Данияр Жігітбек
Відкрити в Telegram
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын. Кері байланыс: @zhigitbek Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
Показати більше2025 рік у цифрах

16 573
Підписники
-924 години
-77 днів
-23130 день
Архів дописів
Кейде бір нәрсе оқисың, бір нәрсе үйренесің. Өзіңді дамытасың. Бірақ нәтиже жоқ сияқты, бір орында жылжымай тұрғандай сезім болады.
Сол кезде өз-өзіме былай деп сұрақ қоямын: "Данияр, сен екі жыл немесе 5 жыл бұрынғы Даниярға не деп ақыл айтар едің? Не істеуге немесе не істемеуге кеңес берген болар едің?"
Түрлі жауаптар келе бастайды. Өзімнен екі жас кіші, тәжірибесі аздау Даниярға "бүйт, сүйт, анаған мән бер, мынадан қаш" деп ақыл айта бастаймын. Менің артыма қарап, бұлай ақыл айта алуымның өзі — өскенімнің, өзгергенімнің белгісі. Демек, мен біраз алға жылжығам. Тәжірибем, білімім артқан деген сөз. Осы 2, 5 жылымды құр өткізбеген екем. Оқыған, тоқығанымның, өзімді дамытқанымның бәрі бекер емес екен.
Кеше бір нәрсені білмейтін Данияр едің, бүгін соны білетін Даниярға айналдың. Сипатың өзгерді. Осыны ойлаудың өзі алға жылжуға шабыт береді кәдімгідей.
Иманың әлсіреп бара жатса, сахабалардың* өмірбаянын оқы. Әбу Ханифа "Сахабалардың өмірбаяны – Алланың әскері" деп айтқан.
Бір дәрістен осыны естіп, бұл ойды одан әрі былай өрбітіп көрдім.
Сахабалар көп болған. Әрқайсы дара, unique, ешкімге ұқсамайды. Менің мақсатым: солардың ішінен өзіме табиғаты, Gallup-і, MBTI-і көбірек ұқсайтын, маған қаттырақ ұнайтын, өзіме role model (үлгі) етіп алғым келетін сахабаны іздеп, табу. Ол үшін "Саңлақ сахабалар", т.б. сияқты кітаптарды оқуым керек. "Әйел сахабалар" деген кітап та шығыпты. Нәзік жандыларға өз role model-ін (ролевая модель) табуға көмегі тиіп қалар.
Кезінде бір өте білімді досым "сен әбу Убейда ибн әл Джаррахқа ұқсайсың" деп қызықтырып қойған еді. #Individualization #analytical таланттары ТОП-та болса, оның сөзіне сенгім келеді. Енді өмірбаянын зерттеп көргім кеп тұр.
*Сахаба – Мұхаммед ﷺ пайғамбарды көрген, аз уақыт болса да оның сұхбатын тыңдап, иман келтірген және дүниеден иманды боп өткен адам.
Бұл кісінің біраз ақылы маған көмегін тигізді. Сіздерге де тыңдауды ұсынамын.
@narikbi_live -қа осындай құнды дүниені шығарғаны үшін зор алғысымды білдіремін🤝
Repost from Narikbi LIVE
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Danday Amokachi, 1 бөлім: мамандық таңдау, лидерлік қасиеттер және Gallup / Narikbi LIVE #54
Бүгінгі подкаст қонағы - Данияр Қабдолла ағамыз. Әлеуметтік желіде Danday Amokachi атымен танымал ағамызбен қазіргі замандағы мамандық таңдау, көшбасшылық қасиеттер және жеке дамуға байланысты тақырыптарды қозғадық.
Danday: https://www.instagram.com/danday.amokachi
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Тыңдау үшін 👇
https://www.youtube.com/watch?v=rc_u-Rqqa8Y
Достар!
Менің жабық телеграм каналым бар екенін білесіздер.
Маған сенетін, менің көзқарастарыма құрметпен қарайтын, менен бір нәрсе үйренгісі келетін шын ықыласты
жандарға арналған жабық телеграм канал. Подписка форматында жұмыс істейді. Алғашқы ай қыркүйек айы болды. Екінші айға – Қазан айына кірейін деп жатырмыз.
