uz
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

Kanalga Telegram’da o‘tish

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Ko'proq ko'rsatish
2025 yil raqamlardasnowflakes fon
card fon
50 989
Obunachilar
-1524 soatlar
-3287 kunlar
-1 60330 kunlar
Postlar arxiv
📌Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды. ✔️Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді. ✔️Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді. ✔️Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді. ✔️Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
01:29
Video unavailableShow in Telegram
📺 Қазақстанда теледидар көрермені 21%-ға артты Соңғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, ел бойынша теледидар аудиториясы 21 пайызға артқан. Бұл Ұлттық медиа қауымдастығының жыл қорытындысына арналған жиынында белгілі болды. Биыл алғаш рет теледидар аудиториясын өлшеу шағын қалалар мен ауылдарды да қамтыды. Бұған дейін талдау тек халқы 100 мыңнан асатын 21 ірі қалада ғана жүргізілген. Нәтижеге сай, өңір тұрғындары теледидарды белсендірек қарайды: ауылдар мен шағын қалаларда халық күніне орта есеппен 198 минут теледидар тамашалайды. Бұл ірі қалалардан 21 минутқа жоғары. Сондай-ақ өңірлерде қазақ тіліндегі контентке сұраныс жоғары. Ауылдар мен шағын қалаларда көрерменнің 82%-ы қазақ тілінде көрсе, ірі қалаларда бұл көрсеткіш 59%.
Hammasini ko'rsatish...
новости-копия.mp4102.77 MB
6
00:26
Video unavailableShow in Telegram
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көреді. «Ақорда» бағдарламасының түсірілім тобы өңірден хабар таратады.
Hammasini ko'rsatish...
АҚ Жамбыл .mp431.46 MB
7
00:19
Video unavailableShow in Telegram
⚡Алматыда аса ірі көлемдегі есірткі арнасының жолы кесілді Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі көлемде тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Арнайы операция нәтижесінде еліміздің басқа өңірінен Алматы қаласына жеткізіліп, мегаполис аумағына таратылуы жоспарланған 10 келіден астам гашиш тәркіленді. Аталған дерек бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
музыкамен.mp418.93 MB
👍 6😢 3👌 2 1
01:38
Video unavailableShow in Telegram
💼Сенат депутаттары Құрылыс кодексін жұмысқа алды Құжатқа Мәжілісте 2 мыңнан астам түзету енгізілген. Бүгін ол бірінші оқылымда талқыланады. Қазір құрылыс компаниялары баспанаға 2 жыл ғана жауапты. Енді кепілдік мерзімі кемі 5 жылға, кей жағдайда 10 жылға дейін ұзаруы мүмкін. Сонымен қатар құрылысқа бақылау күшейеді. Бұрын көп нысанды жеке компаниялар тексерсе, енді оның тең жартысына жуығын мемлекет өзі қадағалайды.
Hammasini ko'rsatish...
новости-копия-копия(3).mp4112.54 MB
👌 3
00:22
Video unavailableShow in Telegram
🌋Жанартаудан атқылаған лава 420 метр биіктікке көтерілді Гавайдағы «Килауэа» жанартауы қайта оянып, оңтүстік кратерінен атқылаған қызыл лава 420 метрге дейін көтерілді. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, жанартаудың белсенділігі 6 сағаттан кейін кенет тоқтаған. Осы уақыт ішінде шамамен 10 млн текше метр лава төгілген. «Килауэа» - әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі, ол былтырғы жылдың соңынан бері үзіліспен қайта-қайта атқылап келеді.
Hammasini ko'rsatish...
САРЫЫЫ НЕ УДАЛ.mp422.70 MB
😢 4 1
00:39
Video unavailableShow in Telegram
🌻 Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын топ-10 елдің қатарына кірді Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді. Майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығының мәліметінше, еліміз рейтингте 8-орынға көтерілген. Биыл 10 айда тазартылған май экспорты 122%-ға өсіп, 132 мың тоннадан асты. 2026 жылдан бастап жылына 370 мың тонна май өндіретін 4 ірі жоба іске қосылмақ. Бұл Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарығындағы позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.
Hammasini ko'rsatish...
новости-копия-копия(1).mp444.26 MB
👍 6🤣 1
Photo unavailableShow in Telegram
✈️Грозныйда Ақтау маңындағы AZAL ұшағы апаты құрбандарына мемориал ашылды Грозный қаласында бір жыл бұрын Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL рейсінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне арналған мемориал ашылды. Ескерткіш тақта Гейдар Әлиев атындағы саябаққа орнатылған. Шараға Шешенстан билігінің өкілдері, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындары қатысты. Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку – Грозный бағытымен ұшқан Embraer-190 ұшағы Ақтау маңында құлап, 38 адам қаза тапқан.
