлғалары кімдер? Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың басты тұлғаларын анықтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, «Жыл адамы» деп кімді санайсыз деген сұраққа жауап берген азаматтардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастады. Одан кейін аталғандар: ● «Қайрат» футбол клубының ойыншылары ● Геннадий Головкин ● Димаш Құдайберген ● фельдшер Ұлдана Мырзуан ● Алматы әуежайында кепілге алынған әйелді құтқарған Мұса Әбдірайым.
Показати все...
👍 11 5😍 3
00:42
Відео недоступнеДивитись в Telegram
⚡️Алматыда студент оқытушыға пышақ кезенген Алматыдағы университеттердің бірінде студент оқытушыны пышақпен қорқытқан. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға студенттің жазғы семестрге қалдырылуы себеп болуы мүмкін. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтті. Қылмыстық іс қозғалды.
Показати все...
новости-копия-копия-копия(1).mp449.06 MB
🤯 6 1
00:27
Відео недоступнеДивитись в Telegram
1.94 MB
😨 4🤯 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🏔️Bloomberg Алматыны әлемдегі топ-25 туристік бағытқа қосты АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізді. «Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып, 2025 жылдың 9 айында туристер саны 2,5 миллион адамға жеткен. Көп турист дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Көк базарды, Вознесенск кафедралы шіркеуін көру үшін келеді. Сондай-ақ Іле Алатауы тауы мен Альпі көлдері және тау шаңғысы беткейлеріне барады», - деп жазды басылым. Bloomberg рейтингі туристік трендтерді сараптау, туризмді сарапшылармен талдау негізінде жасалады. @qazaqstantv
Показати все...
8
00:34
Відео недоступнеДивитись в Telegram
⚡️Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесі әшкереленді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті екі жыл бойы заңсыз құмар ойын ұйымдастырған топтың әрекетін тоқтатты. Күдіктілер TikTok пен YouTube-та тікелей эфир арқылы «Тринька» ойынын өткізген. Қылмыстық табысты жасыру үшін «дроптардың» банктік карталары пайдаланылған. Жалпы табыс 93 млн теңгеден асты. Бұл қаржыға Hyundai Sonata автокөлігі мен тұрғын үйі бар жер телімі сатып алынған. Екі күдікті 2 айға қамауға алынды.
Показати все...
САРЫ ВИДЕОО.mp440.49 MB
🔥 4👍 2👏 1🤯 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
✉️Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇰🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген. Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.
Показати все...
6
«Айбын» Президенттік полкінің құрылғанына 30 жыл Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі мерейлі 30 жылдығын атап өтті. Осыған орай айрықша мақсаттағы жауынгерлердің қатысуымен салтанатты кеш ұйымдастырылды. Президент жарлығына сәйкес полктің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Айбын» ротаcы 1995 жылғы 18 желтоқсанда құрылған. Алғашында Алматыда орналасып, 1996 жылы Астанаға көшірілді. Бүгінде полк мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараларға қатысып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға үлес қосып келеді.
Показати все...
5 1
00:54
Відео недоступнеДивитись в Telegram
⚡️Радиоактивті уранды 500 мың долларға сатпақ болған Шымкент қаласының тұрғыны екі ақтөбелік сыбайласымен бірге 958 грамм уранды 500 мың долларға сатуға әрекеттенген. Күдіктілерді ҰҚК қызметкерлері ақшаны алу кезінде ұстады. Сараптама уранның радиоактивті материал екенін растады. Сот шешімімен екі ақтөбелік 2 жылға, ал шымкенттік 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Показати все...
новости-копия-копия-копия.mp463.42 MB
😢 5 4🤨 1
🪪2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алатын болса немесе жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
🔵«Жеке куәлік алғаш рет берілген кезде тегін болады. Сонымен қатар оның қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да мемлекеттік баж алынбайды», - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
📺@qazaqstantv
Показати все...
👍 20 6 2👏 2💘 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚜️22 желтоқсан - Архивші күні Қазақстанда 22 желтоқсан Архивші күні болып бекітілген. Архив қызметкерлері ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып келеді. 💐Тарихи мұраны сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! 📺@qazaqstantv
Показати все...
6🤝 3👍 1😎 1
Алматы түнде жер сілкінді ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының мәліметінше, дүмпу 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Қытай аумағында тіркелген. 📌Сезілетіні туралы мәлімет: Алматы қаласында – 2 балл.
Показати все...
😱 6 1
📍ШҚО-да полиция қызметкері 9 адамның өмірін сақтап қалды Риддер маңында 9 турист байланысқа шықпай қалған. Қоңырау түскен соң полицей дереу іздеу шараларын ұйымдастырып, ТЖ қызметтерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізген.
«Спутниктік байланыс арқылы туристердің нақты орналасқан жері анықталды. Тоғыз адам аман-есен табылды. Үсік шалу белгілері анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
Показати все...
👍 7 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
📌Бүгін - Энергетик күні Биылдан бастап энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 22 желтоқсанда аталып өтеді. Бұған дейін желтоқсан айының соңында тойланатын. 💐Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Показати все...
👍 14👏 6❤‍🔥 3🎉 3 2😎 1
05:58
Відео недоступнеДивитись в Telegram
❓Жаңа заң: Банктерге қандай талап қойылады? 📝Мәжілісте банктерге қатысты жаңа заң ұзақ қаралды. Біраз өзгеріс енгізілді. Жаңа заңның мақсаты көп. Біріншіден, халықты алаяқтардан қорғау, яғни,банктің жауапкершілігін арттыру. Екіншіден, елдің несиесін азайту. Үшінші, ең бастысы,банктерді экономикаға жұмыс істеуге итермелеу. 📌Бәсекелестікті арттыру бағытында енгізілген өзгерістің бірі – әр банкте «исламдық терезелер» ашу. Енді ислам банкингі шарттарымен жұмыс істеу үшін қаржы ұйымы исламдық банк болуы міндетті емес. 💬Экономикалық шолушы Айбар Олжаевтың айтуынша, бұл шаралардың нәтижесі үлкен болады. Жеке тұлғаларға берілетін несие қысқарады. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы күрес те назарға алынған. Сондықтан банктер енді барлық кредит бермес бұрын мұқият қарайды, дейді экономикалық шолушы. ❓Тағы қандай талаптар бар? «Бөліп төлеу» жүйесі де несие ретінде санала ма? 🎥Толығырақ тілші Аманкелді Сейтханның сараптамасында. 📺«Апта» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында.
Показати все...
1222.mp4145.32 MB
4🤣 2😎 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Мемлекет басшысы: Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.
«Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы 600 миллион доллар, 2024 жылы – 4 миллиард доллар). Өнеркәсіп өнімі 29 пайыз артып, 1,5 триллион долларды құрады», – деді Мемлекет басшысы
Показати все...
👍 4 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Президент жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізуді ұсынды Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударып, интеграциялық бірлестікті дамытудың басым бағыттарын айқындады.
«Әлем жаппай цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологияларды ЕАЭО-ға мүше елдер экономикасының барлық саласына енгізу қажет деп санаймын. Жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынамыз. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады. Келесі жылы Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында дәстүрлі Еуразия экономикалық форумын өткізеді. Осы жиында Экономикалық одақ кеңістігінде Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауға болар еді», – деді Мемлекет басшысы.
Показати все...
3👎 3😎 1