Бұл жабық каналда өзімнің инсайт, лайфхактар, тәжірибе, білімімді бөлісіп отырамын. Gallup, лидерлік, эффективность, қаржы сауаты, тұлғалық даму, шешім қабылдау, рухани интеллект, отбасы психологиясы, т.б., қысқасы, өмір сүру өнеріне қажет тақырыптар қамтылады.
Аудио, текст, сурет түріндегі материалдар каналда 1 ай сақталады. Сосын өшеді. Сол үшін ертеңге қалдырмай, берілген материалдарды күнбе-күн сіңіріп отырыңыздар. Ал мен аз-аздан қорытуға жеңіл түрде беруге тырысамын.
Тегін емес екенін сезіп тұрсыз. Қазір бағасын жазамын. Бірақ бұл баға – білімнің бағасы емес, білім тегін, бұл – сіздің ықыласыңызды һәм қаншалықты дайын екеніңізді көрсететін баға ғана. Ал мен ықыласты һәм дайын адамдармен ғана жұмыс істегім келеді. Ешкімді қинамаймын, үгіттемеймін.
Подписка форматын таңдадық. Бір ай каналда отыру құны: 3000 тг.
Қазан айына подписка: 01.10 - 31.10.2022
3000 тг-ні мына жерге жіберіңіз:
Каспи: + 7 777 583 98 00 (Руслан Ж.)
Чекті @bmq01 -ге жіберіп, каналға қосыласыз.
PS:
Бұл каналға маған сенетін, менің көзқарастарыма құрметпен қарайтын, менен бір нәрсе үйренгісі келетін шын ықыласты жандардың ғана жазылғанын қалаймын.
"Қаржы қағидалары.pdf" электронды кітабымды алыңыз.
Кітаптың мазмұнын төмендегі суреттерден көре аласыз.
Бағасы: 2000 тг.
Каспи: + 7 778 601 61 31 (Марал Б.)
Чекті @bmq01 -ге жіберіп, кітапты аласыз.
Кіріспе:
Құрметті оқырман!
«Қаржы сауатымды арттырайын, қарызымнан құтылайын, табысымды еселейін» деген ниетіңізді сезіп тұрмын. Бірден айтайын, мен қаржы маманы емеспін. Бірақ қаржы қағидаларын білу үшін, сол білімді өмірде қолдану үшін қаржы факультетін тәмамдау шарт емес екенін атап өткім келеді. Керісінше, «қаржы маманы» деген дипломы бола тұра, қарыз құрсауынан шыға алмай, табысын арттыра алмай жүргендерді көп көрдім.
Қаржы қағидалары – Жердің тартылыс заңы сияқты Құдайдың бекіткен заңдары. Сол заңдарды біліп алсаң, болды. Қарыздан да құтыласың, ақша да таба бастайсың, тапқаныңды сақтайсың, көбейтесің. Кітабымда 30 жылдық өмір тәжірибемнен сүзіп алған, өзіме һәм жақындарыма көмектескен қаржы қағидаларын келтірдім. Оқып, керегін алыңыз да, қалғанын өзіме қалдырыңыз.
Бұл еңбегімді үлкен жанашырлықпен жазғанымды жеткізгім келеді. Мен халқымның қаржылай сауатты болғанын, бай болғанын, қарызсыз еркін өмір сүргенін қатты қалаймын. Сол үшін бар білімімді сығып, осы кітапқа енгізуге тырыстым. Менің ел алдындағы жауапкершілігім – осы. Сіздікі – соны оқып, қаржылық жағдайыңызды реттеу.
Қарыздан құтылыңыз. Бай болыңыз! Қаржылық тәуелсіздікке жетіңіз!
Құрметпен,
Данияр Жігітбек
PS:
Кітабымды сатып алған жандарға бонусым бар:
Арнайы жабық телеграм каналда қаржы сауатына қатысты 3 аудио тікелей эфир өткіземін. Кітаптағы білімді толықтырып, ашу үшін.
Бірақ бұл бонусты жай бере салғым келмейді. Бір шартым бар: бұл электронды кітабымды кемінде 1000 адам сатып алса ғана, бонусымды беремін. Сіздер кітапты насихаттап, достарыңызды шақырып, тікелей әсер ете аласыздар.
#рухани_әңгіме
"Мұхаммед пайғамбарға ﷺ көп салауат айту керек" дегенді жиі естиміз, білеміз. Салауаттың көптеген пайдалары бар. Мысалы, кім Алланың сүйікті елшісіне ﷺ бір салауат айтса, Алла оған 10 салауат айтады, 10 күнәсін кешіреді, т.б.
