Qazaqstan.tv
Kanalga Telegram’da o‘tish
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot
Ko'proq ko'rsatish2025 yil raqamlarda

50 979
Obunachilar
+1224 soatlar
-2687 kunlar
-1 50830 kunlar
Postlar arxiv
02:04
Video unavailableShow in Telegram
🔵Аида Балаева: Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталды
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
«Мәдениеттің дамуы ең алдымен инфрақұрылымнан басталады. Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталып, 251 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елорда тарихын зерттеудің маңызды орталығына айналатын Бозоқ археологиялық паркін құру жұмысы жалғасып жатыр. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас корпусы қайта жаңарды. Ал Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына арналған жаңа жатақхана құрылысы басталды», - деді Аида Балаева.Бұдан бөлек Астана мен Алматы қалаларында белгілі үш жаңа өнер мектебінің инфрақұрылымын жаңарту мәселесі пысықталуда. 📌Айта кетейік, бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ұйымында 58 мыңнан астам маман қызмет етеді. 📺@qazaqstantv
1211-копия.mp4143.82 MB
❤ 7👍 3👏 2👌 1
Photo unavailableShow in Telegram
🗓Қазақстандықтар қаңтар айында 12 күн демалады
2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Жаңа жыл мерекесіне орай ресми демалыс күндері – 1 және 2 қаңтар. Сондықтан қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалады.
📌Ал 7 қаңтар Рождествоға байланысты демалыс.
Осылайша бес күндік жұмыс кестесінде қаңтарда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады.
📺@qazaqstantv
👍 7❤🔥 2👌 2❤ 1
❄️Қар, жаңбыр, көктайғақ: 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Кей өңірде жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Елдің солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында және орталық бөлігінде қар жауады. Маңғыстау мен Атырау облыстарында қар аралас жаңбыр және жаңбыр жаууы мүмкін. Түркістан және Қызылорда облыстарында жаңбыр күтіледі.
📍Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
📍Маңғыстау, Қарағанды, Жетісу, Жамбыл, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында таңертең және кешке тұман түсуі ықтимал.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмен болады.
📺@qazaqstantv
❤ 5👍 2😱 2👌 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏞Кіші Талдыкөл маңындағы экопарк қашан салынады?
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Кіші Талдыкөл аумағындағы экопарк 2026 жылы салынады.
«Былтыр көгалдандыруға арналған бюджет жеткіліксіз болды. Нұра ауданындағы тұрғындардың пікірін ескере отырып, алдымен «GreenLine» жобасын аяқтау туралы шешім қабылдадық. Ал Талдыкөлдегі экопарк бойынша негізгі жұмыстар 2026 жылға жоспарланған. Оның басым бөлігі келесі жылы орындалуға тиіс, алайда кейбір жұмыстар 2027 жылға қалуы мүмкін», - деді қала әкімі.📺@qazaqstantv
👏 9❤🔥 2❤ 1🆒 1
01:59
Video unavailableShow in Telegram
📈Елордада халық саны 1,6 миллионнан асты
Жыл сайын 100 мың адамға артып келеді. Тұрғынмен қатар көлік те көбейіп жатыр. 500 мыңға жуық автомобиль заңды тіркелген. Тағы 100 мыңға жуық көлік транзитпен елорда арқылы өтіп жатыр.
⭕️Көлік кептелісті азайту мақсатында 2027 жылы екі деңгейлі жол құрылысы басталады. Мұндай жобалар Токио сияқты алып шаһарларда бар.
Шаһар басшысының айтуынша, Астананың дамуында оң динамика бар. Дегенмен, мәселе де жоқ емес.
↗️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
елорда нарезка.mp4142.85 MB
❤ 7
01:18
Video unavailableShow in Telegram
🏸«Елімізде спортпен шұғылдану мәдениеті қалыптасып келеді»
«Ашық алаң» бағдарламасында «Batyr bolamyn» қоғамдық қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы көпшіліктің спортқа деген көзқарасы өзгергені жайында айтты.
«Соңғы уақытта елімізде спортқа деген көзқарас өзгеріп, спортпен шұғылдану мәдениеті қалыптасып келе жатқаны анық байқалады. Дегенмен халқымыздың 44 пайызы спортпен шұғылданады дегенге сене алмаймын», - дейді сарапшы.📌Ал Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі Мейрамғазы Сапарғалиевтің айтуынша, 44 пайыз көрсеткіштің 30,4 пайызын құрайтын балалар болса, қалған бөлігі – ересектер. 📺Бағдарламаның толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
спортпен шұғылдану мәдениеті .mp465.33 MB
👍 6
00:25
Video unavailableShow in Telegram
🌄Алматы таулары түрлі түске боялды
Трамплин маңындағы тауларға арнайы жарық орнатылған. Соның нәтижесінде түнгі уақытта ерекше көрініс береді.
📹: oliya_b
алматы тау сары видео.mp427.93 MB
❤ 12
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿Ұлыбританиядан бір жасар Қазақстан азаматы елге қайтарылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар қыз бала елге аман-есен қайтарылды.
