ch
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

前往频道在 Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

显示更多
2025 年数字统计snowflakes fon
card fon
50 970
订阅者
+1224 小时
-2687
-1 50830
帖子存档
照片不可用在 Telegram 中显示
💉Стоматологиядағы бала өлімі: Кінәлі дәрігер сот залынан босатылды Астана соты абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қозғалған анестезиолог дәрігердің ісіне қатысты үкім шығарды. 📌Ол сот шешімімен екі жылға сотталған. Алайда рақымшылық заңына сәйкес сот залынан босатылды. Оған 3 жылға дейін медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. 🖇Еске сала кетейік, өткен жылы 30 қазанда Астана қаласындағы стоматологиялардың бірінде севоран препаратын қолдану арқылы тіс емдеу кезінде 3 жасар қыз қайтыс болған еді.
显示全部...
😨 7 1🤬 1
02:05
视频不可用在 Telegram 中显示
💸Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алушылар саны азайды Көмек алушылардың басым бөлігі жұмысқа орналасқан. Тіпті әлеуметтік төлем алу үшін ажырасқан отбасылар да анықталған. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астанада өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, көмекті шын мұқтаж жандарға бағыттау нәтижесінде 8,5 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделген. Жұмыстар 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол кезде әлеуметтік көмек алушылар саны 63 мыңнан асса, қазір бұл көрсеткіш 19 мыңға дейін азайған, яғни 44 мың адамға қысқарған.
显示全部...
новости-копия-копия-копия(3).mp4145.27 MB
🎉 5🤣 1
照片不可用在 Telegram 中显示
📌Оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады Қысқы демалыс 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік балалардың қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу үшін кітап оқу, музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және танымдық экскурсияларға бару, спортпен айналысу, сондай-ақ қайырымдылық акциялары сынды іс-шараларға қатысуға кеңес береді. @qazaqstantv
显示全部...
5🥴 2
00:28
视频不可用在 Telegram 中显示
1.69 MB
照片不可用在 Telegram 中显示
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты 🟦Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. 🟦ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. 🟦Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
显示全部...
照片不可用在 Telegram 中显示
🔹Даму, цифрландыру, ЖИ: «Жыл сөзі» белгілі болды Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер және стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы биылғы жылдың сөзін анықтады. Сауалнамаға қатысқандар Қазақстан үшін жыл сөздері ретінде мына сөздерді таңдаған: ✔️Даму ✔️Цифрландыру ✔️Жасанды интеллект ✔️Табысты ✔️Жаңару ✔️Бірлік. Сондай-ақ сауалнамада Жақсару, Тұрақтылық, Сенім, Бейбітшілік, Сенімділік, Әділеттілік сынды позитив сөздер аталған. Ал қиындық пен сынға қатысты сөздер Қиын, Дағдарыс, Тоқырау аз кездескен.
«Яғни, қоғам 2025 жылды ең алдымен жаңару, өсу және технологиялық прогреспен байланыстырады», - делінген Ұлттық талдау орталығының хабарламасында.
显示全部...
7
00:45
视频不可用在 Telegram 中显示
Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті 1 желтоқсаннан бері Өскеменде травматология бөлімдеріне 1030 адам түрлі жарақатпен түскен. Оның 638-і көктайғақ салдарынан аяқ-қолын сындырған. Дәрігерлер соңғы 10 күнде жарақат алғандар саны күрт артқанын айтады. Қала қызметтері көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр. Дәрігерлер тұрғындарға таймайтын аяқ киім киюге, ал егде жастағыларға таяқпен жүруге кеңес береді.
显示全部...
новости-копия-копия-копия(2).mp454.02 MB
😢 7🔥 1
照片不可用在 Telegram 中显示
2025 жылдың басты тұлғалары кімдер? Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың басты тұлғаларын анықтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, «Жыл адамы» деп кімді санайсыз деген сұраққа жауап берген азаматтардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастады. Одан кейін аталғандар: ● «Қайрат» футбол клубының ойыншылары ● Геннадий Головкин ● Димаш Құдайберген ● фельдшер Ұлдана Мырзуан ● Алматы әуежайында кепілге алынған әйелді құтқарған Мұса Әбдірайым.
显示全部...
👍 11 5😍 3
00:42
视频不可用在 Telegram 中显示
⚡️Алматыда студент оқытушыға пышақ кезенген Алматыдағы университеттердің бірінде студент оқытушыны пышақпен қорқытқан. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға студенттің жазғы семестрге қалдырылуы себеп болуы мүмкін. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтті. Қылмыстық іс қозғалды.