Бәрі жақсы. Түсінікті. Бірақ неге бұл түсінік біздің салауатымызды арттырмай жатыр? Меніңше, діннің практикалық жағын көрмейтін адам салауатты "жалпы жақсы нәрсе" деп механикалық түрде айта бастауы мүмкін. Мысалы, "күнде 300 рет салауат айтам" деп өзіне міндеттеме алып алады. Бірақ ләззатын сезінбейді. Мойындайықшы, 300 рет айтып шығасың, бірақ мәнін толық түсінбегендіктен өзіңді қинап жатқандай күй кешесің. Ерте ме, кеш пе, бұл әдетті тастайсың.
Дін — мешіт қана емес, дін — өмір. Өміріңді реттемесе, жеңілдетпесе, ол дұрыс емес дін. Дін тынысыңды тарылтпауы керек. Керісінше дінді ұстанып, кең тыныстауың керек.
Маған салауаттың дәмін сездірген, оның практикалық жағын көрсеткен мына аят һәм оның түсіндірмесі болды:
هُوَ ٱلَّذِى يُصَلِّى عَلَيْكُمْ وَمَلَٰئِكَتُهُۥ لِيُخْرِجَكُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِ ۚ وَكَانَ بِٱلْمُؤْمِنِينَ رَحِيمًا
Алла сендерді (ой-сананы, жүректі әрі жан дүниені шырмайтын) тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығару үшін сендерге шексіз рақымы мен нығметін төгеді. Періштелері де (сол мақсатта) сендер үшін дұға етіп, Алладан кешірім тілейді. Шүбәсіз, Алла мүмін құлдарына ерекше мейірімді!
(«Ахзаб» сүресі 33:43)
Бұл аятта "يُصَلِّى" деген сөз бар. Тікелей аудармасы: "Алла сендерге салауат айтады". Түсіндірмелі аудармасы жоғарыдағыдай: "сендерге шексіз рақымы мен нығметін төгеді".
Жақсы. Алла бізге салауат айтады екен. "Алла бізге салауат айтады" дегенді бұрын онша түсінбейтінмін. Алланың салауаты қандай болады екен? Не үшін салауат айтады? Аятта жауабы берілген: "тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығару үшін". Яғни, бұдан мынадай түйін шығады. Біз Мұхаммед пайғамбарға ﷺ салауат айтсақ, Алла бізге салауат айтады, сөйтіп бізді тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығарады. Былайша айтқанда, тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шыққың келсе, салауат айт!
Енді "тас қараңғы түнектер" дегенді ашайықшы. "Қараңғылық" деген сөз ғой бұл. Кез келген қараңғылық. Мысалы, кедейлік — қараңғылық, надандық, бір нәрсені білмеу — қараңғылық, дұрыс шешім қайсы, соны білмеу — қараңғылық, тіпті бір нәрсені ұмыту да — қараңғылық. Бір нәрсені еске түсіре алмай тұрғанда, көз алдың қараңғы боп кетеді ғой, сол. Кейбір ғалымдардың "бір нәрсені ұмытсаң, салауат айт, есіңе түседі" дейтіні содан. Қысқасы, өмірде кез келген қараңғылыққа түскен адам салауат айтып жүруі керек. Менің "в любой непонятной ситуации салауат айт!" дейтінім осы. Сонда оның жарық нұрға шығуы тезірек әрі жеңілірек болады. Мысалы, қарыз қараңғылығынан, білімсіздік қараңғылығынан шығу үшін неге салауатымызды еселемейміз? Сөйтіп жарық нұрға шықпаймыз ба?
Әр кітапты белгілі бір уақыт пен мекенге байлап қойып оқу – тиімді тәсіл.
Мысалы, мешітте имамды күтіп отырғанда бір кітапты, жұмысқа бара жатқанда бір кітапты, жұмыстан қайтып келе жатқанда бір кітапты, жұмысқа 10 минут ерте келгенде бір кітапты, тіз тазалап тұрғанда бір кітапты оқысаң, бір күнде бес түрлі кітапты аз-аздан оқыған боласың. Бір бет болса да, бастысы, оқу процесі үзілмесін.