Hammasini ko'rsatish...
😢 7 2
Photo unavailableShow in Telegram
🔸Жыл басынан бері 15 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ келді. Биыл елімізге келген қандастардың пайыздық үлесі: Өзбекстан – 44,5%; Қытай – 43,6%; Түрікменстан – 4,1%; Ресей – 2,5%; Монғолия – 3%; Басқа елдер – 2,3%. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Оларды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар-Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
6👍 4
00:30
Video unavailableShow in Telegram
🟢ШҚО-да жаңа туған сәби тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді ТЖМ тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж жаңа туған нәрестені Риддерден Өскеменге шұғыл тасымалдауды жүзеге асырды. Ұшқыштар таулы аймақтан қауіпсіз ұшып, сәби облыс орталығына жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
1112_копия_копия_копия_1_копия_копия_1_ко15.mp416.64 MB
👍 6🙏 3
00:25
Video unavailableShow in Telegram
📸Катон-Қарағай ұлттық паркінде сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсіп қалды Бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және Алтайдың биік таулы аймақтарын мекендейді.
Hammasini ko'rsatish...
қар барысы сары видео.mp424.38 MB
10
Photo unavailableShow in Telegram
Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл Бүгін Алаштың арда ұлы, қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы Мұстафа Шоқай дүниеге келген күн. Ол 1890 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстағында дүниеге келген. Ол 1910-1914 жылдар аралығында Петербург университетінің заң факультетінде оқыған. Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлин қаласында қайтыс болған.
Hammasini ko'rsatish...
👍 8 5😎 1
Photo unavailableShow in Telegram
🔹Астанада «E-museum» веб-порталы таныстырылды Елдегі музейлерге енді виртуалды экскурсия жасауға болады. Ұлттық музейде «E-museum» веб-порталындағы өзгерістер таныстырылды. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Бүгінде «E-museum» порталына 300-ге жуық музей енгізілген. Тұрғындар кез келгенін таңдап, жәдігерлерді үйден шықпай-ақ тамашалай алады. Жүйеде жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды нұсқаушылар да бар. ✏️Жиында Аида Балаева порталдың жұмысын одан әрі жетілдіруді тапсырды.
Hammasini ko'rsatish...
4
00:56
Video unavailableShow in Telegram
⭕️«Жол апатына түскен жүргізушілерге сақтандыру компаниялары төлейтін қаржы жеткіліксіз» «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы жол-көлік оқиғасына түскен азаматтардың сақтандыру төлемі жеткіліксіз екенін айтты.
«Жазатайым оқиға болып, қымбат көлікке соқтығысқан жағдайда келтірілген шығынды өтеуге қаражат жетпей жатады. Сақтандыру компаниялары төлейтін өтемақының ең жоғары мөлшері 2 млн теңге. Алайда бұл сома көлікті толық жөндеуге жеткіліксіз. Сол себепті азаматтар несие алып немесе қарызға кіріп, шығынды өтеуге мәжбүр», - деді депутат.
Hammasini ko'rsatish...
нартай нарезка.mp468.02 MB
👍 4
00:34
Video unavailableShow in Telegram
💸Сарапшы: Халықтың қаржылық сауаты артқан FinGramota медиа порталы жасаған сауалнама нәтижесіне сай, елімізде қолма-қол ақшамен есеп айырысатындардың үлесі артқан. Былтыр тұрғындардың 25 пайызы ғана қолма-қол төлем жасаса, биыл бұл көрсеткіш 38 пайызға жуықтаған. 📌Сондай-ақ тұрғындар ақша жинауға да ден қоя бастаған. Пікір білдіргендердің 36 пайыздан астамы барлық шығынын өтегеннен кейін қаржы жинайтынын айтқан. Ал 19,8 пайызы мүлде ақша жинамайды. Дегенмен сарапшылар биыл тұрғындардың қаржылық тұрғыда сауаты біраз артты деп отыр.
Hammasini ko'rsatish...
сарапшы нарезка.mp414.82 MB
Photo unavailableShow in Telegram
🔸Елдегі ерекше қорғалатын аумақтар кеңейтілуде Елімізде ерекше қорғалатын жаңа қорық аймақтары құрылды. Осы бағытта аумағы 86 мың гектарды құрайтын «Мерке» өңірлік табиғи паркі ашылды. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Германияның қолдауымен экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау институты іске қосылып, ғылыми және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
5
Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді 🟦Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты. 🟦Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен. 🟦Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.
Hammasini ko'rsatish...
👍 3