显示全部...
новости-копия-копия-копия(1).mp449.06 MB
🤯 6 1
00:27
视频不可用在 Telegram 中显示
1.94 MB
😨 4🤯 1
照片不可用在 Telegram 中显示
🏔️Bloomberg Алматыны әлемдегі топ-25 туристік бағытқа қосты АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізді. «Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып, 2025 жылдың 9 айында туристер саны 2,5 миллион адамға жеткен. Көп турист дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Көк базарды, Вознесенск кафедралы шіркеуін көру үшін келеді. Сондай-ақ Іле Алатауы тауы мен Альпі көлдері және тау шаңғысы беткейлеріне барады», - деп жазды басылым. Bloomberg рейтингі туристік трендтерді сараптау, туризмді сарапшылармен талдау негізінде жасалады. @qazaqstantv
显示全部...
8
00:34
视频不可用在 Telegram 中显示
⚡️Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесі әшкереленді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті екі жыл бойы заңсыз құмар ойын ұйымдастырған топтың әрекетін тоқтатты. Күдіктілер TikTok пен YouTube-та тікелей эфир арқылы «Тринька» ойынын өткізген. Қылмыстық табысты жасыру үшін «дроптардың» банктік карталары пайдаланылған. Жалпы табыс 93 млн теңгеден асты. Бұл қаржыға Hyundai Sonata автокөлігі мен тұрғын үйі бар жер телімі сатып алынған. Екі күдікті 2 айға қамауға алынды.
显示全部...
САРЫ ВИДЕОО.mp440.49 MB
🔥 4👍 2👏 1🤯 1
照片不可用在 Telegram 中显示
✉️Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇰🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді туған күнімен құттықтады. Президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген. Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.
显示全部...
6
«Айбын» Президенттік полкінің құрылғанына 30 жыл Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі мерейлі 30 жылдығын атап өтті. Осыған орай айрықша мақсаттағы жауынгерлердің қатысуымен салтанатты кеш ұйымдастырылды. Президент жарлығына сәйкес полктің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Айбын» ротаcы 1995 жылғы 18 желтоқсанда құрылған. Алғашында Алматыда орналасып, 1996 жылы Астанаға көшірілді. Бүгінде полк мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараларға қатысып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға үлес қосып келеді.
显示全部...
5 1
00:54
视频不可用在 Telegram 中显示
⚡️Радиоактивті уранды 500 мың долларға сатпақ болған Шымкент қаласының тұрғыны екі ақтөбелік сыбайласымен бірге 958 грамм уранды 500 мың долларға сатуға әрекеттенген. Күдіктілерді ҰҚК қызметкерлері ақшаны алу кезінде ұстады. Сараптама уранның радиоактивті материал екенін растады. Сот шешімімен екі ақтөбелік 2 жылға, ал шымкенттік 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
显示全部...
новости-копия-копия-копия.mp463.42 MB
😢 5 4🤨 1
🪪2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алатын болса немесе жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
🔵«Жеке куәлік алғаш рет берілген кезде тегін болады. Сонымен қатар оның қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да мемлекеттік баж алынбайды», - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
📺@qazaqstantv
显示全部...
👍 20 6 2👏 2💘 1
照片不可用在 Telegram 中显示
⚜️22 желтоқсан - Архивші күні Қазақстанда 22 желтоқсан Архивші күні болып бекітілген. Архив қызметкерлері ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып келеді. 💐Тарихи мұраны сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! 📺@qazaqstantv
显示全部...
6🤝 3👍 1😎 1
Алматы түнде жер сілкінді ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының мәліметінше, дүмпу 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Қытай аумағында тіркелген. 📌Сезілетіні туралы мәлімет: Алматы қаласында – 2 балл.
显示全部...
😱 6 1
📍ШҚО-да полиция қызметкері 9 адамның өмірін сақтап қалды Риддер маңында 9 турист байланысқа шықпай қалған. Қоңырау түскен соң полицей дереу іздеу шараларын ұйымдастырып, ТЖ қызметтерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізген.
«Спутниктік байланыс арқылы туристердің нақты орналасқан жері анықталды. Тоғыз адам аман-есен табылды. Үсік шалу белгілері анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
显示全部...
👍 7 2
照片不可用在 Telegram 中显示
📌Бүгін - Энергетик күні Биылдан бастап энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 22 желтоқсанда аталып өтеді. Бұған дейін желтоқсан айының соңында тойланатын. 💐Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
显示全部...
👍 14👏 6❤‍🔥 3🎉 3 2😎 1