Бұлай кітап оқу, біріншіден, жалықтырмайды, екіншіден, әр уақытқа бір кітапты бекітіп қойған соң, сол уақытта "не істесем болады?" деп бас қатырмайсың. Әдетте не істерін білмеген адам пайдасыз іспен айналысып кетеді. Бәрібір сол уақытта телефон шұқылап отыратын едің. Үшіншіден, бір күнде әртүрлі кітаптан алған білімді өзара байланыстырып, сабақтастырып, тың идея, ұтымды шешімдер таба аласың. Төртіншіден, әр кітапты әр саладан таңдасаң, жан-жақты дамисың. Мысалы, мешітте діни кітап, жұмысқа бара жатқанда тұлғалық даму жайлы кітап, қайтқанда әдеби шығарма, т.б. "Шатасып кетпеймін бе?" деп уайымдама. Бірнеше сериалды қатар көргенде шатаспайсың ғой, бұл да дәл сол сияқты.
Әрине, kindle сияқты bookreader-ің болса, осы тәсілмен оқуға зор көмегі тиер еді. Android-тарға ReadEra, iOS-тарға iBooks қосымшасын ұсынамын. Жүздеген электронды кітапты жүктеп, оқи бересің.
Қағаз кітап оқимын десең, онда әр жерге әр кітапты қойып қоюың керек: жұмыста үстеліңде бір кітап, ваннада бір кітап, мешітте сөреде бір кітап, сөмкеңде бір кітап дегендей.
Кітапты тез-тез оқып бітіру шарт емес. Бастысы – процесті үзбеу. Аз-аздан, бірақ тұрақты оқи берсең, әйтеуір, бір күні бітіресің ғой.
Кітапты "кешке үйде асықпай ыңғайланып отырып оқимын" деп ойлап, түбі оған қолың тимей кеткен сәттерің көп болған шығар. Бұлай жүре берсең, жақын уақытта том-том кітаптар тұрмақ, "оқуым керек" деген бірнеше кітабыңды да оқып бітпейсің. Себебі сен күткен ыңғайлы уақыт ешқашан келмейді.
https://t.me/dzhigitbek
Шүкір жайлы бұл кісіден артық ешқай қазақ жаза алмайтын шығар:
https://t.me/shalqarmyn/815
Телеграм каналына жазылып, шалқаротерапиядан өтіп тұрыңыздар.
#рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме
Рауан Чингужанов ағамен жиі сұқбаттасып тұрамыз. Бірде шүкірлік тақырыбын қозғадық. Рауан аға сөмкесінен қалың дәптерін шығарды да, айтты "міне, менің шүкірлік күнделігім" деп. Майда жазулармен ана қалың дәптерді толтырып тастаған ғой. Әлі күнге дейін жүргізеді екен. Мен кезінде 6 ай шүкірлік күнделігін жүргізіп, ішіне 1800 шүкірлік жазып, "осы да жетер" деп тоқтатып қойғам. Сөйтсем, оны тоқтатпау керек екен. Себебі ол мұсылманға, Рауан ағаның сөзімен айтсам, "позитивный, энергичный, заряженный" боп жүруге көмектеседі екен. Ал бұл – дұрыс мұсылманның дұрыс күйі. Мұсылманның "не позитивный, не энергичный, не заряженный" боп жүруі дұрыс емес. Қарап отырсам, шүкірлік дәптерін күнделікті жүргізбегендіктен сондай күйге түскен күндерім аз болмапты.
Сосын Рауан аға тағы бір шүкірлік лайфхагі жайлы айтып берді. Мәшінесін СТО-дан шығарып, жолда келе жатқан ғой. 1 ай жөндеуде жатқан көлігін сағынып қалған. Жүрісі әдемі. Өзін ең бақытты жүргізуші сезінді. Соған қатты қуанып, шүкірлігі ішіне сыймай, бірден әйеліне хабарласты "бәйбіше, студенттеріме каспи.кз арқылы садақа аудара салшы" деп. "Қанша аударайын?" деп сұрады жеңгеміз. "Өзің біл дедім. Ол бір соманы айтты.
Мен содан 3 есе көп етіп жібер дедім" деді Рауан аға.
