ch
Feedback
Qazaqstan.tv

Qazaqstan.tv

前往频道在 Telegram

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

显示更多
2025 年数字统计snowflakes fon
card fon
50 970
订阅者
+1224 小时
-2687
-1 50830
帖子存档
照片不可用在 Telegram 中显示
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады Дональд Трамп Қазақстанның АҚШ-тағы елшісімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады. Сыйлықтар қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Д.Трамптың қолтаңбасы қойылған бейсболка бар. Кездесу кезінде Дональд Трамп Президент Қ.Тоқаевқа жылы лебізін білдіріп, оны халықаралық үдерістерді терең меңгерген, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде сипаттаған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
显示全部...
12🥱 2
01:15
视频不可用在 Telegram 中显示
«Өрлеу»: Шағын кәсіп иелеріне 482 млрд теңге несие берілді Қазіргі таңда кәсіпкерлерге көрсетілетін микро және шағын бизнесті қолдау шаралары Үкімет деңгейінде талқылануда. Толығырақ тілші материалында.
显示全部...
новости-копия-копия-копия.mp489.21 MB
4🤯 1
📌Ұлттық құрылтай: 2025 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерінің қатысуымен өткен басқосуда жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Толығырақ↗️ 📺@qazaqstantv
显示全部...
5👎 1👌 1
00:26
视频不可用在 Telegram 中显示
Ұлттық компания атын жамылған алаяқтар көбейіп кетті ❗️Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. «Қазатомөнеркәсіп» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар тұрғындарға хабарласып, интернет арқылы инвестиция салып, жоғары табыс табуды ұсынуда. Мамандар мұндай ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Алаяқтар көбіне жасанды интеллект арқылы жасалған бейнероликтер мен жарнамаларды қолданып, танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын қолдан жасап көрсетеді.
显示全部...
САРЫ ВИДЕОО-копия(1).mp433.18 MB
1🤣 1
01:43
视频不可用在 Telegram 中显示
📌Қазақстан мәдениеті шетелде қалай насихатталып жатыр? Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан мәдениетін шетелде насихаттау жұмыстарына тоқталды.
«Қыркүйек айында Бейжің қаласында Қазақстанның тұңғыш Мәдениет орталығы ашылды. Мұнда домбыра сабақтары мен қазақ тілі курстарынан бастап, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ шетелдерде қазақтың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштер мен монументтер бой көтеріп жатыр. Бұл – мәдени дипломатияның нақты нәтижесі. Мысалы, Рим қаласында ұлы Абайдың бюсті орнатылса, Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбайұлының есімі берілген көше ашылып, ескерткіш пен музей пайдалануға берілді», - деді Аида Балаева.
📺@qazaqstantv
显示全部...
1211-копия-копия-копия.mp4119.23 MB
3👍 2👌 2❤‍🔥 1🤪 1
00:52
视频不可用在 Telegram 中显示
💼 Жаңа жылдан бастап декларация тапсыру тәртібі өзгереді 1 қаңтардан бастап декларация уақытында тапсырылмаса, жүйе салық сомасын нөл деп көрсетеді. Бұл шоттарды бұғаттау мен айыппұл салудан сақтайды. Әкімшілік жауапкершілік тек кіріс айналымы анықталған жағдайда ғана қолданылады. Сондай-ақ декларацияны автоматты түрде тапсыру мүмкіндігі енгізіледі.
显示全部...
новости-копия.mp460.56 MB
4👍 3😱 1👌 1
00:16
视频不可用在 Telegram 中显示
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр Бүгін Алматыда Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Қаралы жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері және қала тұрғындары қатысып жатыр. Еске салайық, белгілі кино және театр әртісі, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден озды.
显示全部...
1223.mp419.00 MB
😭 9🕊 4 2😢 1🙏 1
02:04
视频不可用在 Telegram 中显示
🔵Аида Балаева: Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталды Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
«Мәдениеттің дамуы ең алдымен инфрақұрылымнан басталады. Биыл өңірлерде 61 мәдени нысанның құрылысы аяқталып, 251 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елорда тарихын зерттеудің маңызды орталығына айналатын Бозоқ археологиялық паркін құру жұмысы жалғасып жатыр. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас корпусы қайта жаңарды. Ал Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына арналған жаңа жатақхана құрылысы басталды», - деді Аида Балаева.
Бұдан бөлек Астана мен Алматы қалаларында белгілі үш жаңа өнер мектебінің инфрақұрылымын жаңарту мәселесі пысықталуда. 📌Айта кетейік, бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ұйымында 58 мыңнан астам маман қызмет етеді. 📺@qazaqstantv
显示全部...
1211-копия.mp4143.82 MB
7👍 3👏 2👌 1
照片不可用在 Telegram 中显示
🗓Қазақстандықтар қаңтар айында 12 күн демалады 2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Жаңа жыл мерекесіне орай ресми демалыс күндері – 1 және 2 қаңтар. Сондықтан қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалады. 📌Ал 7 қаңтар Рождествоға байланысты демалыс. Осылайша бес күндік жұмыс кестесінде қаңтарда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады. 📺@qazaqstantv
显示全部...
👍 7❤‍🔥 2👌 2 1
❄️Қар, жаңбыр, көктайғақ: 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Кей өңірде жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында және орталық бөлігінде қар жауады. Маңғыстау мен Атырау облыстарында қар аралас жаңбыр және жаңбыр жаууы мүмкін. Түркістан және Қызылорда облыстарында жаңбыр күтіледі. 📍Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 📍Маңғыстау, Қарағанды, Жетісу, Жамбыл, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында таңертең және кешке тұман түсуі ықтимал. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмен болады. 📺@qazaqstantv