«Бастапқыда Ұлыбританияның құзырлы органдары сәбиді британдық отбасыға асырап беру мүмкіндігін қарастырғандықтан аталған жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті. Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Біз сәбидің жақын туыстарын анықтадық. Әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алуға ниетті екендерін білген соң оны Қазақстанға қайтару туралы шешімге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта бүлдіршін өз үйінде, туғандарының жанында», - делінген мәлімдемеде.✅Сондай-ақ балаға қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік рәсімделген.
❤ 9🙏 2🤝 1
02:50
Video unavailableShow in Telegram
Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысы өтті
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру үшін 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар қабылданды. Онда түрлі бағыт бойынша бірнеше заң жобасын әзірлеу көзделген.
Бүгін Астанада Құрылтай секцияларының отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жылдың негізгі қорытындыларына тоқталды.
Ұлттық құрылтай ).mp4140.17 MB
🤝 1
01:34
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары
IMG_7196.MP471.06 MB
👍 4🤷♂ 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
🇰🇿Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
– Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді. Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді. – деді Мемлекет басшысы.🇷🇺Владимир ПУТИН:
– Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ. – деді Ресей Президенті.
❤ 6🤝 2
Photo unavailableShow in Telegram
💉Стоматологиядағы бала өлімі: Кінәлі дәрігер сот залынан босатылды
Астана соты абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қозғалған анестезиолог дәрігердің ісіне қатысты үкім шығарды.
📌Ол сот шешімімен екі жылға сотталған. Алайда рақымшылық заңына сәйкес сот залынан босатылды. Оған 3 жылға дейін медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
🖇Еске сала кетейік, өткен жылы 30 қазанда Астана қаласындағы стоматологиялардың бірінде севоран препаратын қолдану арқылы тіс емдеу кезінде 3 жасар қыз қайтыс болған еді.
😨 7❤ 1🤬 1
02:05
Video unavailableShow in Telegram
💸Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алушылар саны азайды
Көмек алушылардың басым бөлігі жұмысқа орналасқан. Тіпті әлеуметтік төлем алу үшін ажырасқан отбасылар да анықталған.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астанада өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, көмекті шын мұқтаж жандарға бағыттау нәтижесінде 8,5 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделген.
Жұмыстар 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол кезде әлеуметтік көмек алушылар саны 63 мыңнан асса, қазір бұл көрсеткіш 19 мыңға дейін азайған, яғни 44 мың адамға қысқарған.
новости-копия-копия-копия(3).mp4145.27 MB
🎉 5🤣 1
Photo unavailableShow in Telegram
📌Оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Қысқы демалыс 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік балалардың қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу үшін кітап оқу, музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және танымдық экскурсияларға бару, спортпен айналысу, сондай-ақ қайырымдылық акциялары сынды іс-шараларға қатысуға кеңес береді.
@qazaqstantv
❤ 5🥴 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
🟦Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
🟦ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.
🟦Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Photo unavailableShow in Telegram
🔹Даму, цифрландыру, ЖИ: «Жыл сөзі» белгілі болды
Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер және стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы биылғы жылдың сөзін анықтады.
Сауалнамаға қатысқандар Қазақстан үшін жыл сөздері ретінде мына сөздерді таңдаған:
✔️Даму
✔️Цифрландыру
✔️Жасанды интеллект
✔️Табысты
✔️Жаңару
✔️Бірлік.
Сондай-ақ сауалнамада Жақсару, Тұрақтылық, Сенім, Бейбітшілік, Сенімділік, Әділеттілік сынды позитив сөздер аталған. Ал қиындық пен сынға қатысты сөздер Қиын, Дағдарыс, Тоқырау аз кездескен.
«Яғни, қоғам 2025 жылды ең алдымен жаңару, өсу және технологиялық прогреспен байланыстырады», - делінген Ұлттық талдау орталығының хабарламасында.
❤ 7
00:45
Video unavailableShow in Telegram
Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті
1 желтоқсаннан бері Өскеменде травматология бөлімдеріне 1030 адам түрлі жарақатпен түскен. Оның 638-і көктайғақ салдарынан аяқ-қолын сындырған.
Дәрігерлер соңғы 10 күнде жарақат алғандар саны күрт артқанын айтады.
Қала қызметтері көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр. Дәрігерлер тұрғындарға таймайтын аяқ киім киюге, ал егде жастағыларға таяқпен жүруге кеңес береді.
новости-копия-копия-копия(2).mp454.02 MB
😢 7🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
2025 жылдың басты тұлғалары кімдер?
Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдаумен айналысатын Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың басты тұлғаларын анықтады.
Зерттеу қорытындысы бойынша, «Жыл адамы» деп кімді санайсыз деген сұраққа жауап берген азаматтардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастады.
Одан кейін аталғандар:
● «Қайрат» футбол клубының ойыншылары
● Геннадий Головкин
● Димаш Құдайберген
● фельдшер Ұлдана Мырзуан
● Алматы әуежайында кепілге алынған әйелді құтқарған Мұса Әбдірайым.
👍 11❤ 5😍 3