Ол осы шүкірлік күйін бірден садақамен ұстап, шегелеп тастағысы келгендей. Ол кісі "қазір үйге барайын, сосын садақа жасаймын" деген жоқ. Ол дәл қазір осы күйді ұстап алмаса, кейін кеш болатынын өте жақсы түсінді. "Шүкір – барды байлау, жоқты қармау". Жай "шүкір" деп айта салуға да болар еді. Бірақ ішіңе сыймай бара жатқан қуанышты садақамен білдіру мүлдем басқа сезім сыйлайды. "Шүкір етсеңдер, [міндетті түрде] арттырамын" (Құран, 14:7) деген аят еске түседі осындайда. Шүкірлік шыңы – іс-әрекетпен, мысалы, садақа берумен жасалған шүкірлік деп білемін.
Қазір мен де көлігім сүрінбей келе жатқанда, парковкаға орын табыла қалғанда, үстімдегі киімім әдемі тұрғанда, шашымды әдемі етіп алғанда, интернет жылдам болғанда, т.б. кішкентай нәрселерге қатты қуанатын болыппын. Осы бір күйді ұзағырақ ұстап тұрғым келеді. Ол үшін садақа беруім керек деген ой келеді алдымен.
Бір істі бастап, жарты жолда тастап кететін жандарға шүкірлік ету тұрақты болуға көмектеседі. Мысалы, бір жігіт күнде таңертең жүгірем деп мақсат қойды дейік. Бір күн жүгіреді. Екі күн жүгіреді. Сторизге жүгіргенін салып қояды. "Тәні саудың – жаны сау" деп жазады өзінше. Бір апта, ары кетсе екі апта тұрақты жүгіреді де, болды, сонымен тоқтайды. Неге? Себебі ол өз-өзіне разы болып қойды. Өз-өзіне шүкір етті. Ал бұл оның қуанышын ұстап, шегелей алмады. Аллаға осы бір тұрақтылық қуанышы үшін шүкір етуі керек еді. Сонда Алла оның тұрақтылығын арттыратын еді.
Осы жазбамды жазып бітіргеніме қатты қуанып, шүкірлік қуанышы кеудеме сыймай тұр. Кеттім, садақа беріп қайтайын.
https://t.me/dzhigitbek
Мен кітап оқыған сайын ақылдырақ, білімдірек, байырақ, тақуарақ, данарақ, сенімдірек, көңілдірек, ашығырақ, жұмсағырақ, мінездірек, табандырақ бола түскенімді байқадым. Мені осыған жеткізетін кітаптардың бәрі пайдалы. Пайдасыз кітап болмайды. Пайдасыз мақсат болады.
Осыны ойласам, кітап оқымай өткен сағаттарым үшін өкінемін һәм болашақта бұдан да көбірек кітап оқып, бұдан да күштірек болуға бекінемін.
https://t.me/dzhigitbek
Елестетші,
телефон болмаса,
аялдамада,
жолда,
біреуді күткенде,
жиналыста,
тойда,
жұмысың ерте біткенде,
қарап отыратын едің қайда?
https://t.me/dzhigitbek
#рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме
Жайнамаз төсеп, намаз оқиын деп жатқан мені көріп, 3,5 ұлым Әлихан "Әке, сен Аллаға рақмет айтайын деп жатырсың ба?" деп есікті жауып, бөлмеден шығып кетті.
Өткенде "Әке, сен не үшін намаз оқисың?" деген сұраққа өстіп жауап берген едім. Сол есінде қалған ғой.
— Не үшін намаз оқисың?
— Аллаға рақмет айту үшін намаз оқимын.
Әке болған соң, балаңа дінді дұрыс танытқың келеді. Құдаймен байланысы мықты болса екен дейсің. Мынадай бір шешім таптым. Балаң ерте жаста Құдаймен диалог орнатып алса, оның рухани болашағына алаңдамасаң болады.
Мысалы, мен інілеріме кішкентай кезінде былай деп айтатынмын: "Алладан қалаған нәрсеңді сұра. Ол сенің дұғаңа міндетті түрде жауап береді. Ол сені қайда жүрсең де, естиді. Көмектеседі. Аллаға ешкімге айтпайтын сырыңды айт және оны ешкім білмесін".
Бала сенгіш қой. Кішкентай кезде баланың санасына құйған нәрсең тасқа қашалған жазудай болады. Ол енді оңайлықпен өшпейді. Ал ересек адамның санасына иман дәнін егу құмға жазу жазғанға ұқсайды. Өшіріп алмау қиын.