显示全部...
5👍 2😱 2👌 1
照片不可用在 Telegram 中显示
🏞Кіші Талдыкөл маңындағы экопарк қашан салынады? Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Кіші Талдыкөл аумағындағы экопарк 2026 жылы салынады.
«Былтыр көгалдандыруға арналған бюджет жеткіліксіз болды. Нұра ауданындағы тұрғындардың пікірін ескере отырып, алдымен «GreenLine» жобасын аяқтау туралы шешім қабылдадық. Ал Талдыкөлдегі экопарк бойынша негізгі жұмыстар 2026 жылға жоспарланған. Оның басым бөлігі келесі жылы орындалуға тиіс, алайда кейбір жұмыстар 2027 жылға қалуы мүмкін», - деді қала әкімі.
📺@qazaqstantv
显示全部...
👏 9❤‍🔥 2 1🆒 1
01:59
视频不可用在 Telegram 中显示
📈Елордада халық саны 1,6 миллионнан асты Жыл сайын 100 мың адамға артып келеді. Тұрғынмен қатар көлік те көбейіп жатыр. 500 мыңға жуық автомобиль заңды тіркелген. Тағы 100 мыңға жуық көлік транзитпен елорда арқылы өтіп жатыр. ⭕️Көлік кептелісті азайту мақсатында 2027 жылы екі деңгейлі жол құрылысы басталады. Мұндай жобалар Токио сияқты алып шаһарларда бар. Шаһар басшысының айтуынша, Астананың дамуында оң динамика бар. Дегенмен, мәселе де жоқ емес. ↗️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
显示全部...
елорда нарезка.mp4142.85 MB
7
01:18
视频不可用在 Telegram 中显示
🏸«Елімізде спортпен шұғылдану мәдениеті қалыптасып келеді» «Ашық алаң» бағдарламасында «Batyr bolamyn» қоғамдық қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы көпшіліктің спортқа деген көзқарасы өзгергені жайында айтты.
«Соңғы уақытта елімізде спортқа деген көзқарас өзгеріп, спортпен шұғылдану мәдениеті қалыптасып келе жатқаны анық байқалады. Дегенмен халқымыздың 44 пайызы спортпен шұғылданады дегенге сене алмаймын», - дейді сарапшы.
📌Ал Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі Мейрамғазы Сапарғалиевтің айтуынша, 44 пайыз көрсеткіштің 30,4 пайызын құрайтын балалар болса, қалған бөлігі – ересектер. 📺Бағдарламаның толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
显示全部...
спортпен шұғылдану мәдениеті .mp465.33 MB
👍 6
00:25
视频不可用在 Telegram 中显示
🌄Алматы таулары түрлі түске боялды Трамплин маңындағы тауларға арнайы жарық орнатылған. Соның нәтижесінде түнгі уақытта ерекше көрініс береді. 📹: oliya_b
显示全部...
алматы тау сары видео.mp427.93 MB
12
照片不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿Ұлыбританиядан бір жасар Қазақстан азаматы елге қайтарылды ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар қыз бала елге аман-есен қайтарылды.
«Бастапқыда Ұлыбританияның құзырлы органдары сәбиді британдық отбасыға асырап беру мүмкіндігін қарастырғандықтан аталған жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті. Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Біз сәбидің жақын туыстарын анықтадық. Әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алуға ниетті екендерін білген соң оны Қазақстанға қайтару туралы шешімге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта бүлдіршін өз үйінде, туғандарының жанында», - делінген мәлімдемеде.
✅Сондай-ақ балаға қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік рәсімделген.
显示全部...
9🙏 2🤝 1
02:50
视频不可用在 Telegram 中显示
Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысы өтті Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру үшін 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар қабылданды. Онда түрлі бағыт бойынша бірнеше заң жобасын әзірлеу көзделген. Бүгін Астанада Құрылтай секцияларының отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жылдың негізгі қорытындыларына тоқталды.
显示全部...
Ұлттық құрылтай ).mp4140.17 MB
🤝 1
01:34
视频不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары
显示全部...
IMG_7196.MP471.06 MB
👍 4🤷‍♂ 1
00:37
视频不可用在 Telegram 中显示
1.55 MB
1
照片不可用在 Telegram 中显示
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті 🇰🇿Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
– Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән береді. Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді. – деді Мемлекет басшысы.
🇷🇺Владимир ПУТИН:
– Біз кешеден бері біраз жұмыс атқардық. Бүгінгі бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызметімізді және екіжақты ынтымақтастық жағдайын талқыладық. Дегенмен Сізбен Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніме қуаныштымын. Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді. Екі ел арасында шешілмеген немесе түйткілді мәселе жоқ. – деді Ресей Президенті.
显示全部...
6🤝 2
照片不可用在 Telegram 中显示
💉Стоматологиядағы бала өлімі: Кінәлі дәрігер сот залынан босатылды Астана соты абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қозғалған анестезиолог дәрігердің ісіне қатысты үкім шығарды. 📌Ол сот шешімімен екі жылға сотталған. Алайда рақымшылық заңына сәйкес сот залынан босатылды. Оған 3 жылға дейін медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. 🖇Еске сала кетейік, өткен жылы 30 қазанда Астана қаласындағы стоматологиялардың бірінде севоран препаратын қолдану арқылы тіс емдеу кезінде 3 жасар қыз қайтыс болған еді.
显示全部...
😨 7 1🤬 1