Сол інілерім өсті. Иман жайлы, Алланың дұғаға жауап беретінін қайта айта бастағанымда, "Иә, иә. Дұрыс айтасыз. Мен сіз айтқаннан кейін өзіме ноутбук, әкеме машина сұрағам. Алла екеуін де берді" деді бір інім. Қуанып кеттім. Себебі оның миында "Алла бар. Ол мені естіп тұр. Ол маған жауап береді" деген бағдарлама орнаған екен. Оның Алламен өзара диалогы бар екен.
Иә, ол інілерім өмірдің ағысымен басқа ортаға түсіп, күнә жасауы, діндар болмауы мүмкін. Бірақ олар түбі қайтатын жерін біледі және олардың Алладан басқа ешкімге беймәлім өзара сыры, диалогы бар. Бұл сыр оған қажет кезде тәубе есігін қаққызады, қажет кезде тура жолды тапқызады һәм сәждеге жатқызады.
Есікке қарап, оған сұрақ қойсаң, бірдеңе сұрасаң, ол саған ешқашан жауап бермейді. Ол анық. Ал Алла не сұрасаң да, жауап береді. Оны сұрап көрген адам жақсы сезеді. Осы сезімді бала ерте жаста сезінуі керек. Сол кезде ол Алламен диалог орнатады. Ал бұл диалог орнаса, оның рухани болашағын ойлап, уайымдамасаң болады.
#рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме
Мектепте бір мұғаліміміз болатын. Ерекше адам. Сол кісінің көзіне түсу үшін, сол кісіге ұнау үшін барымды салатынмын. Ең алдыңғы қатарда отыратынмын, сабаққа тыңғылықты дайындалатынмын, үй жұмысын тұрақты орындайтынмын, басқалар үндемей, пәс боп отырғанда, қол көтеріп, сұрақтарға жауап беріп, белсенді болатынмын.
Бір күні ол мені бүкіл сыныптың көзінше мақтады. Төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұрды. Қандай мәртебе десеңші! Мен оның любимчигіне айналдым білем. Әр сабақта оның маған деген ерекше ықыласын, сенімін байқай бастадым. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын.
Бағана мешітте бір ой келді. Неге мен дәл солай Алланың любимчигі болуға тырыспаймын, а? Оған ұнайтын істерде ең алдыңғы қатардан көрінсем, әр құлшылығыма тыңғылықты дайындалсам, Оның тапсырмаларын тұрақты орындасам, басқалар үндемей, пәс боп қалғанда, белсенді болсам, Оның көзіне түсіп, Оған сөзсіз ұнайтын едім ғой.
Сыныптас, группалас, әріптестерімнің, мешіттегі жамағаттың, достарымның ішіндегі Алланың ең сүйікті құлы мен болам деген ұмтылыстан асқан мотивация бар ма екен?
Бір күні Ол мені бүкіл әлемнің көзінше мақтаса ғой. Қандай мәртебе десеңші! Сол сәттегі күйімді елестете де алмаймын. Алланың любимчигіне айналсаң, Ол сені басқаларға да сүйікті етіп қояды. Олар сені жақсы көріп, төрге отырғызып, ізгі тілегін арнап, сый-сыяпатқа бөлейтін болады. Ал сен іштей "неге бұлардың маған сонша ықыласы ауды екен, мен оларға ешқандай жақсылық жасамадым ғой?" деп ойлайсың.
Құранда бұл жайлы былай делінген:
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ سَيَجْعَلُ لَهُمُ ٱلرَّحْمَٰنُ وُدًّا
Иман келтіріп, игілікті істер істегендер бар ғой, Рахман Алла оларды (жерде де, көкте де) сүйікті қылады.
(«Мәриям» сүресі 19:96)
Адамдардың ғана емес, періштелердің, теңіздегі балық, көктегі құстардың да сүйіктісі екеніңді сезіну ғажап қой. Любимчик болсаң, Алланың любимчигі бол!
#рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме
Үнемдеу өнерін меңгерген адам ешқашан жоқшылық көрмейді. Оған аз берсең де, жеткізеді. Алланың есебі дұрыс. Ол кімге қанша жететінін біледі.
Ал ысырап дертіне шалдыққан адам жоқшылықтан құтыла алмайды. Оған көп берсең де, жеткізбейді. Алланың есебі дұрыс. Ол кімге қанша жететінін біледі.
